Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есетер1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.67 Кб
Скачать

1.2 Оптикалық кабельдің тарихы және технологиялары

Бұрынғы заманда сандық хабарламаны ұзақ қашықтыққа жіберу үшін сигналды от шамдарын қолданған болатын.

1.1-кесте Хронологиялық кесте

Жылы

Оқиғасы

1700 жылы

Исаак Ньютон спектрде жарық түрлі түсті болып таралады екенін ашты.

1790 жылы

Француз инженері Клод Шап бірінші оптикалық телеграф жүйесін ойлап тапты,семафорын қолдана отырып.Сонда хабар бір төбеден екінші төбеге семафорда рычагін жылжыту арқылы беріледі.15 минут ішінде 230 км арақашықта хабарды жеткізеді.

1795 жылы

Кулибин бұл жүйе түрін жетілдіріп, оптикалық семафорлы телеграфты ойлап тапты.Бұл құрылғы күндіз ғана емес түнде де жұмыс істеді.

1965 – 1967 жылдары

Кеңжолақты ақпараттарды таратуда бірінші толқын өткізгішті (волновод) байланыс жолдары және жоғарыөткізгішті криогенді кабелді байланыс жолдары ойлап табылған.Олардың өшуліктері өте кішкентай болды.

1970 жылы

Бірінші әртүрлі қоспалы жарықтасығыш пайда болып,оның өшуі 1000 дб/км құрады,сосын 20 дб/км өшуі бар талшықты жарықтасығыштар пайда болды.Бұл жарықтасығыштың жүрекшесі сыну коэффициентін жоғарылату үшін титан қосылған кварцты қолданылады.Ал сырты таза кварцпен қапталған.

1974 жылы

Келесі ұрпақ жарық тасығыштардың өшуі 4 дб/км дейін төмендеді.

1976 жылы

Вавилова атындағы МОИ-да байланыс кабель бөлімінде талшықтық – оптикалық зертханасы ашылды.

1977 жылы

Вавилова атындағы МОИ институттың қызметкерлері оптикалық кабельдің алғашқы үлгісін жасады.Ол КСРО халықаралық «Байланыс-77» көрмесінде таныстырылды.Содан кейін Жапония көрмелерінде көрсетіп,таныстырылды.

1979 жылы

Сипаттамасы жақсарған, толқын ұзындығы 1,55 мкм, ал өшуі 0,2 дб/км тең жарықтасығыштар пайда болды.

1979-1980 жылдары

Оптикалық кабельдерді жобалау және өндіру жағынан алғашқы жетістіктерге ие болған кездер.Соның біріне,1880 жылы Александр Грэхем Белломның ойлап тапқаның жатқызуға болады,бірақ ол елеулі результаттар алып келген жоқ.Онда хабарларды негізінде сәулежол арқылы тарату қолданылды.Бірақ, үлкен кемшілігінің бірі сыртқы әсерлерге тәуелді болды, соның әсерінен тиімділігі аз болды.

1978 жылы

Байланыс желісінде жарық өткізгішті ілмелі кабельдер түрін қолдана бастады.

1981-1985 жылдары

Ойлап табылған оптикалық кабелдің конструкциялары қазіргі кезде де қолданысқа ие болып жатыр.

1981 жылы

Оптикалық кабельдің негізгі бағыт тұжырымдамасын 2010 жылға дейін жетілдірген кезеңі болды.

1985 – 1990

жылдары

КСРО-да үлкен қалаларында, аудандарында және негізгі байланыс жүйелері (магистральды, қалалық және аймақтық) үшін оптикалық байланыс кабельдері тартылды.

1991-1993 жылдары

Бұл жылдары шетелдік фирмалар талшықты – оптикалық кабельдің жаңа үлгілерін шығарып,олар КСРО шығарып жатқан талшықты – оптикалық кабельдерден әлде қайда арзан болды.

1998 жылы

Қытай шекарасынан және Өзбекстан шекарасына дейінгі Қазақстан учаскесілерінде, халықаралық Транс-Азиатты-Еуропалық талшықты – оптикалық байланыс желісінің (ТАЕ ТОБЖ) құрылысы мен пайдалануға енгізілуі ҰАСМ-ды салудың басталған орны болды.

1998 жылы

Саранск қаласында Сарансккабель – Оптика зауытты ашылды, және ол зауыт алғашқы ОКБ маркадағы кабельін шығарды.

1999 жылы

Талшықты – оптикалық байланыс желісімен Петропавл — Кормиловка (Ресей) қосылды.

2001 жылы

Осы жылдың желтоқсанында Батыс «Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Атырау - Ресеймен шекаралас» ТОБЖ пайдалануға енгізілді.

2004 жылы

Шығыс «Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған» ТОБЖ пайдалануға енгізілді.

2005 жылы

Мемлекет Басшысы Назарбаев Нұрсұлтанның қатысуымен Солтүстік «Петропавл - Қостанай – Ақтөбе» ТОБЖ пайдалануға енгізілді. Нәтижесінде ҰАСМ негізгі сақинасы ұйымдастырылды.

2005 жылы

Осы жылдың аяғында Каспийлік «Мақат – Тенгиз – Ақтау» ТОБЖ пайдалануға енгізілді.

2006 жылы

Осы жылдың аяғында «Алматы – Астана – Қарағанды» ТОБЖ ҰАСМ соңғы ірі участкесі пайдалануға енгізілді.

2007 жылы

Талшықтық – оптикалық кабельді өндіруді іске асыру үшін 17 зауыт айналысты,соның 13-ші Ресейде орналасты.

2007 жылы

Талшықты – оптикалық байланыс желісімен Ақтөбе және Орал қосылды.

2011 жылы

FTTH (Fiber to the Home) қатынау әмбебап талшықты-оптикалық желісінің құрылысы басталған.

2013 жылы

«Қазақтелеком» АҚ  инновациялық бөлімшесімен DWDM магистральді оптикалық  тасымалдау желісінің өткізу қабілеттілігін  арттыру бойынша жоба әзірленген.Жоба компания абоненттері үшін  өткізу жолағының сұранысын қанағаттандыру  және  халықаралық транзит  қызметтерін ұсыну мақсатында жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта оптикалық-талшықты кабельдер көптеген елдерде өңдірілуде және қолданылыста.Оның сұранысын 1.2 суреттен көруге болады.