- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
Жер қабығының геологиялық құрылысы, геофизикалық сипаттамасы және химиялық құрамы ерекшеліктеріне байланысты оны үш типке бөледі: континенттік, мұхиттық және аралық.
Континенттік тип материктерге, теңіздер мен мұхиттардың таяз сулы шетіне (шельф) және үлкен аралдарға тән. Қабықтың орташа қалыңдығы 35-40 км, таулы аймақтарда 50-70 км, тіпті 75 км-ге жетеді. Әдетте оның құрылымында үш қабат белгіленеді: шөгінді, гранитті және базальтты, соңғы екі қабат шымырланған қабық деген түсінікпен біріктіріледі.
Шөгінді қабатта қума толқындардың жылдамдығы 2,0-5,0 км/с. Қабаттың стратиграфиялық көлемі жоғарғы протерозойдан голоценге дейін, уақыт аралығында 1700 (тіпті 2500) млн жылды қамтиды. Қалыңдығы 20-25 км-ге жетеді. Қабаттың табаны көне платформалар фундаметінің бетіне сәйкес.
Гранитті (гранитті-метаморфтық, гранитті-гнейсті) қабат континенттік қабыққа ғана тән ерекше қабат. Қума толқындардың жылдамдығы 5,5-6,5 км/с. Көптеген аудандарда ол ашылма түрінде жер бетіне шығып жатады. Қабат қышқыл магмалық және метаморфтық (гнейстер, слюдалы тақтатастар ж.б.) жыныстардан тұрады. Гранитті-метаморфтық қабаттың қалыңдығы жазық ойпаттарда 15-20 км, таулы өлкелерде 25-30 км-ге жетеді. Кейбір жерлерде гранит қабаты сүйірлене тамамдалып базальттық саңылаулар деп аталатын құрылымдар пайда болады (Каспий маңы синеклизасы). Гранитті қабаттың табаны Конрад деңгейі деп аталады. Бірақта кейбір деректер бойынша гранитті және базальтты қабаттарының айырық беті айқын белгіленбейді, не жоқ деуге болады. Шымырланған қабықта бұрғыланған аса терең Қола ұңғысы 12 км тереңдікке дейін Конрад деңгейін кездестірмеді, ал геофизикалық мәліметтер бойынша ол 7 км шамасы тереңдікте белгіленген еді.
Базальтты (гранулитті-базитті) қабат жер қабығының төменгі бөлігін қамтиды, қума толқындардың жылдамдығы 6,5-7,5 км/с. Қабаттың қалыңдығы 40 км-ге жетеді.
Н.И. Павленкова ұсынған моделде шымырланған қабықта К1 және К2 деңгейлерімен шектелген үш қабат белгіленеді, оларға сәйкес қума толқындардың жылдамдығы 5,5-6,4; 6,4-6,7; 6,8-7,6 км/с. Бұл қабаттар гранитті, диоритті және базальтты деген шартты атаулар алады. Шын мәнінде табиғи ашылмалар және бұрғылау деректері бойынша жоғарғы қабаттың ғана құрамы белгілі. Сеймикалық айырық беттері жиі жағдайда аймақтық метаморфизм немесе тау жыныстарының жоғарғы дәрежелі ұсақталу және өткізгіштік зоналарының шекарасы ретінде қарастырылады, ал жыныстардың химиялық құрамы өзгермеуі мүмкін.
Мұхиттық қабық өзінің құрылысымен континенттік типтен тым өзгеше. Ол үш қабаттан тұрады: бірінші (шөгінді), екінші (базальтты), үшінші (габбро-серпентиниттті).
Бірінші қабат мұхит-теңіз табанындағы тығызыдығы 2,0 г/см3 шамасы шөгінділерден тұрады, қума толқындардың жылдамдығы 2,0-2,5 км/с. Қалыңдығы мұхиттың орталық бөліктерінде 1 км-ден аспайды, ал шет жағында айтарлықтай көбейеді. Шөгінді қабаттың стратиграфиялық көлемі төменгі юрадан голоценге дейін (180 млн. жыл).
Екінші қабат сирек кездесетін жұқаланған шөгінділермен қабаттасқан базальттан тұрады, оның төменгі бөлігінде долерит дайкалары дамыған. Қума толқындардың жылдамдығы 2,2-5,5 км/с, қабаттың қалыңдығы 1,5-2,0 км.
Үшінші (габбро-серпентинитті) қабат мұхит табаны бойымен кең тараған. Қабат қалыңдығы 5,-6 км, қума толқындардың жылдамдығы 6,0-7,2 км/с.
Үстіңгі екі қабаттың құрылысы мен құрамы терең сулы бұрғылау жұмыстарымен сипатталған, үшінші қабаттың құрамы драгалау деректерінен белгілі.
Аралық қабық И.П. Косминскаяның ұсынысы бойынша белгіленеді. Оның екі тип тармағын ажыратады: субконтиненттік және субмұхитық.
Субконтиненттік қабық аралдық доғаларға тән. Оның құрылысында гранитті қабаттың қалыңдығы қысқартылған, базальтты қабатпен шекарасы айқын байқалмайды. Жалпы қалыңдығы 30-35 км.
Субмұхиттық қабық шеткі және кейбір ішкі теңіздерде (Каспий теңізінің оңтүстік бөлігі, Қара, Охот теңіздері) кездеседі. Бұл қабық шөгінді қабаттың қалыңдығының ұлғаюымен (20 км-ге дейін) сипатталады. Субмұхитты қабықтың жалпы қалыңдығы 30-35 км
