Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлемдік экономика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆

15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.

XX ғасырдың соңында ұлттық экономикалар мен дүниежүзілік шаруашылық тығыз, әрі терең байланысып, бір-бірін өзара толықтырды. Нәтижесінде барлық ұлттық экономикалар ашық бола түсті. «Ашық экономика» түсінігінің өзі шаруашылық өмірдің интернационализациялануының күшеюіне орай өзгерістерге ұшырады. Алғашқы екі соғыстан кейінгі онжылдықта «ашықтық» деп экспорттық және импорттық квотаның (экспорт пен импорттың ЖІӨ-ге қатынасы) белгілі бір мәні (әдетте 10%-дан жоғары) айтылды. Әлемдік шаруашылық байланыстары нысандарының дамуы «ашық экономика» түсінігінің өзін күрделендіре түсті. Ашық экономикасы бар елдердің қатарына тек халықаралық саудаға ғана емес, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының басқа да нысандарына, ең алдымен, халықаралық капитал және валюталық-есеп қатынастарына белсенді түрде қатысушы елдер жатқызыла бастады. Ұлттық шаруашылықтардың ашықтылық деңгейі үдемелі түрде өсуде. Мысалы, АҚШ-та ЖІӨ-дегі экспорт үлесі 1960 жылғы 5%-дан 90-шы жылдарға дейін шамамен 10%-ға өсті. Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметтері бойынша, ағымдағы онжылдықтың басынан әлемдік өндіріс өсімінің 10%-на әлемдік сауда өсімінің 16%-ы келеді. Ұлттық экономикалық ағза тиімді әрекет етуі үшін сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Осыған орай, егер де мемлекет жабық халықтық-шаруашылық жүйесінде әрекет ететіндігін негізге алып, өзінің макроэкономикалық саясатын жүзеге асыра алмаса, экономика ашық болады. Басқаша айтқанда, қандай да бір экономиканың ашықтылығына қажетті шарт болып күшті сыртқы экономикалық шектеулердің болуы табылады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының кеңеюінен негізгі пайданы жекелеген елдер шаруашылықтарының ең бәсекеге қабілетті буындары, соның ішінде ТҰК мен көптен бері экспорттық бағыттағы компаниялар алады. Олар өте ұтымды жағдайда болады: сыртқы экономикалық операциялар компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін өндіріс шығындарын төмендете, нарықтарды кеңейте, пайданы көбейте отырып, одан әрі күшейте түседі. Сәйкесінше, шаруашылық өмірдің әрі қарай жаһандануына мүдделі компаниялар ашық экономика моделінің озықтығын ерекшелей түседі. Ұлттық экономикалардың әлемдік шаруашылықпен өзара әрекеттесуі. Ұлттық шаруашылықтың көпшілік буындары — даму бойынша артта қалушы салалар мен аймақтар, ұсақ және орта жергілікті кәсіпкерлер — әлемдік шаруашылықпен өзара әрекеттесудің күшеюінің нәтижесінде күрделі жағдайға тап болады. Аталған буындарға импорттық өнімнің бәсекелестігі, елдегі шетелдік компаниялардың өндірістік қызметінің кеңеюі, және де отандық ТҰК күшеюінің салдары кері әсерін тигізеді. Сондықтан да осы топ ұлттық шаруашылық кешеннің неғұрлым аз ашылуына мүдделі. Олардың көзқарастары, әдетте, тәуелсіз саясатты жүргізу үшін ұлттық шаруашылық құрылымының тұтастығын сақтаудың маңыздылығын ерекшелейтін «мемлекеттік мүдделерді» жақтаушылардың ұстанымымен ұштасады. Осы себепті, жекелеген мемлекеттер үшін әлемдік шаруашылыққа интеграциялану — экономикалық даму басымдылықтарының ауысу, шаруашылық құрылымдар мен реттеу механизмдерінің түрөзгерісінің ұзақ және күрделі үрдісі. Әрбір мемлекеттің сыртқы экономикалық бағытының күшеюінің салдары, көбінесе, олардың әлемдік шаруашылықтағы ұстанымына байланысты. Халықаралық еңбек бөлінісі белгілі бір тарихи кезеңде алдыңғы қатарлы өнідірстік мүмкіндіктерге ие болған мемлекетпен құрылды. Машина өндірісі Англияны әлем ұстаханасына айналдырғаны белгілі. Ірі сериялы стандартты өндіріс дүниежүзілік шаруашылық байланыста АҚШ-ты бастауыш рольге кенелтті. Осы заманғы ғылыми-техникалық прогресс Жапонияға артықшылықтар берді. Қалған мемлекеттер өз шаруашылығының сыртқы экономикалық бағытын көшбасшының қажеттіліктеріне қарай жасады.