Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есетер1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.67 Кб
Скачать

1.4 Оптикалық кабельдің конструктивтік элементтері

1-oрталық күштік элемент; 2-оптикалық талшық –жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланады, ол мөлдір материалдан жасалған жіп; 3-Нейлоннан жасалған буферлік трубка; 4-гидрофобты толықтырғыш; 5-полиэтиленнен жасалған аралық қабыршақ; 6-мырышталған болат сым қорғағышы; 7-ішкі полимерден жасалған қабыршақ; 8-гофрленген болат лентасынан жасалған сауыты; 9-полиэтиленнен дайындалған қорғағыш қабыршақ

1.7 Сурет. Оптикалық кабельдің конструктивтік элементтері

Оптикалық кабельдің конструктивтік элементтерінің анықтамалары мен мақсаты төменде берілген:

- Орталық күштік элемент: болат трос (Т) шыны пластикты өрмек (П). Орталық күш элементі болат сымы немесе полиэтиленді немесе полиуретанды қабатындағы шыны шыбығы болып табылады. Механикалық төзімділігін жоғарлату үшін қайталама қорғаушы бетіне арамидтік жіптерді қосады. Кабельдің ішкі кеңістігін гелді құрамымен толықтырады.Ол кабель айналасында қаттылық қызметін атқарады.

- Оптикалық талшық – жарықтық сигналдарды жеткізуге пайдаланады, ол мөлдір материалдан жасалған жіп.Егер жіп басқа типтегі шынымен қоршалса, онда жарықтық сигналдар аздаған өту арқылы үлкен арақашықтыққа таралады.Радиотолқындар сияқты жарық та ақпарат та жеткізуге пайдаланылады.Ақпараттар үшін үлкен жиіліктерде кең жолақтар бөлінеді, ол бір оптикалық талшық.Оптикалық талшық арқылы көптеген мәліметтер жіберуге мүмкіндік пайда болады.

- Нейлоннан жасалған буферлік трубканың ішінде аралық қабаттың болуы кезінде кабельдің созылу өлшемі бойынша ауысатын 12 оптикалық талшық орналасқан. Трубканы сәйкестердіру үшін түрлі боялары бар. Ылғалдың түсуін болдырмау үшін трубканы гель тәрізді құрамымен толтырады.

- Гидрофобты толықтырғыш.Ол су мен басқада сұйық заттарды итергіштік қызметін атқарады.

- Полиэтиленнен жасалған аралық қабықша.Қосымша ылғалдан қорғалған қабат.Ол полиэтиленнен жасалынады.Кабельге оның орамасының жанында ОТ-ның берiлу параметрлерiн сақтау үшiн, аралық төсем жəне кабельдiң пайдалатын процессте, оптикалық-талшықтар механикалық əсерлерден қорғап қалуға керек.

- Диаметрі 1,6-2,0 мм болатын мырышталған болат сым қорғағышы.Ол негізінен қатты соққылардан қорғайтын, жер астында төселетін кабельдерді қорғауға арналған сауыты.Осы сауыт шыныпластиктен жасалынады.

- Ішкі полимерден жасалған қабырқша.Өзекше мен оптикалық-талшықтарды механикалық әсерлерден қорғап қалуға керек.

- Гофрленген болат лентасынан жасалған сауыты.Кабельді сыртқы механикалық әсерлерден қорғау үшін пайдаланылатын қорғаныстық жабын.

- Полиэтиленнен дайындалған қорғағыш қабықша.Сыртқы қатты соққы түрлi əсерлерге орнықты.Бұл жұмсақ полиэтиленнен жасалынады.Сыртқы қабатының диаметрі 250-500 мкм болып келеді.Көп таралған талшықты – оптикалық түрінің өлшемдері 1.3 кестесінде берілген.Тығыз буферлік қаптамада 900 мкм,ал егер бос қаптамалық буфер болатын болса 2000-3000 мкм-ге жетеді.

1.3 кесте.Оптикалық – талшықтың негізгі өлшемдері (мкм)

Типі

Өзекшесі

Қабықшасы

Покрытие/қаптауы

Буфері

I

7-10

125

250 немесе 500

900 немесе 2000-3000

II

50

125

250 немесе 500

900 немесе 2000-3000

III

62,5

125

250 немесе 500

900 немесе 2000-3000

IV

85

125

250 немесе 500

900 немесе 2000-3000

V

100

140

250 немесе 500

900 немесе 2000-3000

Ескерту. I типті талшық бірмодалы талшыққа сәйкес келеді.Ал II, III, IV, V типтегі талшықтар көпмодалы талшық түріне сәйкес келеді.IV, 85/125 типтегі талшық Солтүстік Америкадан қарағанда,Еуропа елдерінде көп танымал. Келесі талшық V, 100/140 типті,ірі сандық апертурасы бар және өзекшесінің үлкен диаметрінің арқасынан көп көлемді жарықты тасымалдайды.