- •1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері
- •2.Жердің ішкі құрылысы, зерттеу әдістері
- •3.Жер қабығы, оның типтері, мұхиттық, континенттік.
- •4.Қазақстанның жер қабығы. Каспий ойпатының жер қабығы.
- •5.Литосфера және астеносфера.
- •6. Жер энергетикасы
- •7.Жер геосфераларының негізгі шектері, сипаттамалары
- •8.Литосфера және жер қабығының негізгі құрылымдық бөлімдері. Мұнайгаздылығы
- •9.Мұхиттар мен континенттердің жалпы сипаттамасы
- •10.Геотектоникалық болжамдар. Фиксизм болжамдары.
- •11.Мобилизм болжамдары. Вегенер болжамы
- •12.Конвекция оның түрлері. Мантия конвекциясының моделі
- •13.Литосфералық плиталар тектоникасы
- •14.Плита шектері
- •15.Басты және кіші литосфералық плиталар
- •16.Ыстық нүктелер болжамы
- •17.Плиталар шектерінің типтері
- •18.Дивергентті шектер. Спрединг процесі
- •19.Конвергентті шектер. Субдукция
- •20.Субдукция түрлері. Аралдық доғалық субдукцияның анды типі
- •21.Обдукция туралы түсінік.
- •22.Коллизия процесі. Мысалдар
- •23.Континенттердің пассивті шеттері. Мұнайгаздылығы
- •24.Мұхит орталық жоталардың сипаттамасы
- •25.Өтпелі зонаның сипаттамасы
- •26.Трансформды шектер
- •27.Қозғалмалы белдеулер. Орнықты массивтер
- •28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
- •29.Литосфера эволюциясының Виьсон циклі
- •30.Литосфера дамуының толық геодинамикалық циклі
- •31.Жердің дамуының негізгі кезеңдері және сатылары
- •32.Платформалар, олардың құрылуы, дамуы
- •33,37.Грабен және рифт түсініктері
- •34,38.Континенттік рифт, мұхиттық рифт
- •35.Литосферада мұнайгаздың пайда болуының геодинамикалық моделдері. Рифтогендің, субдукциялық – обдукциялық моделдері.
- •36.Мұнайгаздың пайда болуының дәстүрлі депрессиялық моделі
- •39.Мұнайгазгеологиялық аудандастыру
- •40.Шөгінді бассейндер олардың эволюциясы
- •41.Шөгінді бассейндердің жіктемесі
- •42.Шөгінді бассейндердің қалыптасуы
- •45.Тауалды ойыстар, олардың дамуы, мұнайгаздылығы. Орал алды ойысы
- •46.Тауаралық ойыстар. Ферғана ойысы
- •47.Каспий маңы бассейні
- •49.Оңтүстік Маңғышлақ
- •50.Солтүстік Үстірт.
- •52. Зайсан
- •53.Тектоникалық қозғалыстар түрлері, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •54.Қатпарлы құрылымдар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •55.Жарылу бұзылыстар, мұнайгаз геологиясындағы ролі
- •56.Тұздардың пайда болуы, мг геологиясындағы ролі
- •57.Тұз күмбездердің қалыптасуы, мг геологиясындағы ролі
- •58.Құрылымдық карталар, мазмұны, маңызы.
- •59.Қазақстанның алып және ірі мг кенорындары
- •60.Жердің жаралуы туралы түсінік. Жер эволюциясының моделі
28.Орогендер, олардың түрлері, эволюциясы, мұнайгаздылығы
Орогендер – анық белгіленген таулы бедерлі созыңқы құрылымдар. Орогендердің жылжымалылығы тік бағытталған жоғары көтерілу қозғалыстар, жазық қозғалыстар, сейсмикалық процестер, кейде магматизм түрінде көрінеді. Тау жүйелері континенттерде де, мұхиттар түбінде де белгілі болғандықтан, орогендер континенттік және мұхиттық деп бөлінеді.
Жоғарыда келтірілген мəліметтерден шығатын қорытынды – орогендік белдеулер, яғни қазіргі таңдағы орогенез облыстары бұрынғы мұхит жағалауларының соқтығысу сызығына сəйкес келе отырып, литосфералық тақталардың «конвергенттік шекараларын» ғана белгілеуі тиіс. Алайда жер шарының қазіргі келбетінде аталған шекаралардан тыс орналасқан ірі-ірі тау тізбектері ұшырасады. Міне, осындай таулы облыстар тізбегін геологиялық əдебиетте «континентіштік орогенез облыстары» немесе «эпиплатформалық орогенез белдеулері» деген терминдерімен белгілейді. Мұндай облыстардың бізге етене жақын жəне мейлінше жарқын мысалы ретінде Орталық Азияның эпиплатформалық орогенез белдеуін атауға болады. Бұл белдеу Азия материгін оңтүстік жағынан жиектей отырып, мыңдаған км қашықтыққа сағаланады. Аталған белдеу ауқымына кіретін тау тізбектері мыналар: Памир, Гиндукуш, Тянь-Шань, Куньлунь, Наньшань, Циньлин, Алтай, Саян, Байкал маңы, Байкал сырты жəне Становой жотасы. Бұл тау тізбектері Еуроазияны оңтүстігінен жиектейтін, геологиялық əдебиетте «Əлпі–Гималай қатпарлы белдеуі» деп аталатын таулы белдеудің шығыс бөлігінің солтүстік жапсарын жиектей жəне шығыс бөлігін жалғай созылады. Əлпі–Гималай қатпарлы белдеуі «шынайы ороген» («первичный ороген») деген түсінікпен оқшауланады, яғни бұл белдеуге тиесілі Əлпі, Қырым, Кавказ, Гималай, Тибет таулары, өзге де тау тізбектері Еуроазия материгінің Үндістан-Австралия литосфералық тақтасымен соқтығысуы (коллизия) нəтижесінде қалыптасқан шын мəніндегі ороген болып табылады, сондықтан да бұл тізбек осы екі алып тақтаның соқтығысу сызығын (конвергенттік шекарасын) белгілейді. Ал «Орталық Азияның эпиплатформа- лық орогенез белдеуіне» тиесілі тау тізбектері «қосалқы ороген» («вторичный ороген») деген сөз тіркесімен белгіленеді. «Шынайы орогендердің» геодинамикалық табиғаты литосфералық тақталардың соқтығысу сызығын белгілей отырып, шын мəніндегі коллизия процесінің нəтижесінде қалыптасса, сөйтіп олар соқтығысқан тақталардың конвергенттік шекараларын белгілесе, «қосалқы орогендердің» геодинамикалық табиғатын біржақты тұжырымдар тұрғысынан түсіндіру оңайға соқпайды. Сондықтан да əлдеқашан платформалық даму сатысына ауысқан континенттік литосфералардың ішкі өңірінің тектоникалық тұрғыдан «кенет жандануы», сөйтіп бұрынғы платформаның ішкі өңірлерінде тектоникалық, кейде магмалық белсенділіктермен сипатталатын биік-биік тау жоталарының қалыптасу механизмі жайлы болжамдар алуан түрлі болып келеді. «Қосалқы орогендер» өздерінің геоморфологиялық ерекшеліктері жағынан «шынайы орогендерден» тіпті де кем соқпайды. Мəселен, қосалқы орогендердің жарқын өкілі болып табылатын Тянь-Шань, Памир, Куньлунь тауларының жекелеген шыңдарының биіктігі 7 км-ден астам. Кристалдық іргетасы толық тұрақтанған.
