Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_параллель есептеулер.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

2.Параллель компьютерлерге сұраныс және параллель программалаудың даму кезеңдері

Параллель компьютер дегеніміз – есепті сандық түрде шешіп, үйлесімді шешуге қабілетті процессорлардың жиынтығы.

Параллельді программа – бұл әр процесс өзінің меншікті процессорныда жүріп қана қоймай, параллель орындалатын программа.

Есептеу жылдамдығы жоғары, е,септеу уақыты аз, сонымен бірге деректер массивін өңдей алатын сұраныс қай кезде де орын алып отырған. Бірақ компьютерлік технологияның дамуына байланысты параллель компьютерлерді дамыту техника мен экономика салаларына өте қажет болды. Жәй өмірден параллельділікке мысал келтірсек, көктем басталысымен, ағаш жапырақтарының барлығы бірге өркендей бастайды, ал оркестрде барлық әртүрлі аспаптар ойнағанда, бір ғана әуенді естиміз.

Параллельді компьютерлер мен параллельді есептеулер қолданылатын облыстарға тоқталсақ:

  • күрделі жүйені сандық модельдеуде: ауа-райын болжау, гендік инженерия, интегралдық схеманы жобалау, жаңалықтар, кезекті космосқа ұшырылу туралы жедел хабар, т.б.

  • бизнесте, коммерциялық салада: видеоконференциялар, параллель мәліметтер қоры, банктік транзакция, т.б.

  • техникада: медицина саласында, автоматты түрде диагноз қою, жер сілкінуді болжау, айналадағы ортаның ластануын анализдеу, дәрі-дәрмек препараттарын жасау, т.б.

  • білім беру саласында: кеңейтітген графика және виртуальды әлем, әсіресе, компьютерлік ойындар құрастыру.

Жоба жасаушылар параллельділікті қолдану кезінде көптеген қиыншылықтарға кезігуде. Себебі, компьютер жұмысы негізгі операцияны орындауға кететін уақытқа тәуелді. Ал, келіп түскен командалар мен мәліметтер ағынын бір мезгілде өңдеп отыратын процессор «тактілі циклмен» жұмыс жасау керек. Бұл қиыншылықтарды шешу үшін компьютер жобасын жасаушылар компьютерді күрделендіріп, түрлендіру үшін мынадай тәсілдерді қолдана бастады:

  • конвейерлі өңдеу (бірнеше команданың әртүрлі стадиялары бір мезгілде орындалады);

  • функционалдық модулдер жиынын кірістіру (бірнеше көбейткіштер, сумматорлар, және т.б. жеке командалар ағынымен басқарылады),

  • жеке процессоры, жадысы және логикалы өзара байланысты (желімен) «компьютерлер жиынының бірігуі».

Pentium III компьютерін 70 жылдардағы компьютерлермен салыстырғанда суперкомпьютер болып есептелетін еді, қазір ол атау мұндай компьютерлерге сай емес. Суперкомпьютерлердің өнімділігі жоғары және жедел жады мен дискілік жады көлемі үлкен болады. Қазірде дүние жүзінде 500 ең қуатты компьютерлердің арасында 1-ші орын алып отырған компьютер – ASCI WHITE. Оның архитектурасы – 8192 процессорлы , жедел жадысы 4 терабайт, өнімділігі – секундына 12 триллион операция жасайды. Әрине, бұл компьютерлердің құны да арзан емес, бірнеше миллион доллар тұрады. Осыншама қымбат компьютерлерді пайдаланатындай бізде қандай күрделі есептер бар? Ол есептер соншама маңызды ма? Осы сұрақтарға жауап беру үшін мынадай бір мысал қарастырайық.

  1. М ұнай өндіретін процесті қарастырайық. Жер асты резервуарлары қазылған скважиналардан тұрады, біреуінен мұнай сорылса, екіншісінен су төменге айдалады. Бізге мынадай есеп қойылады: осы резервуардан алынатын мұнайдың запасын анықтау керек немесе бізге қаншама қосымша скважина керек, осыны есептеу үшін біз схеманы қарапайым елестетейік. Резервуарды куб деп қарастырайық. Куб көлемі - 100х100х100 нүктелерден тұрады.Әрбір нүктеде орындалатын функциялар – жылдамдық, қысым, температура, компоненттің концентрациясы (су, газ, мұнай, т.б. ). Барлығы 5-20 функция (орташа-10). Бұл функциялар сызықты емес. Сондықтан оларды есептеу үшін 200-1000 операция орындалу керек (орташа -500). Жүріп жатқан процестер стандартты емес, сондықтан қадамдар саны 100-1000 (орташа-500). Сонда куб ішінде орындалатын арифметикалық операциялар саны:

106 (нүктелер)*10 (функция)*500 (операция)*500 (қадам)=2.5*1012, яғни 2500 млрд. арифметикалық операция. Әрине, мұндай операцияларды қарапайым компьютерлермен орындасақ қаншама уақыт кетер еді.

Бақылау сұрақтары

  1. Параллель компьютерлер дегеніміз не?

  2. Параллель есептеулер қандай салларда қолданылады.

  3. Суперкомпьютерлер дегеніміз не?

  4. Суперкомпьютерлердің қандай түрлері бар?

Әдебиеттер

  1. Воеводин Вл. Параллельные вычисления. Санкт-Петербург, 2002

  2. Грегори Р. Эндрюс. Основы многопоточного, параллельного и распределенного программирования. Пер. с. англ. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2003

  3. Акжалова А.Ж. Параллельные вычисления (учебное пособие). – Алматы, 2004

  4. Немнюгин С.А., Стесик О.Л. Параллельное программирование для высокопроизводительных многопроцессорных систем – СПб., 2002

2,3 - дәріс

Тақырыбы: Параллельділік.

Программалаудың екі моделі: Тізбектелген және параллель

Параллельді компьютерлер: аппараттық жабдықталуы.

Мақсаты: Параллельділік және программалаудың модельдері ұғымымен таныстыру.

Кілттік сөздер: параллельділік, тізбектелген, параллель, модель, дискілік жады, процессор, көп деңгейлі.

Жоспары:

  1. Параллельділік

  2. Программалау модельдері

  3. Параллель компьютерлердің аппараттық жабдықталуы