Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.62 Кб
Скачать

29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі

Литосфераның даму тарихын жаңа теорияға сәйкес бірінші боп ұсынған канадалық геофизик Дж. Вильсон (1966 ж.) болған. Мұхиттың негізінің салуынан бастап оның жабылуына дейінгі оқиға – жағдайлар бүгінгі күні «Вильсон циклі» түрінде белгілі.

Қазіргі континентттер мен мұхиттардың қалыптасуы біртұтас алып континенттің жарылып бөлініп оның бөлшектері әр түрлі бағытта алшақтап қозғалуының нәтижесінде болған.

Континенттің бөлінуінің бірінші сатысында рифт аңғары пайда болады. Олар созылу кернеу әсерінен континенттің бұзылу жағдайында қалыптасады. Рифт аңғарының орталық бөлігі – грабен құрылымы төмен бағытта түседі, ал шеткі бөліктері көтеріледі. Грабен қалыпты лықсымалармен шектелген. Рифт аңғарларының мысалы ретінде Шығыс Африкалық рифт жүйесін қарастыруға болады. Бірақ, рифт аңғарларының кейбіреулері ешқашан мұхит ойпаңдарына дейін ашылып жетпейді, себебі екі жаққа алшақтап қозғалу процесі тоқталып қалуы мүмкін.

Кейбір жағдайларда горизонталь бағыттағы кернеу сақталып, салдарынан созылу әрі қарай дамиды. Континенттің бөлуінің екінші сатысында мұхит түбінің спрединг орталығы-мұхит жотасы қалыптасады. Рифт аңғарын шектейтін қалыпты лықсымалар жаңадан пайда болған мұхиттың шекарасын белгілейді. Жоғары көтерілген мантия затының бір бөлігі балқымаға айналып жаңа мұхиттың қабық және мұхитты жоба пайда болады. Мысалы, Қызыл теңіз. Мұхит түбінің алшақтауының нәтижесінде спрединг орталығынан мұхит қалыптасады.

Мұхит түбінің континент жағалауында көшеленеді, салдарынан литосферада тығыздалады, қалыңдығы ұлғаяды.

Соңында литосфера айтарлықтай тұрақсыздық деңгейіне жетіп төмен қарай майысу жағдайында тереңсулы науа пайда болып, субдукция басталады. Мұхиттық плита құрлық астына сүңгіп батады.

Уақыт аралығында субдукция процесінің жылдамдығы спредингтен басым болған жағдайда мұхиттың мөлшері кішірейе бастайды. Соңында мантияға мұхит жотасы батып кетеді. Жотаның субдукциясы қазіргі уақытта Солтүстік Американың батыс жағалауында байқалады. Бұл жерде Тынық мұхит плитасымен Хуан-де-Фазка («Фраллон») плитасын шектейтін жотаның жұрнағы орналасқан. Бұл жотаның солтүстік бөлігі Алеут науасына батып кеткен, ал оңтүстік бөлігі Калифорнияның батыс жағалауымен түйіскен. Орталық жота батып кеткеннен кейін мұхиттық плитаның қалған бөлігі субдукция процесінің нәтижесніде жойылып континенттердің соқтығысу процесі-коллизия басталады.

30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі

Жер шарының нақтылы аймағы литосфераның дамуының толық циклі В.П. Гавриловтың пікірі бойынша екі кезеңнен тұрады: мұхитгенез және континентгенез. Бірінші кезең екі стадияға бөлінеді: мұхиталды және мұхитық, екінші кезең үш стадияға бөлінеді: эпимұхиттық, платформалық. Даму стадиялары өз кезегінде фазаларға бөлінеді. Белгіленген кезеңдер мен стадиялардың қысқаша сипттамасы В.П. Гаврилов бойынша келтірілген.

Мұхитгенез – бұрын болған Жер қабығының (әдетте континеттік) бөлшектену және деструкция процесі. Бұл процесс рифтогенез және мұхиттық жаңа қабықтың қалыптасуы, сонымен бірге спрединг түрінде байқалады. Мұхиталды стадия континент жағдайында басталады. Қызған мантия затының көтерілуі кезінде литосферада щң-донес иілімдер түзіледі, салдарынан литосфера жарықтанып, жарылымдар пайда болады. Жарылымдар бойымен негізгі және ультранегізді магмалар Жер қойнауына кірігеді және Жер бетіне төгіледі. Бұл фазаға (литосфераның бастапқы деструкция фазасы) әдетте трапп формациясы тән. Келесі фаза (континенттік рифт) келесі фаза созылу және ажырама құрылымдарының пайда болуы мен ерекшеленеді. Жекелленген рифттер континент ішіндегі жүйелерге бірігеді, олар бедерде грабен, көл бассейндері, өзен аңғарлары түрінде бейнеледі.

Нағыз мұхит стадиясы мұхиттың ашылуымен белгіленеді. Басында бұл құрылым грабен тәрізді тар континентаралық теңіздер (теңіздік рифт фазасы). Спрединг процесінің белсенділігінің күшеюі теңіз табанының одан әрі алшақтануына әкеліп, теңіз ауданы ұлғайып мұхитқа ауысады – спрединг фазасы. Ішкі энергия көзінің әлсіреуі субдукция және обдукцияның дамуына келеді. Алғашқы кезде олар спрединг пен бірге жүреді (жартылай субдукция фазасы), ал соңынан басым түседі толық (субдукция фазасы). Осы екі фаза дәстүрлі геосинклинал процесіне сәйкес келеді.

Толық субдукция кезеңінде мұхит жабылады, ал оның орнында қатпарланған төбелі құрлық түзіледі. Бұл аймақтың Жер қабығы континенттік келбет алып, аймақтың дамуында кезекті жаңа кезен басталады (континентогенез).

Континентогенез – бұл континенттік қабықтың нығайып орнығу және қалыңдану процесі. Эпимұхиттық стадия қатпарлы тау құрылымдарының қалыптасуымен сипатталады. Бедердің тегістелуі тектоникалық белсенділіктің азайуы платформалық стадияға өтуге әкеледі. Платформалық стадия ішінде кратондау (көне платформалар үшін) авлокогендік, синеклиздік және плиталық фазадан кейін келеді. Ол тектондық қарқындаумен бейнеленеді, салдарынан платформалық учаскелер белсенді түрде тау жаралу процестеріне шалдығады.

Қарастырылған литосфера эволюциясы геотектониканың қазіргі идеяларына сәйкес литосфераның дамуын бейнелей әрекеті. Айта кететін жағдай, литосфераның дамуы өте күрделі проблема болып саналады, көптеген деректердің жиналу барысында және түрлі көзқарастардың жақындасуы жинақтап қорытылған литосфераның басты даму кезеңдерінің моделін жасауға мүмкіншілік туғызады деген сенім бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]