Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
есетер1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
899.67 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

2

1 Оптикалық кабельдің телекоммуникацияда қолданылуы

1.1 Оптикалық кабелге қысқаша шолу

1.2 Оптикалық кабельдің тарихы

1.2.1 Талшықтық – оптикалық байланыс желілерінде қолданылатын технологияларға шолу

1.3 Сәулежолдық оптика,оның түрлері мен параметрлері

1.3.1 Өзекшенің диаметрін анықтау

1.4 Оптикалық кабельдің конструктивтік элементтері

1.5 Оптикалық кабельдің түрлері

1.6 Оптикалық кабельдің параметрлері

1.7 Ілмелі талшықты-оптикалық кабель,ерекшеліктері

1.8 Кабельге сыртқы климаттық факторлардың әсері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Оптикалық кабель – қазіргі таңдағы байланыс жүйесіндегі кең қолданыс тапқан байланыс жолының бір түрі.Қазіргі таңда ақпараттандыру тез даму үстінде.Жыл сайын таратылатын ақпараттардың таратылатын ағыны мен көлемі ұлғаю үстінде.Оларды таратуға дәстүрлі коаксиальды, симметриялық кабельдері салыстыру мүмкін емес болды.Бұл жағдайдан шығу оптикалық-талшықты қолдануға алып келді.Дәстүрлілермен салыстырғандағы артықшылығы: салмағы аз және габаритті, ұзын қашықтықтарға төселінеді, өшулер аз, өтпелі әсерлердің кемдігі, жиіліктерді жіберу мүмкіншілігі жоғары.Қазіргі таңда оптикалық кабельдерді үлкен сынақтардан тексеріп, жетілдіру үстінде.Ең алғаш болып АТС-лар арасындағы байланыс жолдарында үлкен металсыйымдылықты мыс талшықты кабельдер орнында соң магистральді және аумақтық байланыс желілерінде қолданылуда.Оптикалы-талшықтық байланыс жолының негізгі құраушысы оптикалы-талшықтық кабель (ОТК) болып табылады.

Оптикалық-талшықты байланысты қолдану арқылы ақпараттарды тарату көлемі, кең таралған спутникті байланыс,радиорелейлі байланыспен салыстырғанда тез өстті, яғни оптикалық-талшықты тарату жүйесі жіберу жолағы кең болады.

Тарихына үңілсек бірінші әртүрлі қоспалы жарықтасығыш пайда болып,оның өшуі 1000 дб/км құрады,сосын 20 дб/км өшуі бар талшықты жарықтасығыштар 1970 жылы пайда болды.Бұл жарықтасығыштың жүрекшесі сыну коэффициентін жоғарылату үшін титан қосылған кварцты қолданылады.Ал сырты таза кварцпен қапталған.Келесі ұрпақ жарықтасығыштардың өшуі 4 дб/км дейін төмендеді (1974).Ал 1979 жылдары сипаттамасы жақсарған, толқын ұзындығы 1,55 мкм, ал өшуі 0,2 дб/км тең жарықтасығыштар пайда болды.

Қазіргі уақытта оптикалық-талшықты кабельдер көптеген елдерде өңдірілуде және қолданылыста.

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy – Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarchy –Синхронды цифрлық иерархия) және АТМ.Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH және SDH кең қолданыс тапқан.

Талшықтардың негізгі екі түрі бар: көпмодалы және бір модалылар. Көпмодалылар өзі екіге бөлінеді: сатылы сыну коэффициенті бар көпмодалы, сыну коэффициентінің жайлап өзгеруі бар көпмодалы.

Оптикалық кабельді орындауға байланысты оны орнату жағдайы кеңейтілген түрде де болуы мүмкін (мысалы, су асты, объектілік, жер асты, кабельдік канализация және подвескага орналастыру үшін, яғни ілмелі).

Оптикалық кабельдің параметрлеріне: физикалық, механикалық, геометриялық және т.б. параметрлері жатады.

Қазіргі уақытта талшықты-оптикакалық бельдердің төрттен үші жер асты арқылы төселетіндігіне қарамастан кабельдерді тіректерде немесе бағаналарда монтаждау жарқын болашаққа ие.

Ілмелі кабельдерді пайдалану, яғни бағаналарға фазалық сымдармен бірге асылатын кабельдерді пайдалану бірқатар артықшылықтарға ие: ол найзағай әсерінен зақымдалмайды немесе қысқа тұйықталулар орын алмайды.Екінші жағынан кабельдің бұл түрі анағұрлым сенімді және кернеуі 150 кВ жоғары болып келетін электр желілерінде пайдаланыла алады.Кабельді фазалық және найзағай әсерінен қорғайтын қаптама ішіне салу – бүгінгі күні ең үнемді және кабельді дайын тұрған бағаналар арқылы жүргізудің ең жылдам және тиімді тәсілі болып табылады.Оптика-талшықты кабель сымдарға механикаландырылған құрылғылар көмегімен салынады.