- •М.Ғ.К. Куандыков е.К., б.Ғ.К. Куандыкова р.К.
- •Әдебиет:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиет:
- •Стационарлық медициналық көмек түрлері.
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Тақырып 6. Медициналық қызметтің сапасын бақылау.
- •1) Медициналық стандарттар; 2) емдеу-профилактикалық мекеме (епм) жұмысының көрсеткіштері; 3) сараптамалық баға.
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Бақылау сұрақтары:
Әдебиеттер:
1. Аязбаева А.Г. Медико-социальные аспекты формирования приоритетных классов заболеваний в Республике Казахстан: Учебно-метод. пособие. – Алматы, 2005. – 55 с. 2. Аканов А.А., Тулебев К.А., Рук. по формированию ЗОЖ, профилактике заболеваний и укреплению здоровья. – Алматы, 2002. – 250 с.
3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с. 4. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.
5. Сакбаев О.С., Вагнер А.В. Совершенствование методологии изучения и оценки здоровья населения. – Алматы, 1995. - 364 с.
Бақылау сұрақтары
Халық денсаулығын қорғаудың приоритетті бағыттарын таңдаудың критерилері.
Халық аурулығы құрылымындағы алғашқы орын алатын аурулардың класстары.
Халық өлім көрсеткіштерінің негізгі себептері.
Созылмалы инфекциялық емес аурулардың медициналық-әлеуметтік маселелері.
Жұқпалы аурулардың медициналық-әлеуметтік маселелері.
Тақырып 2.1. ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ
Мақсаты: Студенттер тұрғындар денсаулығының есеп, талдау және бағалау әдісін білуі тиіс.
Әдетте тұрғындар денсаулығын кешенді бағалау демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады.
Тұрғындар денсаулығының жай-күйін бағалауда қолданылатын әдістемелік тәсіл санақ есептерінің аясында әзірленетін әр түрлі ақпарат көздерін пайдалану болып табылады.
Негізгі мәселе біркелкі көрсеткішті таңдаудан тұрады, ол денсаулық сынды көп қырлы құбылыстың әр түрлі қырын жеткілікті дәрежеде көрсететіндей болуы тиіс. Қазіргі таңда денсаулықты толығымен сандық тұрғыдан бағалаудың әдістері әлі әзірлене қойған жоқ, ол жеке сипаттары бойынша қарастырылуда. Оларға тұрғындар өмірінің орташа ұзақтығы, өлімі, ауруы, дене бітімдік дамуы және т.б. жатады.
Өмірдің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш.
Өмірдің орташа ұзақтығын есептеу әдісі белгілі уақыт аралығында өмір сүрген немесе өлген адамдардың санынан тұрады. Өмір сүріп жатқан адамдардың саны туу деңгейімен есептеледі, ал өлген адамдар саны тұрғындар өлімінің көрсеткішінен көрініс табады.
Тұрғындар денсаулығы сынды күрделі түсініктің мәліметтерін түпкілікті сандық сипатқа енгізудің мүмкін еместігін біле тұрсақ та, өлім көрсеткіштері тұрғындар денсаулығының жай-күйіне тікелей және жанама әсер ететін (медициналық-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және т.б.) жайттардың күрделі әсерлері көрініс табатын едәуір дұрыс көрсеткіш болып саналады. Екінші жағынан, мерзімінен бұрын келетін өлімді болдырмау денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады, ол оған қажетті ресурстарға ие. Денсаулық сақтау жүйесі тұрғындар өліміне өзінің іс-әрекетімен ықпал ете отырып, өмірдің орташа ұзақтығына, яғни тұрғындар денсаулығының жай-күйіне әсер етеді. Өлімнің көрсеткіштері аурудың мәліметтерімен салыстыру бойынша көбіне нақтылығмен және дұрыстығымен ерекшеленеді.
Ауруды сипаттайтын басты ақпарат көзі емдеп алдын алу ұйымдарына қаралу туралы мәліметтер болып табылады. Қаралу туралы мәліметтердің негізгі кемшілігі ауру туралы толық көріністі бере алмайтындығы болып отыр: біріншіден, аурулардың бірқатары медициналық көмекке жүгіну ғана болмайды( бұл көбіне созылмалы ауруларға қатысты); екіншіден, қаралу деңгейі ауруға қатысы жоқ бірқатар жайттарға байланысты; соңында, қаралулардың санына жүгіну аурудың сандық қырын ғана ескеруге мүмкіндік береді, оның сапалық салалары, ең алдымен, аурудың ауырлық дәрежесін ажырату еленбей қалмақ.
Дене бітімдік даму дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен анықталады. Дене бітім дамуының мәліметтері вариациялық қатарлар құруымен, орта көлемдерді есептеуімен, орта шаршылық ауытқуларымен және т.б. санақтық өңдеуге душар болады. Алынған мәліметтер дене бітім дамуының арнайы кестелері (стандарттар) бойынша жүргізіледі, ол нормаға сәйкестігін және стандарттан ауытқуын бағалауға мүмкіндік береді.
Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%, Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.
Осы күнге дейін тұрғындар денсаулығының жай-күйін кешенді бағалау проблемасы өз шешімін таба қойған жоқ. Халықаралық және отандық тәжірибеде интегралды көрсеткіштер ғана белгілі:
- адам дамуының индексі (АДИ) – алдағы өмірдің орташа ұзақтығын, білімін және өмір деңгейін көрсететін үш негізгі компоненттерден тұратын интегралды көрсеткіш
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады
- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы
- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
- мүмкін болатын өмірдің жоғалған жылдары – мерзімінен бұрын болған өлімнің салдарынан жоғалған өмір жасының санын анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.
- еңбекке жарамдылықтың медициналық-әлеуметтік мүмкіндігі – тұрғындардың алда тұрған еңбек қызметінің жылдары санының еңбек қызметі жылдарының мүмкін болатын санына пайыздық қатысы, егер ол аурулармен немесе жарақаттанулармен шектелмеген болса.
- медициналық-демографиялық игіліктердің көрсеткіші – біркелкі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді салыстыруға мүмкіндік берген дәрежелік бағалау әдісіне лайықталған индекс.
Зерттеушілер (дәрігерлер, психологтар, социологтар және т.б.) денсаулықты интегралды бағалаудың әмбебап ұстанымдарын іздеу барысында өмір сапасына жиірек назар аударады. Бұдан басқа, өмірді заманауи жағдайларда бағалау мен сапасына қол жеткізу саяси мәнге ие бола бастайды, ол әлеметтік-экономикалық құбылу қарқынымен көкейкестілігі арта түседі.
Өмір сапасының тұжырымдамалары әлеуметтік саясат саласында ұлттық мақсаттарды қалыптастыруға тікелей әсер етеді, яғни оларды мемлекеттік құрылымдарды басқару құралы ретінде пайдалану. Оларды пайдалану әзірленетін бағдарламалардың негізінде тұрғындар өмірінің жағдайын жетілдіру мақсатында қажет болап отыр. Тұрғындар денсаулығы жай-күйінің параметрі өмір сапасы көрсеткішінің жалпы құрылымына шектеле қосылады.
Өмір сапасының ұлттық стандарты – бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш.
Өмір сапасын зерттеу барысында ескерілетін жайттардың көптеген жиынтығы әрбір жайт бойынша жеке-жеке қандай да бір стандарттарды (эталондарды) белгілеуді, әсіресе, осы жайттардың барлық көрсеткіштері бойынша интегралды көрсеткіштерді (индекстерді) қиындатады. Осы мәселелерді шешу жолдарының бірі осы жайттарды әр түрлі негіздер бойынша топтастыру болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың талаптарын қанағаттандырудың сапалы деңгейі бойынша: алғашқы (тамаққа, тұрғын үйге, киімге, көлікке, денсаулықты сақтауға, ұрпақ жалғастыруға және әлеуметтік байланыстарға деген сұраныстарын қамтамасыз ететін) және екінші (рухани, мінез-құлықтық, әдептік сұраныстарын қанағаттандырумен байланысты).
Егер бірқатар жайттар бойынша (тамақ, киім, кіріс деңгейі және т.б.) ғылыми тұрғыдан әзірленген стандарттарды немесе дәстүрлі санақтық орташа көрсеткіштерін пайдалануға болатын болса, онда қанағаттандыру жайттары бойынша өз өмірінің жеке қырларымен респонденттердің жекеленген топтарына арналған субъективті, бағалау сипаттамаларының орташа мәнін белгілеуге мүмкіндік беретін әлеуметтік зерттеулерді жүргізу қажет.
Зерттеушілер, ең алдымен, әлеуметтік санақ мәліметтеріне негізделген осы моделге қарама-қарсы құбылыстардың объективті жай-күйінің көрсеткішін ғана қолдануды қанағаттандырылмағаны болып бірінші кезекке «сезінетін өмір сапасы» тұжырымдамасы алға тартылып отыр (percieved life quality). Осы тұжырымдаманың мәні өмір сапасын адам мен қоғам өмірінің әр түрлі тараптарының объективті параметрлерінің көмегімен ғана өлшеу мүмкін еместігінде болып отыр. Өмір сапасының қажетті құрамы субъективті сезіну, мүгедектің өзінің өмір жағдайлары мен өзін өзі бағалауы болып табылады.
Бақылау сұрақтары
Тұрғындардың денсаулығын сандық бағалау әдістері.
Алдағы өмірдің орташа ұзақтығының анықтамасы.
Денсаулық туралы дәстүрлі ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі.
Денсаулықтың интегралды көрсеткіштері.
Денсаулық сақтауға қолданылатын өмір сапасының ұлттық стандарттың анықтамасы.
Тақырып 2.2. АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақсаты: Студенттер алдын алу медицинасының теориялық және әдістемелік негіздерін білуі тиіс.
ДДСҰ денсаулықты аурулардың немесе дене бітімдік кемістіктердің болмауы ғана емес, толық дене күші, ақыл-ес және әлеуметтік игілікті жай-күй ретінде қарастырып отыр. Алайда, бұл жалпы қамтитын және идеалды көрініс қол жетпейтіндей дәрежеде сипатталады және көп жағдайларда біраз адамдарда бола бермейді. Денсаулықты жақсарту дегеннің астарында (Канада, Оттава Хартиясы) денсаулық тіршілік етудің мақсаты ғана емес, игілікті күнделікті өмірдің көзі ретінде қарастырылады. Бұл адамның әлеуметтік, жеке және дене бітімдік мүмкіндіктерін негізге алатын оңды тұжырымдама, адамның өзінің оңды жай-күйіне қол жеткізе алуы мен қоршаған орта жайттарына төтеп бере алуына басты назар аударылады.
Баршаның денсаулығына қол жеткізу жөніндегі еуропалық стратегия. Келісілген жалпы еуропалық саясатқа сәйкес барлық демократиялық мемлекеттер қол жеткізуге тиіс мақсат болып табылады. Осы стратегияға сәйкес мемлекеттер осы мақсатқа жету үшін өздерінің ресурстары мен мүмкіндіктерін пайдалануы тиіс.
Денсаулықтың негізгі ресурстары – кіріс, тұрғын үй, тамақ. Денсаулықты жақсарту осы негізгі құрамдардың тұрақтылығын, сондай-ақ ақпараттарды және белгілі өмір сүру дағдыларын, тауарларды, қызметтер мен мәдени тұрмыстық объектілерді денсаулықтың сұраныстарымен және экономикалық, дене бітімдік, әлеуметтік және денсаулықты жақсартатын мәдени ортадан тұратын қолайлы ортаны талап етеді.
Өмір салты – бұл адамдар қызметінің тәсілінің, белсенділігінің едәуір мәнді, кәдімгі сипаттамаларының олардың қоғам дамуы деңгейінің көрінісі болып табылатын сандық және сапалық бірлігіндегі жүйесі.
Өмір салты 4 санаттан тұрады:
- экономикалық - өмір деңгейі
- әлеуметтік - өмір сапасы
- әлеуметтік-психологиялық - өмір стилі
- әлеуметтік-экономикалық - өмір барысы
Өмір деңгейін тұрғындардың жан басына келетін ұлттық кірістің көлемін, тұрғындар жылына жұмсайтын игіліктер мен қызметтердің жалпы көлемін, тұтыну құрылымындағы тамақ үлесін (тамақ үлесі төмен болған сайын, өмір деңгейі жоғарылайды, өйткені басқа тұтынулар едәуір маңызды және жан-жақтырақ бола түседі) сипаттайды.
Салауатты өмір салты (СӨС) – бұл денсаулықты сақтауға, және жақсартуға, күшейтуге бағытталған адамдар тобының немесе тұлғаның қызметі. Осы түсінікте бір жағынан – СӨС - өмір үлгісі, екінші жағынан – денсаулықты тудыруға, адамның үйлесімді дене бітім және рухани дамуына бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға арналған жағдай. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың (СӨСҚ) екі бағытын қарастырады: денсаулыққа оңды ықпал ететін жағдайларды, жайттарды құру, дамыту, күшейту, белсенділігін арттыру - health promotion; денсаулыққа деген қауіп жайтын төмендету.
СӨСҚ негізі - алдын алу(профилактика) және оның бағыттары болып табылады: 1) медициналық; 2) психологиялық; 3) биологиялық; 4) гигиеналық; 5) әлеуметтік; 6) әлеуметтік-экономикалық (тұрмыс, өндірістік және материалдық жағдайлар); 7) экологиялық; 8) өндірістік.
Медициналық алдын алу – жекеленген адамдардың, олардың топтарының немесе барлық тұрғындардың арасындағы аурулардың немесе зақымданулардың себебін анықтауға, оларды жою немесе әлсіретуге жататын ауқымды және жан-жақты қызмет аясы.
Алғашқы алдын алу кезінде ескерту шаралары аурудың немесе зақымданудың тікелей себебіне бағытталған, оның мақсаты аурудың немесе бұзылудың басталуын болдырмау болып табылады. Екінші алдын алу пайда болып қойған аурудың немесе зақымданудың ерте анықталу және тиісті дәрежеде емделу жолымен дамуына септігін тигізетін жағдайлар мен жайттарға әсер етеді. Үшінші алдын алу аурудың немесе асқынудың ауырсыну деңгейін, егер ол асқынулар пайда болып қойған болса, өршуін ескертуге бағытталады. Үшінші алдын алу оңалту және еңбекке жарамсыздығын ескерту бойынша кешенді шаралардан тұрады, ал еңбекке жарамсыздығын тұрақты жоғалта бастаса – оны қалпына келтірудің жолдарын, мысалы, оңалту шараларының немесе түзету хирургияларының көмегімен іздеу.
Денсаулықты жақсарту - мүгедектер мен қоғам мүшелеріне денсаулықтың детерминанттарын бақылауды, осы жолмен оны жақсартуға көмектесетін үдеріс. Бұл ортақ түсінік денсаулықты жақсарту үшін өмір салты мен өмір жағдайларын өзгертуге бел буғандарға арналған. Денсаулықты жақсарту алдына келесілерді мақсат етіп қояды:
1) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік дағдылары мен құзырлығын ол денсаулықты анықтайтын жайттарды ретке келтіре алатындай дәрежеде қалыптастыруға ықпал ету;
2) СӨС қолдайтын жайттардың әсерін күшейту және оған қолайсыз жайттарды өзгерту үшін қоршаған ортаға араласу;
Яғни бұл стратегияның тобықтай түйіні: «денсаулықты таңдауды мейлінше қол жетімді ету».
Аурулардың алдын алу шара ретінде, ең алдымен, медицина аясына жатады және мүгедектерге және қатаң белгілі қауіп топтарына тікелей тәуелді; ол қолда бар денсаулықты сақтауға бағытталған. Денсаулықты жақсарту, керісінше, белгілі бір жеке тұлғалар мен топтарды ғана емес, барлық тұрғындарды оның күнделікті тұрмыс-тірішілігін толығымен қамтиды. Оның мақсаты – денсаулықты жақсарту, осы тұрғыдан алғанда денсаулықты жақсарту мен аурулардың алдын алу әр түрлі жағдайларда және әр түрлі оқиғалар барысында ортақтылығы басым болып келетін, бірін бірі толықтырып отыратын екі бөлек шара ретінде қарастырылады.
Алғашқы алдын алуда алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінді жүргізілетін аурулардың пайда болу қаупі жайттарымен күрес негізгі болып табылады. Қауіп жайттарының 4 тобы қарастырылады: жүріс-тұрыстық, биологиялық, жеке және әлеуметтік-экономикалық.
Жеке қауіп жайттары. Жайттық алдын алу бағыттарының басымдылығын ескере отырып, едәуір елеулі жеке қауіп жайттарының ішінен жас шама мен жыныс болып табылады. Сонымен, мысалы, жүрек қан тамырлары аурулары мен асқазан ішек ауруларының белең алуы жас шамасына қарай көбеюде және 50 жас шамасындағылардың арасында 10%, 60 жас шамасындағылардың арасында 20%, 70 жас шамасындағылардың арасында 30% құрайды. 40 жас шамасындағы артериялды гипертония мен басқа да жүрек қан тамырлары аурулары әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиірек кездеседі, ал урогенитальді жолдар ауруларға әйел адамдар көбірек шалдығады. Бұдан да үлкен жастардағы топтарда айырмашылықтар теңеле түседі және онша байқала қоймайды.
Едәуір елеулі биологиялық жайттардың ішінен тұқым қуалаушылықты ерекше бөліп қарастырады. Созылмалы инфекциялық емес аурулар: жүрек қан тамырлары аурулары, жүйке жүйесі, асқазан ішек және зәр шығару жүйелерінің аурулары едәуір мөлшерде отбасылық мәнге ие. Мысалы, егер, ата-аналардың екеуі де артериалды гипертониямен ауыратын болса, ауру 50-75% жағдайда дамиды. Бұл ауру міндетті түрде пайда болады деген емес, егер осы тұқым қуалаушылық ауртпалыққа басқа жайттар қосылатын болса (темекі тарту, артық салмақ т.б.), онда аурудың қаупі өсе түседі.
Кейбір аурулардың дамуына жеке жекеленген арнайы қауіп жайттары да әсер етеді. Сонымен, мысалы, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуына ерте басталған жыныстық қатынас (18 жасқа дейін), 20 жасқа дейінгі және 40 жастан кейінгі бала туулар, ерте монопауза, жиі болатын жасанды түсік тастау мен анамнез, жыныстық серіктесін жиі ауыстыру, папилломовирустық немесе герпетикалық инфекциялардың болуы әсер етеді.
Сонымен қатар, адам денсаулығының жай-күйіне жүріс-тұрыс жайттарының әсері едәуір әсер ететіндігі де анықталды. Кеңінен таралғандарына мөлшерден артық салмақ, темекі тарту, ішімдікке салыну, төмен дене белсенділігі жатады.
Қауіп жайттарының созылмалы инфекциялық емес аурулардың пайда болуына, олардың жиі үйлесуі мен күшеюі әсеріне деген ықпалын талдай келіп, осы орайда қауіп жайттары созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуына қатысты синегристері болып табылады деген тұжырым жасауға болады, сондықтан екі немесе одан да көп жайттардан тұратын кез келген комбинация аурудың пайда болу қаупінің дәрежесін арттыра түседі.
Интеграциялық жол АМСК деңгейіндегі созылмалы инфекциялық емес аурулардың (СИЕА) жаппай алғашқы алдын алу стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осы жолда жекеленген тұлғалар, отбасылар және қоғам денсаулық сақтау жүйесінің баса назар аударатын саласы болмақ, ал медицина қызметкері, денсаулық сақтау жүйесімен қоғамның байланыс жасайтын алғашқы буыны бола тұрып, бағдарламаның белсенді қатысушысы болады. Интеграцияның тұжырымдамасы негізгі инфекциялық емес аурулардың дамуындағы өмір салтымен байланысты жайттардың жалпы қасиетін мойындауға негізделген; бұл жайт, әсіресе, АМСК аясындағы жұмсалатын күш пен ресурстардың интеграциясын негізге алады.
Интеграция бірнеше түсініктерден тұрады. Олардың бірінде бір қауіптің жайты бірнеше аурулардың (мысалы, темекі тартудың өкпенің қатерлі ісігіне, созылмалы бронхқа, жүректің ишемиялық ауруына, ас қорыту жүйелерінің ауруларына әсері) дамуына қатысы болуы мүмкін. Екінші түсінікте бір аурудың (мысалы, спирттік ішімдіктің, темекі тартудың, семіздіктің жүректің ишемиялық ауруының пайда болуына және дамуына әсері) дамуында мәні бар болып саналатын бірнеше қауіп жайттарына бағытталған іс-әрекеттерді интеграциялауы мүмкін. Бірақ көбіне бірнеше қауіп жайттары мен аурудың бірнеше кластарына (мысалы, темекі тарту мен ішімдікке салыну өкпенің қатерлі ісігінің, жүректің ишемиялық ауруының және асқазан ішек ауруларына әсері) бір сәтке бағыттала қарастырылады.
Қауіп жайттары мен АМСК деңгейіндегі аурулардың алдын алудағы медицина қызметкерінің рөлі келесілерден тұрады:
1 кезең – қауіп жайттарының әсері;
2 кезең - қауіп жайттары бойынша алғашқы алдын алуға тұлғаларды іріктеу;
3 кезең - қауіп жайттары бойынша (бір жылдың ішінде) практикалық араласу;
4 кезең – қауіп жайттарының өсу барысын (жыл сайын) бақылау және қадағалау;
5 кезең – араласудың нәтижелілігін бағалау (жыл сайын)
Тұрғындармен алдын алу жұмыстарын жүргізу әдістері:
- мақсатты санитарлық-гигиеналық тәрбие, сонымен қатар жеке және топтық кеңес беру, емделушілерді және олардың отбасы мүшелерін нақты аурулармен немесе топтық аурулармен байланысты білімге және дағдыларға оқыту;
- денсаулық жай-күйінің өсу қарқынын, тиісті сауықтыру және емдеу шараларын анықтау және жүргізу үшін аурулардың дамуын бағалау мақсатымен диспансерлік медициналық қарауды жүргізу;
- алдын ала емдеу мен мақсатты сауықтыру, сонымен қатар емдік тамақтану, емдік дене шынықтыру, медициналық массаж және сауықтырудың басқа да алдын алу әдістерін, шипажайлық-курорттық емдеу курстарын жүргізу;
- денсаулық жай-күйіндегі жағдайларды өзгертуге медициналық-психологиялық бейімдеу жүргізу, ағзаның өзгерген мүмкіндіктері мен сұраныстарын дұрыс қабылдау мен қатысын қалыптастыру.
АМСК деңгейінде алдын алудың әр түрлі стратегиялары бар: 1) жеке, 2) топтық және 3) популяциялық алдын алу. Жеке алдын алу медицина қызметкерлерінің сұхбаттасу, кеңес жүргізуінен тұрады, осы орайды медицина қызметкері емделушіге қауіп жайттары, олардың созылмалы ауру барысына әсері туралы ақпарат беруі, өмір салтын өзгерту жөніндегі ұсыныстар беруі тиіс. Жеке жұмыс дәрігердің СИЕА асқынуының мүмкін болатын даму себептерін белгілеуіне және олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Топтық деңгейдегі алды алу бірдей немесе ұқсас аурулары бар емделушілер тобына арналған лекциялар, семинарлар жүргізуден тұрады. Топтың деңгейдегі жұмыс түрлерінің бірі «денсаулық мектептері» ұйымы, мысалы, «диабет мектебі», «артериалды гипертония мектебі», «демікпе мектебі» болып табылады. Дәрігерлік қабылдау кезінде екінші алдын алу бойынша барлық шаралар кешенін көрсету қиынға соғады, сондықтан осы емделушілер «денсаулық мектептерінде» білім ала алады. «Денсаулық мекетептерінің» мақсаты емделушілерге ауру, қауіп жайттары туралы ақпарат беруден, сондай-ақ жүріс-тұрысты өзгерту дағдыларына үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастырудан тұрады. Популяциялық алдын алу барлық тұрғындар үшін жүргізілетін жаппай шаралардан, сондай-ақ тұздар мен ұн өнімдерін йодтаудан, сауықтыру әдістерін кеңінен насихаттау мен таратудан тұрады.
Алдын алу медикоментозды емес және медикаментозды болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Өмір салтының негізгі критерилері.
2. Қауіп жайттарының топтық жиктелуі.
3. Денсаулықты жақсартудың анықтамасы.
4. Медициналық алдын алудың түрлері.
5. Алдын алудың негізгі стратегиялары.
Тақырып 2.3. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақсаты: Студенттер Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесін заңдылық реттеудің негізгі принциптерін білуі қажет.
Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғауды құқықтық қамтамасыз ету жүйесі келесі негізін қалаушы актілерді қамтиды: Қазақстан Республикасының Атазаңы; заң күші бар ҚР Президентінің нұсқаулары; Қазақстан Республикасының заңдары; Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулылары; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің нормативтің актілері (бұйрықтар, ережелер, нұсқаулар және т.б.).
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің әрекет етуі заңдылық құжаттармен қамтамасыз етіледі, олардың негізгісі болып Қазақстан Республикасының Атазаңы (30 тамыз 1995 ж) табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының 29 бабында былай дейді:
Қазақстан Республикасының азаматтарының өз денсаулықтарын қорғауға құқықтары бар.
Қазақстан Республикасының азаматтары бекітілген заңға сәйкес медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқылы.
Мемлекеттік және жеке-меншік емдеу мекемелерінде, сонымен қатар жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу бекітілген заң тәртібі негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы туылғаннан бұл құқықпен қамтамасыз етіледі. Бұл құқық Қазақстан Республикасы азаматы болып тұрған өмір барысында оған тұрақты түрде тиесілі. Денсаулығын қорғауға құқығы мемлекет қатысуымен іске асатын әлеуметтік құқықтарға жатады. Мемлекет Қазақстан Республикасы Атазаңына денсаулықты қорғау құқысын бекіте отырып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетумен қоса осы құқыны іске асыруды қамтамасыз ету міндетін өзіне алады.
29 бабынан басқа, Қазақстан Республикасының азаматы денсаулығына тікелей қатысы бар басқа да құқықтарға ие: өмір сүруге құқығы (15 бап), жеке бас еркіне құқығы (16 бап), адамның абыройына нұқсан келтірмеу құқығы (17 бап), жеке адам өміріне, отбасына, отбасы құпиясына, өз ар-ожданы мен абыройын қорғауға нұқсан келтірмеуге құқысы (18 бап), еңбек еркіндігі құқысы (24 бап), демалысқа құқысы (24 бап, 4 п.), тұрғын-жайға құқысы (25 бап), жеке-меншікке құқысы (26 бап), өмір сүруге және денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға құқысы (31 бап), жасына, ауыру жағдайына, мүгедектік, асыраушысын жоғалту жағдайына байланысты әлеуметтік қамтамасыз ету құқысы (28 бап), балаларын қорғауға және оларды тәрбиелеуге ата-ананың құқығы (27 бап), білім алуға құқығы (30 бап) және т.б. Атазаңмен бекітілген құқықтары мен еріктерінен басқа Қазақстан Республикасының азаматы өз кезегінде ҚР Атазаңы мен заңдылықтарын сақтауға, басқа тұлғалардың құқықтарын, еркін, ар-ожданы мен абыройын құрметтеуге міндетті (34 бап).
Халық денсаулығын қорғау тек денсаулық сақтау жүйесі құзыреті шегінен шығып кетеді. Осыған байланысты халық денсаулығын қорғау әрекеті қазақстандық құқықтың көптеген салаларын қамтиды: әкімшілік, азаматтық, жер, отбасылық, еңбек, қылмыстық, экологиялық және т.б..
«Қазақстан – 2030» «Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайының жақсаруы» Стратегиясының ұзақмерзімді 4 приоритеті «Азаматтардың денсаулығы, білімі және жағдайын жақсарту». Осы мақсатты іске асыруда Стратегия келесі компоненттерден тұрады: аурудың алдын-алу және салауатты өмір салтын ынталандыру, есірткі және наркобизнеспен күрес, алкоголь және табак қолдануды қысқарту, аналар мен балалар денсаулығын жақсарту, ана мен бала денсаулығын қорғау, тамақ сапасын жақсарту, қоршаған орта тазалығы және экология, ішер судың тазалығын қамтамасыз ету, гигиена және санитария ережелерін сақтау.
Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдаулары денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бөлімдерін қарастырады, олардың қатарына медициналық қызмет сапасы мен нәтижелілігін жоғарылату бойынша тапсырмалар кіреді; мемлекеттік-жеке-меншік серіктестік механизмін қолданумен 100 аурухана салу; оқытудың, аттестация және дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерді даярлаудың халықаралық стандарттарына өту; медициналық қызметкерлердің еңбекақысын көрсетілген медициналық көмектің сапасын, көлемін, күрделілігін ескере отырып еңбек нәтижелілігіне, сонымен қатар біліктілік деңгейіне байланысты төлеу; бюджеттік сфера қызметкерлерінің еңбекақысын 2012 жылға дейін сатылап көтере отырып 2 есеге жоғарылату және т.б.
Азаматтардың денсаулығын қорғауға конституциялық құқықтарын және олардың орындалу кепілдерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында көптеген заңдар қабылданып, кейін олар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексінің (18 қыркүйек 2009 жыл) негізін құрады. Медициналық сфераны регламенттейтін алдында қабылданған 11 заңды алмастыратын Кодексті қабылдау лейтмотиві – денсаулықты қорғауға азаматтар құқысын бекітуге, ұлттық медицина статусын жоғарылатуға, денсаулық сақтау аймағындағы отандық заңдылықтарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге максимальды түрде жағдай жасау.
Кодексте денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың принциптері бекітілген:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алудағы азаматтардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау және нығайтудағы мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың өзара жауапкершілігі;
3) ана мен баланы қорғау;
4) ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесі жұмысындағы профилактикалық бағыттың маңыздылығы;
6) медициналық көмекке қол жеткізу;
7) медициналық көмек сапасын тұрақты түрде жоғарылату;
8) халықтың санитарно-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;
9) медициналық көмек көрсетудегі денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтестігі;
10) оқытудың кейінгі технологияларын қолданып, медициналық және фармацевтикалық білімнің үздіксіздігі мен өзара қатынасын қамтамасыз ету;
11) отандық медициналық ғылымды мемлекеттік қолдау, денсаулық сақтауға ғылым мен техниканың, дүниежүзілік тәжірибенің жетістіктерін ендіру;
12) ерікті риясыз донорлықты қолдау;
13) отандық өндірісті мемлекеттік қолдау және медициналық және фармацевтикалық өндірістің конкуренткеқабілеттілігін дамыту;
14) азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қоғамдық бірлестіктердің қатысуы;
15) халық қажеттілігін қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағытты денсаулық сақтауды дамыту;
16) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға атсалысу;
17) халық денсаулығын, қауіпсіздігін, дәрілік заттардың сапасы мен тиімділігін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу.
Үйлестіру материалы: «Power Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.
Әдебиет:
1.Қазақстан Республикасының Атазаңы.
2.Назарбаев Н.А. «Казақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың көркеюі, қауіпсіздігі және жағдайын жақсарту» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.– Алматы, 1999. – 67 б.
3. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.
4.Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жөнінде: Негізгі заңдылық актілер. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 б.
5.Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.
Бақылау сұрақтары:
1.Денсаулықты қорғауға конституциональды құқының мәні?
2. «Казахстан – 2030» Стратегиясындағы денсаулық приоритетінің мазмұны?
3.Денсаулық сақтау жөніндегі заңдылықты не реттейді?
4.Денсаулық сақтаудағы заңдылықты реттеуде қандай құқы салалары қатысады?
5. Денсаулық сақтау аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Тақырып 2.4. Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары.
Мақсаты: Студенттер халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастырудың ұстанымдарын білулері тиіс.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының тиімді үлгісін іздестіру барысында, барлық елдер, тіпті мемлекеттік-саяси жүйелер толығымен қарсы болған жерлердің өзі де бір-біріне қарай бет бұрып келе жатқандығын айырықша сеніммен айтуға болады. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың нақты міндеттеріне байланысты денсаулық сақтау ұйымдары мен органдары жұмысының әдістері мен нысандары өзгертілуде, бірақ денсаулық сақтауды ұйымдастырудың ұстанымдары тұрақты болуы тиіс, олар:
- медициналық көмек алудағы азаматтардың әлеуметтік теңдігі мен әділеттілігі;
- денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау;
- қоғамдық және жеке денсаулықты сақтау мен нығайту үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;
- халықтың медициналық көмек қажеттілігіне қанағаттанушылығы;
- халықтың әлеуметтік және мүліктік жағдайларына қатыссыз медициналық көмекке қолжетімділігі;
- денаулықты қорғау аясындағы азаматтардың қажеттілігіне денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығы: беделін сыйлау немесе құрметтеу; автономияның болуы мен қамтамасыз етілуі; жеке ақпараттың құпиялығының сақталуы; өзара түсіністікпен;
- медициналық көмек сапасы;
- медициналық көмек көрсетудегі уақытылық, жүйелілік және сабақтастық;
- денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудағы тиімділік;
- мемлекеттік медициналық-экономикалық стандартқа сәйкес медициналық көмек көрсетудің қазіргі деңгейі;
- денсаулық сақтау жүйесінің алдын-алу бағыты;
- халықты санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылықпен қамтамасыз ету;
- азаматтардың денсаулығын қорғау аясындағы мемлекетік реттеу және мемлекеттік бақылау;
- сектораралық өзара әрекеттестік.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мемелекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарынан тұрады.
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарынан сонымен қатар, жеке меншікпен айналысатын және де жеке медициналық тәжірибемен айналысатын физикалық тұлғалардан тұрады.
Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау аясындағы құзыретті орган - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңына сәйкес мемлекет азаматтарды кепілдейді:
1) кепілді көлемде тегін медициналық көмек алу:
2) біріншілік медициналық-санитарлық көмек алуға теңдей мүмкіндік;
3) мемлекетік және жеке емдеу ұйымдарында сонымен қатар, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын физикалық тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу;
4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық;
5) дәрілік заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық тұрғыда тағайындалған бұйымдармен қамтамсыз ету;
6) біркелкі медициналық стандарт бойынша тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, мазмұны мен көлемі;
7) медициналық және дәрігерлік көмек көрсетудегі, фармацевтикалық өндіріс және жүзеге асырудағы кәсіпкерлік іс бостандығына құқығы.
Қазақстан Республикасында келесі медициналық қызмет түрлері жүзеге асырылады: 1) медициналық көмек; 2) санитарлық авиация; 3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы; 4) салауатты өмір салтын насихаттау; 5) шипа-жайлық; 6) халық медицинасы (емшілік); 7) қан құю қызметі; 8) соттық медицина; 9) дәрілік заттарды пайдалану саласында; 10) денсаулық сақтау сапласындағы ғылым; 11) ) денсаулық сақтау сапласындағы білім; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
Медициналық көмектің негізгі түрлері:
1) біріншілік медициналық-санитарлық көмек;
2) біліктендірілген медициналық көмек;
3) мамандандырылған медициналық көмек;
4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
Кепілді көлемде тегін медициналық көмек:
1) халыққа біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету;
2) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;
3) біріншілік медициналық-санитарлық және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету;
4) Қазақстан Республиасының Үкіметімен белгіленген тізім бойынша, әлеуметтік маңызды аурулармен және айналадағыларға қауіп туғызатын аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету;
5) Қазақстан Республиасының заңнамасымен белгіленген, тәртіппен қабылданған, қосымша медициналық көмек түрлері.
Біріншілік медициналық-санитарлық көмек (БМСК) –медициналық көмекке жүгініп келген азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы медициналық қызметкерлермен жүзеге асырылатын, халықты қолжетімді, үнемі және тегін медициналық көмек түрлерімен қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет. БМСК-ке кіреді:
1) кең таралған ауруларды және де жарақаттарды, уланулар мен басқа да шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеу;
2) санитарлық - гигиеналық, эпидемияға қарсы шаралар және арулардың алдын-алу;
3) халықты гигиенаға оқыту және тәрбиелеу, отбасын қорғау, аналық, әкелік және балалық;
4) халыққа қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және рационалды тамақтану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.
БМСК денсаулық сақтау ұйымдарымен және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен қамтамасыз етіледі. БМСК тұрғындарға амбулаторлық-емханалық, стационар алмастырушы, жедел медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
Біліктендірілген медициналық көмек – мамандандырылған диагностика әдістерін, емдеуді және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап етпейтін аурулары кезінде, азаматтарға көрсетілетін дәрігерлік медициналық көмек.
Мамандандырылған медициналық көмек –арнайы диагностика әдістері мен емдеуді және де күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулары кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек.
Мамандандырылған медициналық көмек денсаулық сақтаудың көп салалы ұйымдарында амбулаторлық-емханалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек –айрықша күрделі диагностика әдістері мен емдеуді, сонымен қатар бірегей медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулары кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек.
Азаматтарға медициналық көмек келесі түрде көрсетілуі мүмкін:
1) жедел медициналық көмек;
2) амбулаторлық - емханалық көмек;
3) стационар алмастырушы көмек;
4) стационарлық көмек;
5) санитарлық авиация;
6) шипа-жайлық емдеу.
Сол заңмен медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің құқығы мен міндеттері регламенттелген.
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер құқылы:
- кәсіби қайраткерлігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыздандырылуға;
- егер мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымының жұмысшысы болып табылса, бес жылда кемінде бір рет мемлекеттік бюджет немесе жұмыс беруші қаржысы есебінен, өзінің біліктілік деңгейін жоғарлатуға;
- денсаулық сақтау ұйымдарының жабылуына немесе штат санының қысқаруына байланысты жұмыскерлерді босату жағдайларында, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс беруші қаржысы есебінен дайта даярлаудан өтуге;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, еңбек міндеттерін орындауымен байланысты, оның денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу;
- ұйымдардың немесе азаматтардың меншікті байланыс құралын және де азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда жақын жердегі медициналық ұйымдарға жеткізу үшін кез-келген көлік түрін бөгетсіз және тегін пайдалануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметі көшeпелі сипатта болса көліктік шығыстарын өтеуге;
- өзінің кәсіби абыройы мен қадір -қасиетін қорғауға.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау мемлекеттік бюждет қаржысының есебінен, жұмыс беруші қаржысынан, өз қаржысынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен іске асырылады.
Ауылдық жерлерде және қала типіндегі ауылдарда жұмыс істейтін, денсаулық сақтау секторының мемлекеттік ұйымдарындағы медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге келесі өтемдер беріледі:
- жергілікті өкілетті органдармен анықталған өлшемде қызмет ақысына қосымша ақы қосу;
- жергілікті өкілетті органдармен анықталған өлшемде жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет пен жағармай шығыстарын өтеу;
- жергілікті өкілетті және орындаушы органдардың шешімі бойынша жеке меншігінде малдары барларды мал азықтарымен, мал жаюға және пішен шабуға арналған жер участкелерімен қамтамасыз ету.
Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер міндетті:
- медициналық көмек көрсетуге, азаматтардың денсаулығын нығайтуына және ауруларының алдын-алуына жәрдемдесуге;
- шұғыл жағдайларда тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуге;
- тұрғындар арасында медициналық білім мен салауатты өмір салты бойынша үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізуге;
- кәсіби этика талаптарын сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, сырлас және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жарияламауға;
- үнемі кәсіби деңгейін жоғарлатуға.
Бақылау сұрақтары:
1. Емделушінің негізгі құқықтары.
2. Медициналық қызметкерлердің негізгі құқықтары.
3. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік әділеттілікке жетудің мақсаттары.
4. Денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығына жетудің мақсаттары.
5. Медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жоғарлату бағыттары.
Тақырып 3. Ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
Мақсаты: Студенттер ауыл тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру жүйесін; ауылдық медициналық мекемелердің құрылымы мен функцияларын білулері тиіс.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету денсаулық сақтауды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына сүйене құрылады. Бірақ қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты анықтайтын факторлар ауылдық медициналық мекемелер жұмысының ұйымдастыру түрлері мен әдістеріне әсер етеді: тұрғындардың қоныстану сипаты, қызмет көрсету радиусы, жұмыстар маусымдығы, дала жұмыстары кезіндегі ауа райының әсері, еңбек үрдісінің өзіне тән ерекшеліктері, шаруашылық-тұрмыстық іс-әрекет пен тұрмыс жағдайларындағы қолайсыздықтар, аймақтық-ұлттық ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары, білім және мәдениет деңгейі және т.б.
Халық тығыздығы мен елді-мекеннің қашықтығына байланысты денсаулық сақтауды ұйымдастыру торабы мынадай:
1. Біріншілік медициналықо-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері (әрі қарай - БМСК):
1) аудандық емхана – халық саны 30 мыңнан асатын аудан орталығында құрылады да, құрылымында консультативтік-диагностикалық бөлім, жалпы практика не/немесе учаскелік қызмет бөлімі, жедел медициналық көмек станциясы (бөлімі), сонымен қатар БМСК көрсететін құрылымдық бөлімдері болады:
медициналық пункт 800-ге дейін халық саны тіркелген ауылдық елді-мекендерде (әрі қарай - АЕМ) құрылады;
фельдшерлік-акушерлік пункт 800-ден 2 мыңға дейін халық саны тіркелген АЕМ құрылады;
дәрігерлік амбулатория 2 мыңнан 10 мыңға дейін халық саны тіркелген АЕМ құрылады;
ауылдық емхана 10 мың және одан астам халық саны жинақы қоныстанған АЕМ құрылады.
2. Консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:
- облыс орталықтарында консультативтік-диагностикалық орталық облыстық аурухананың құрылымдық бөлімі ретінде құрылады.
3. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау мекемелері:
1) орталық аудандық аурухана (әрі қарай - ОАА) аудан орталығында көпмамандандырылған стационар түрінде құрылады, оның құрамына құрылымы ретінде балалар, босану, мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі, сонымен қатар аудандық аурухана кіреді. Ауылдық аурухана халық саны 5 мыңнан кем емес шалғай АЕМ-де, климаттық-географиялық жағдайлармен қоса жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып ОАА-ң құрылымдық бөлімі ретінде құрылады;
2) ауданаралық аурухана АЕМ бірінде халық саны 20 мың адамға дейінгі бірнеше аудандарға құрылады;
5) облыстық аурухана құрамына консультативтік-диагностикалық, босану, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлімдер, жетуге қиын жерлердегі азаматтарға шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімі (санитарлық авиация) кіретін көпмамандандырылған стационар түрінде құрылады;
6) облыстық балалар ауруханасы құрамына мамандандырылған және жұқпалы аурулар бөлімі кіретін көпмамандандырылған стационар түрінде құрылады;
7) перинаталдық орталық облыс орталықтарында құрылады.
4. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы аймағындағы әрекетті іске асыратын денсаулық сақтау мекемелері:
1) облыс орталықтарында санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығы құрылады;
2) республикалық деңгейде санитарлық-эпидемиологиялық станция құрылады;
3) облыстық деңгейде обаға қарсы станция құрылады.
5. Дәріхана, дәріханалық пункттер, дәріханалық қоймалар.
6. Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен қарастырылған басқа денсаулық сақтау мекемелері:
1) аудандық және облыстық деңгейлерді құрылады: туберкулезге қарсы, онкологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер.
Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетуді шартты түрде 3 сатыға бөледі:
Бірінші саты – ауылдық дәрігерлік учаске.
Бұл сатыда ауыл тұрғындары медициналық дәрігерге дейінгі білікті көмек алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).
Екінші саты – аудандық медициналық мекеме, мұндағы жетекші мекеме аудандық аурухана (АА) және орталық аудандық аурухана (ОАА). Ауыл тұрғындары арнайы мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады. Ауданаралық арнайы мамандандырылған орталықтар, диспансерлер, денсаулық орталықтары және т.б. болуы мүмкін. Денсаулық сақтау қызметінің басшысы ауданның (немесе аудандық медициналық бірлестіктің) бас дәрігері, әрі ол орталық аудандық аурухананы да басқарады. Мамандықтары бойынша міндетіне емдеу-консультативтік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы кіретін ауданның бас мамандары анықталады.
Үшінші саты – облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, облыстық МСЭҚ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) орталығы және т.б. Бұл сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің бірінші тізбегі әрекетінің құрылымы.
Ауылдық дәрігерлік учаске медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі пациенттердің бірінші алғашқы жанасу звеносы болып табылады. Оның негізгі міндеті – учаске халқына қол жетерлік білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізу. Учаскедегі халық саны – 5000-нан 7000 адамға дейін. Ауыл тұрғыны баратын жақынарадағы медициналық мекеме медициналық пункт (МП) болып табылады. МП тұрғындар саны 800-ге дейінгі елді-мекенде ұйымдастырылады.
МП негізгі міндеттері болып медициналық дәрігерге дейінгі көмек және аурулардың алдын-алу, аурушылдық пен жарақаттануды төмендету, халықтың санитарлық-гигиеналық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған санитарлық-сауықтыру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу. МП фельдшері жедел ағынды аурулар мен жарақаттанулар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді, егулер, физиотерапевтік шаралар және т.б. жүргізеді.
Фельдшерлік-акушерлік тұрғындар саны 800-ден 2000-ға дейінгі елді-мекенде құрылады. Акушерка амбулаторлық қабылдау жүргізіп прием, гинекологиялық аурулар мен жүктілерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, жүкті әйелдер мен босанатындарға тіркеу және акушерлік патронаж, сонымен қатар әйелдерге әлеуметтік патронаж жасайды, беременных женщин и рожениц и социальный женщин, акушер-гинеколог тағайындаған емді бақылайды, дені сау босанатынды босандырады.
Ауылдық дәрігерлік учаскенің негізгі медициналық мекемесі дәрігерлік амбулатория (ДА), халық саны 2000-ден 10000-ға дейінгі АЕМ құрылады. ДА-ғы медициналық көмектің сипаты мен көлемі оның қуаттылығымен, жабдықталуымен, дәрігер-мамандардың санымен анықталады. Терапевтік және жұқпалы ауруларға амбулаторлық және стационарлық көмек көрсету, босануға көмек, балаларға емдеу-профилактикалық көмек, шұғыл хирургиялық және травматологиялық көмек қуаттылығына қарамастан ауылдық аурухана дәрігерлерінің тікелей міндеттері қатарына кіреді. ДА штатында оның қуаттылығына, халық санына, орталық аудандық ауруханаға дейінгі қашықтығына байланысты негізгі мамандықтар бойынша дәрігерлер болуы мүмкін (терапевтік, педиатрлық, стоматологиялық, акушерстволық, гинекологиялық және хирургиялық).
Ауылдық аудандардағы денсаулық сақтаудың негізгі звеносы – ОАА, мұнда арнайы мамандандырылған медициналық көмек негізгі түрлері бойынша көрсетіледі және ауданның барлық медициналық мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасалады. ОАА-ның құрылымдық бөлімдері: негізгі мамандандырылған бөлімдерімен стационар, аудандық емхана, емдеу-диагностикалық бөлім, ұйымдастыру-әдістемелік кабинет, жедел және шұғыл медициналық көмек бөлімі және басқа да құрылымдық бөлімдер (морг, ас даярлау бөлімі, дәріхана және т.б.).
Ауданның емдеу-профилактикалық бөліміне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты ОАА ұйымәдіскабинеті жүргізеді. Оның функцияларына кіреді: дәрігер-мамандардың ауылдық учаскелік ауруханаларға шығу жоспарын ұйымдастыру: емдеу-диагностикалық және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, ауданның медициналық мекемелерінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін зерттеу (аурушылдық, летальдік, балалар мен жалпы өлім деңгейлері, клиникалық және патологоанатомдық диагноздардың сәйкессіздігі және т.б.), қажетті шараларды өңдеу және жүргізу сұрақтары бойынша осы мекемелердің дәрігерлеріне консультация және практикалық көмек көрсету. Ұйымәдіскабинетті ұйымдастыру жұмысы бойынша ОАА бас дәрігерінің орынбасары атқарады.
Ауылдық аудандардағы медициналық мекемелердің жұмыс тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлері: халық аурушылдығының көрсеткіштері (жалпы, УЕЖ, балалар аурушылдығы), алғаш мүгедектікке шығу, жалпы, балалар өлімі, халық шағымдарының саны және т.б.
Облыстық аурухана арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді және денсаулық сақтаудың ғылыми-ұйымдастыру, әдістемелік және оқу орталығы болып табылады. Негізгі функциялары: жоғары білікті, арнайы мамандандырылған, консультативтік және стационарлық медициналық көмек көрсету; емдеу-профилактикалық мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек және санитарлық авиация құралымен шұғыл медициналық көмек көрсету; облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің статистикалық тіркеу және есеп берулерін бақылау және басшылық жасау; жылдық жинақ есеп берулер негізінде облыстық емдеу-профилактикалық мекемелерінің сапалық жұмыс көрсеткіштерін талдау; аурушылдық, мүгедектік, жалпы және балалар өлімі көрсеткіштерін зерттеу және талдау, оларды төмендетуге бағытталған шараларды өңдеу; дәрігерлер мен орта медперсоналдарды мамандандыру және білімін жетілдіру бойынша шаралар жүргізу.
Облыстық аурухананың құрылымдық бөлімдері болып стационар, консультативтік емхана, емдеу-диагностикалық бөлімдер, кабинеттер мен лабораториялар, медициналық статистика бөлімімен бірге ұйымәдісбөлімі, шұғыл және жоспарлы-консультативтік медициналық көмек бөлімі, консультативтік-диагностикалық орталық.
Үйлестіру материалы: «Power Point» бағдарламасында дайындалған 10 слайд.
