Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Геодинамика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
192.62 Кб
Скачать

1.Геодинамиканың мазмұны, міндеттері

Геодинамика геологиялық пәндерінің жалпы геологиялық және мұнай-газ геологиясын байланыстыратын буын ретінде қарастырылады. Курстың мақсаты Жер қойнауының динамикасы туралы түсініктер беру, геологиялық процестерді физика-математика ғылымдар заңдарымен байланыстырып соның негізінде көмірсутектердің жаралу тегіне қазіргі көзқарастарды баяндау.

Курс бойынша қарастырылатын негізгі мәселелер

-Жер қойнауының петрофизикалық және геохимиялық ерекшеліктері

- Жер ядросы мен мантияның геодинамикалық ерекшеліктері

- Мантия конвекциясының механизмі

- литосфералық плиталар тектоникасы, оның мазмұны, механизмі

- плиталар шегінің типтері

- Жердің эволюциясының моделі

- көмірсутектердің (КС) қалыптасуының геодинамикалық процестермен байланысы

Соңғы жылдарға дейін геология негізінде континенттердің құрылысы мен дамуын зерттеген. 20 ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап мұхит ойпаңдарының құрылысы туралы көптеген мәліметтер жиналуының нәтижесінде геологтар тұтас Жердің құрылысы мен дамуын зерттеп тануға мүмкіншілік алды. Осы зерттеулердің нәтижесінде жаңа теория – Литосфералық плиталар тектоникасы қалыптасты. Бұл теория бойынша Жер қабығы мен жоғарғы мантияның негізгі құрылымдарының пайда болуы литосфераның бірнеше плитасының горизанталь бағытта орын ауыстырып қозғалысының нәтижесі екені дәлелденді.

Геодинамика пәнінің бірін-бірі толықтыратын бірнеше анықтамасы бар. Геодинамика Жердің даму нәтижесінде пайда болатын тереңдік күштер мен процестерді, олардың әсерінен Жердің ішкі және жоғарғы қабаттарындағы Жер заты мен энергиясының орын ауыстырып қозғалуын зерттейді (Зоненшайн Л.П.).

Геодинамика Жер қабығы, мантия және ядродағы қозғалыстарды, деформацияларды және олардың себебі зерттейді (Теркот Д.Л., Шуберт Дж.)

Геодинамика геофизикалық әдістер, математикалық және физикалық моделдер құрастыру арқылы Жердің эндогендік белсенділігін және құрылымдық өзгерістерін айқындайтын процестердің сипатын және даму заңдылықтарын бейнелейді.

Геодинамика жалпы және жекеленген түрлеріне бөлінеді.

Жалпы геодинамика Жердің ішкі бөліктеріндегі заттың тереңдік қозғалыстарын және оларды туғызатын процестерді қарастырады. Бұл мәселелерді шешуде геодинамика жанама мәліметтерді және теориялық болжамдарды қолданады.

Жекеленген геодинамика литосфералық плиталар тектоникасына негізделген, оның негізгі міндеті геологиялық процестерді – магматизм, деформация, плиталардың шектеріндегі бедердің қалыптасуын литосфералық плиталардың қозғалыстарымен байланыстыру.

Аймақтық геодинамика литосфераның нақтылы учаскелеріндегі процестерді қарастырады. Геологтар көпшілік жағдайда бір территорияның геодинамикасын айқындауға тырысады.

Тарихи геодинамика немесе палеогеодинамика – геологиялық көне кезеңдердің геодинамикасын бұрынғы қалпына келтіру зерттеулерін қарастырады.

Геодинамиканың теориялық және практикалық маңызы зор. Теориялық жағынан қарастырғанда геодинамика литосфераның даму кезеңдері мен сатыларын айқындап әр түрлі масштабты құрылымдардың пайда болу жағдайларын түсіндіреді. Сонымен бірге тұтас Жердің жалпы даму теориясын қарастыру бағытында зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Практикалық жағынан геодинамика теориялық тұжырымдарға негізделе отырып әр түрлі пайдалы қазбалардың, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының жаралу тегін және орналасу ерекшеліктерін айқындап, тиімді түрде іздестіру және барлау жұмыстарының бағытын белгілейді.

Мұнай-газ саласында қазіргі геологиялық концепциялар негізінде, Қазақстан мұнай-газ бассейндерінің геодинамикалық моделдерін жасау арқылы, кешенді түрде мұнай-газды ресурстарын болжау жұмыстарын жүргізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]