
- •Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
- •3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
- •4. Халықаралық экономикалық қатынастардың нысандары мен олардың өзара байланысы.
- •Әлемдік экономиканың постиндустриализациялануы. Әлемдік экономиканың трансұлттануы.
- •Әлемдік экономиканың аймақтануы мен интеграциялануы.
- •Экономиканың жаһандануы: мәні мен даму факторлары. Экономиканың жаһандануының әлеуметтік-экономикалық салдары.
- •Әлем елдері топтарының негізгітиптері мен критерийлері. Әлемдік Банктің әлем елдерінтоптастыруы. Жіө есептеудің әдістері.
- •Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық және оны жеңудің жолдары.
- •Әлемдік экономиканың табиғи-ресурстық әлеуеті. Әлемдік шаруашылықтағы табиғи ресурстардың біркелкітаралмауы.
- •Әлемдік экономикадағы еңбек ресурстары: түсінігі, құрылымы. Еңбек ресурстарының біркелкітаралмауы: қазіргі кездегі үрдістері.
- •Әлемдік экономиканың қаржылық ресурстары: түсінігі мен құрылымы. Әлемнің қаржылық ресурстарын қайта бөлу механизмі.
- •1997 Жылғы – Азиялық дағдарыс
- •2008 Жылғы әлемдік қаржы дағдарысы
- •Әлемдік қаржы нарығының құрылымы мен негізгі қатысушылары. Әлемнің қаржылық орталықтары: ерекшелістері мен даму үрдістері.
- •Әлемнің кәсіпкерлік ресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері. Әлемдік экономикадағы білімресурстары: түсінігі мен ерекшеліктері.
- •15. Әлемдік шаруашылыққа ұлттық экономиканың қатысуы: нысандары мен ерекшеліктері.
- •16. Өнеркәсібі дамыған елдер тобы: негізгібелгілері мен әлемдік экономикадағы рөлі.
- •17. Дамушыелдертобы: өзіндік ерекшеліктері, топшалары және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •18. Өтпелі экономикалыелдертобы: негізгібелгілері және әлемдік экономикадағы рөлі.
- •19. Елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасындағы алшақтық түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.
- •20. Адам әлеуетінің даму индексі (аәди): түсінігі және елдердің әлеуметтік-экономикалық деңгейін бағалаудағы рөлі.
- •21. Қуып жетуші даму моделі және оның әлем елдеріндеіскеасуы.
- •22. Ашық ұлттық экономиканың түсінігі, мағынасы және көрсеткіштері. Ұлттық экономика ашықтығының тиімді жақтары мен проблемалары.
- •23. Елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізгібелгілері мен көрсеткіштері. Бэф (Бүкіләлемдік Экономикалық Форум) рейтингі.
- •24. Халықаралық сауда: пайдаболуы, дамуы және әлемдік экономикадағы рөлі. Халықаралық сауданың тауарлық және географиялық құрылымы: түсінігі мен қазіргі кездегібелгілері.
- •26. Халықаралық аймақтық экономикалық интеграцияның негізгі алғышарттары мен мақсаттары. Елдердің интеграциялық бірлестіктерінің негізгітиптері мен кезеңдері.
- •27. Тұк ұғымы, негізгікритерийлері мен белгілері.
- •28. Халықаралық экономикалық ұйымдардың классификациясы. Бұұ экономикалық органдарының жүйесі.
- •29. Белоруссия, Қазақстан және Ресейдің Кеден Одағы: ерекшеліктері мен даму перспективалары.
- •30. Адамзаттың жаһандық мәселелері (проблемалары).
Әлемдік экономиканың экономикалық жүйе ретіндегі түсінігі мен ерекшеліктері
Халықаралық еңбек бөлінісі. Елдердің халықаралық мамандануының негізгі нысандары.
Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық) ұғымы және экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері. Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері.
«әлемдік экономика», «әлемдік шаруашылық» және «дүниежүзілік шаруашылық» терминдері Болатов кітабында синоним ретінде қарастырылады. Бұлардан тек «халықаралық экономика» өзгеше болып келеді. Әлемдік экономикаға (әлемдік шаруашылық) тар және кең мағынада анықтама беруге болады. Кең анықтамасында, әлемдік экономика-бұл барлық ілемнің ұлттық экономикаларының жиынтығы, ал тар мағынада сыртқы әлеммен қарым – қатынас орнататын (яғни елдер арасында жүретін саталатын тауарлар мен қызметтер) ұлттық экономиканың белгілі бір бөліктерінің жиынтығы. Тағы бір анықтамасы - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған және өзара тығыз байланысқан әлемнің барлық елдерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бӛлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi.
Әлемдік экономикадағы мақсатталған шаруашылықтың қызметі субъектілермен іске асырылады. Олар өндіріс факторларының дамуы мен жағдайын және олардың бірігу тәсілдерін анықтайды. Әлемдік экономиканың субъектілеріне мемлекеттер, ТҰК, аймақтық интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық экономикалық ұйымдар.
Өткен жылдары белгілі бір елдердің сыртқы экономикалық қызметімен (СЭҚ) өз елінің нарығы басты болып қалатын ұлттық фирмалар айналысты. Соңғы онжылдықта олардың көбі қызмет аясы (қаржы, сауда, өндіріс) бүкіл әлем болатын трансұлттық корпорацияларға айналды. Нәтижесінде ТҰК әлемдік шаруашылықтың маңызды бір бөлігіне айналды. Кейде ТҰК-дың мүдделері ұлттық экономикалардың мүдделерімен сәйкес келмейді.
Көптеген бір-бірімен көрші елдер экономикасы аймақтық интеграциялық бірлестіктерді құрады. Мұндай бірлестіктер әлемдік экономика механизмінің негізгі бөлігіне айналды, ал кейбір интеграциялық бірлестіктер құрамына кіретін елдер атынан сыртқы әлемге шығады.
Соғыстан кейінгі жылдарда халықаралық экономикалық ұйымдардың саны көбейді. Әлемдік шаруашылық механизмінің өзіндік бөлігіне айналып, халықаралық экономикалық қатынастарды реттеуге белсенді қатысып отырды. Олардың негізгі қызметіне жалғыз ел шеше алмайтын мәселелер, соның ішінде әлем елдерінің дамуының проблемалары сияқты жаһанда мәселелерді шешу жатады.
Әлемдік экономиканың ерекшеліктері:
Әр түрлі деңгейде дамыған әлемнің барлық ұлттық экономикалыран қосады. Қазіргі кезде әлемнің елдері мен аймақтар арасында өте үлкен айырмашылықтар бар.
ӘЭ жеке мемлекеттердің және сол сияқты халықаралық ұйымдардың заңдары мен ережелері іске асады.
ӘЭ шаруашылық байланыстар мемлекеттік шекарасы арқылы іске асырылады. Әр елдің өзінің экономикалық, ұлттық мүдделері болады.
ӘЭ-да саяси фактор әсері жоғары болады.
Әлемдік шаруашылық пен әлемдік нарықтың қалыптасуы. Әлемдік экономиканың негізгі даму кезеңдері.
Әлемдік шаруашылықтың қалыптасуының тарихи кезеңдері
Әлемдік шаруашылық — халықаралық еңбек бөлінісі және әр түрлі елдер арасындағы сауда, экономикалық, қаржылық, ғылыми-техникалық қатынастар жүйесі. Ол өндіргіш күштердің ұлттық шаруашылықтағы шеңберін кеңейту жағдайында пайда болды. Әлемдік шаруашылық экономикалық байланыс пен дүние жүзі экономикалық және территория бөлу ретінде XX ғасырда қалыптасты.
Әлемдік экономиканың қалыптасу прцессінде тарихи кезеңдерін бөліп қарастырады.
1-ші кезең (XVI – XVII ғғ.) өндірістің мануфактуралық стадиясына сәйкес келеді.
Сипаттамасы: Ұлы географиялық ашылулар; колониялардың пайда болуы; баға революциясы; мануфактуралық период. Бұл болашақ әлемдік экономиканың жеке элементтерінің қалыптасу уақыты. Барлығы халықаралық саудадан басталды, яғни, тауарлар мен қызметтердің елдер арасындағы қозғалысы. Ұлы географиялық ашылулардың арқасында ол әлемнің көптеген елдеріне жайылды. Осы периодта өндірістік байланыстардың қалыптасуы басталды: колониалды елдерден шикізаттарды жеткізу, құл саудасы түріндегі жұмыс күшінің халықаралық миграциясы, жаңа жерлерге қоныс аудару.
2-ші кезең (XVIII — XIX ғғ.) өнеркәсіп революциясымен және өндірістің механикалануымен байланысты.
Сипаттамасы: өнеркәсіптік төңкеріс; буржуазиялық революция; мануфактуралықтан фабрикалық жүйеге өту. Басты рөл сауда байланыстарынан өндірістік әлемдік байланыстарға өтеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде капиталистік қатынастар дами бастады және капитализмнің империализм стадиясына ауысуы байқалады. Бұл кезең өндірістің монополиялануымен, капиталды сыртқа шығарудың күрт өсуімен байланысты. Осылай халықаралық экономикалық қатынастардың формалары кеңейді, халықаралық тауар алмасу белсенді түрде елдер арасындағы өзара қызметтердің басқа да түрлерімен, яғни, өндіріс факторларының халықаралық миграциясымен толықтырыла бастады. Әлемдік экономика біртұтас бола бастады.
3. Әлемдік экономиканың субъектілері мен объектілері.
Әлемдік экономика жеке мемлекеттің экономикасы немесе белгілі бір өндірістің экономикасы ретінде мынадай факторларға негізделеді: еңбек, капитал және жер. Бұлардың ара-қатынасы ұлттық шаруашылықтың даму деңгейін көрсетеді.
Әлемдік экономиканың объектісі әлемдік немесе дүниежүзілік шаруашалық болып табылады, яғни халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын және халықаралық экономикалық қатынастармен байланысқан жеке мемлекеттер жүйесі.
Әлемдік экономиканың нақты объектілері:
• әлемдік шаруашылық дамуының ортақ заңдылықтары;
• жаһандану үрдісі;
• халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын ұлттық экономикалар;
• трансұлттық құрылымдар
• халықаралық қаржы-экономикалық қызметке бөлінген ұлттық үкіметтердің валюта-қаржылық және бюджеттік қаражаты
• әлемдік валюта-қаржы жүйесі, халықаралық қаржы институттарының қызметі
• халықаралық экономикалық ұйымдар
• халықаралық шаруашылық заңнамалар
• нақты саланың өндіретін тауарлары мен қызметы, әлемдік нарық
Ал әлемдік экономиканың субъектілері:
• халықаралық экономикалық операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар
• халықаралық шаруашылық қызметін іске асыратын мемлекеттер және олардың субъектілері (үкімет, фирмалар, азаматтар)
• халықаралық компаниялар (трансұлттық компаниялар, трансұлттық банктер)
• халықаралық экономикалық ұйымдар