Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_параллель есептеулер.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.82 Mб
Скачать

Бақылау-өлшеу материалдары үлгілері

Бақылау-өлшеу материалдары мәтіні

1

Флинн таксономиясы. SIМD моделі:

А) командалар бір ағыны және мәліметтер көп ағыны;

В) командалар бір ағыны және мәліметтер бір ағыны;

С) командалар көп ағыны және мәліметтер бір ағыны;

D) командалар көп ағыны және мәліметтер көп ағыны.

2

Компьютердің жылдамдық амалын анықтайтын тактілік жиіліктің өлшем бірлігі:

А) МГц;

В) Гбайт;

С) Мбайт;

D) Байт;

3

Процессор разрядтылығы – бұл:

А) Бір тактіде өз регистрлерінде қанша деректер битін қабылдап және өңдейтіндігін көрсетеді;

В) тактілік жиілік;

С) ЭЕМ түсіндіре алатын бұйрықтар мен деректер тізбегі;

D) Қарапайым амалдар санын көрсететін өлшемдер жүйесі.

4

Гиперкубтың диаметрі неге тең?

А) log p ;

В) 2;

С) р-1 (р-процессорлар саны);

D) 1.

5

Параллель есептеудің жедел орындалуы (тиімділігі) мынадай шамамен анықталады:

А) бір процессорлы жүйеде есептеуге кететін уақыттың көп процессорлы жүйеде есептеуге кететін уақытқа қатынасымен;

В) параллель есептеуге кететін уақыттың процессорлар санына көбейтіндісімен;

С) процессорлар санының қосындысымен;

D) алгоритмнің тізбекті орындалуына кететін уақытпен.

6

Компьютер өнімділігі (операциялардың орындалу жылдамдығы) мына шамаға тәуелді:

А) процессор жиілігіне;

В) монитор экранының мөлшеріне;

С) пернеге басу жылдамдығына;

D) жүйелік блоктың өлшеміне.

7

Қандай модельді компьютерлерде командалардың орындалуы синхронды жүреді?:

А) SIMD модель;

В) SISD модель;

С) MIMD модель;

D) MISD модель.

8

Қазіргі компьютерлер қандай ғалымның принципі бойынша құрастырылған- :

А) Джон Фон Нейман;

В) Говард Эйкен;

С) Блез Паскаль;

D) Конрад Цузе.

9

Қандай операциялық жүйелер болмайды?

А) Көлемді және супер-ОЖ;

В) командалық және графикалық;

С) қарапайым және көпдеңгейлі;

D) желілік және локалды.

10

Процессор ақпаратты ... өңдейді:

А) екілік кодта;

В) мәтін түрінде;

С) ондық санау жүйесінде;

D) схема түрінде.

БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

%

Балды баға

Әріптік баға

Дәстүрлі баға

Білім алушылардың білімін бағалау өлшемдері

100 – 95

4,0

A

Өте жақсы

Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы әрі дұрыс орындаған және есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, бақылау, коллоквиум тапсыруда қателіктер жіберменген, үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

94 – 90

3,67

А-

89 – 85

3,33

B+

Жақсы

Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақтылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиум мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, негізсіз ескертулер болған және студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

84 – 80

3,0

B

79 – 75

2,67

B-

74 – 70

2,33

C+

Қанағаттанарлық

Бұл баға студентке, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

69 – 65

2,0

C

64 – 60

1,67

C-

59 – 55

1,33

D+

54 – 50

1,0

D

49 – 0

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке, ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІ ШКАЛАСЫ

бақылау түрлері

апта

мах балл

1

2

3

4

5

1

Сабаққа қатысым

*

*

*

*

*

100

2

Ағымдық бақылау

*

*

*

**

*

100

3

Аралық бақылау: коллоквиум,

тест

**

**

100

Барлығы:

100