- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
Жер дамуының бастапқы кезеңін былай бейнелеуге болады (Хаин ж.б, 1997). Жер бетінде ай реголиті типтес «үйілген» материалдан қабық қалыптасады, оның қалыңдығы ондаған метрге жетіп Жер жылуын ұстап қалуға жақсы экран болған. Бұл жағдай радиоактивтік элементтердің ыдырауынан бөлінген жылумен бірге қабықтың қыза түсуіне мүмкіндік береді. Осы уақытта Жер беті ірілі-кішілі метеориттердің күшті атқылауына ұшыраған. Салдарынан қабық онан сайын қыза түсіп нағыз магмалық балқымалар пайда болу мүмкіндігі туған. Бұл жағдай шамамен 4,0 млрд. жыл бұрын орын алған. Сол уақыттағы Жер беті ландшавты қазіргі Айдың бетіне сәйкес болуы мүмкін. Жердің дамуының бұл кезеңі Ай тәріздес стадия деген атау алған (А.П. Павлов бойынша). Жер бетіне негізді және аса негізді магма төгіліп, алғашқы Жер қабығы пайда болады. Оның құрамы базальт, андезит-базальт, анортозиттер болуы ықтимыл, бірақ олар кейінгі денудациялық процестердің әсерінен жойылып кеткен.
Осы кезеңде мантиядан көп мөлшерде ұшпа заттар бөлініп, атмосфера және гидросфера қалыптаса бастайды. Бірінші су бассейндерінде сынықты және хемогенді шөгінділер шоғырланады, кейін олар метаморфтық процестерге ұшырап гнейстерге, слюдалы тақататастарға өзгереді. Өте көне гнейс кешендері кесе-көлденең ені жүздеген км-ге жететін гранит-гнейс күмбездерін құрастырады. Олар бірігіп планетаның бірінші гранит қабығын құрастырған, ал оның қалыптасу кезеңі нуклеар сатысы деп аталады (Е.В. Павловский бойынша). В.П. Гаврилов (1986) жердің геологиялық даму тарихын екі мегастадияға бөлуге ұсынады: мұхитттардың пайда болуына дейінгі және мұхиттық. Жердің геологиялық тарихы мұхиттардың пайда болуы, олардың даму жолында континентке ауысуымен анықталды. Мұхиттарға дейінгі мегастадия тектоникалық құрылымдар түрінде мұхиттар мен континенттердің болмауымен сипатталады. Оның негізгі геологиялық нәтижесі бастапқы континенттік қабықтың пайда болуы. «Гранит» және базальт қабаттарынан тұратын қабық Жер мантиясын түгелдей жауып тұрған.
Архейден бастап планета жаңа-мұхиттық мегастадияға көшеді, бұл кезең осы күнге дейін созылып келеді. Мұхиттық мегастадияға геологиялық мұхиттардың, ал кейінірек континенттердің пайда болуы тән. Архейде бастапқы литосфера белсенді түрде деструкцияға ұшырап, көне мұхиттар салынып дамыған. Литосфераның геологиялық құрылымдары түрінде ол кезде континенттер әлі болмаған. Сөйтіп мұхиттық мегастадияның бұл кезеңін алғашқы мұхиттық стадия ретінде қарастыруға болады.
Алғашқы протерозойдың соңында көне платформалардан тұратын бірінші континенттер пайда болады. Мұнан кейінгі литосфераның дамуын бұрынғы мұхиттардың орнында континеттер түзеліп, соңынан келетін кезектегі деструкция әсерінен жаңа мұхиттар салынатын жүйелі және өзара байланысты процесс ретінде бейнеленеді. Осымен байланысты Жердің геологиялық тарихының қалған кезеңін (2 млрд. жыл) мұхиттық-континенттік стадия деп белгілейді. Мұхиттық мегастадиядағы геологиялық даму процесінің сипаты эволюциялық-циклдік болады. Жердің геологиялық тарихында мұхиттардың пайда болуынан бірнеше циклі белгіленеді, олардың әрқайсысы жаңа континеттердің пайда болуымен немесе бұрынғыларының ауданының айтарлықтай өсуімен аяқталады. Сонымен бірге жекеленген континенттер бірігуге және біртұтас суперматерик құрастыруға бағытталған. Сөйтіп әрбір мұхиттық цикл материктердің бірігуімен аяқталады, ал кейінірек ол қайтадан бұзылысқа ұшырап, жаңа мұхиттар айыстары салынады. Соңғы 2 млрд. жыл аралығында үш рет глобалды мұхитжаралу процесі болған: соңғы протерозой, палеозой және мезозой-кайнозой. Мұхитжаралудың әрбір кезеңі материктердің пайда болуымен және олардың суперматерикке бірігуімен аяқталған: протерозойдың соңында және палеозойдың соңында.
Мезозой-кайнозой мұхитжаралу кезеңі әлі аяқталған жоқ. Сонымен литосфера эволюциясының неогендегі толық циклін мұхитжаралу және континентжаралу жиынтығы түрінде қарастыруға болады.
