- •1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
- •1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
- •1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
- •2. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
- •3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
Әлемдік экономиканың, кәсіпкерліктің және сауданың интернациалануына байланысты халықаралық дәрежедегі бухгалтерлік есептің және қаржылық қорытынды есеп беру көлемінің өсіп, маңызының артып келе жатқандығы белгілі. Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне және қаржылық қорытынды есеп беруге елеулі әсер ететін төмендегі халықаралық ұйымдар жұмыс істейді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет.
Халықаралық стандарттар жасау мақсатымен 1973 жылы құрылған. Оған 75 мемлекеттен 100 – ден астам бухгалтерлік ұйымдар мүше
Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы.
Негізгі мақсаты – бухгалтер кәсібін әлемдік масштабта координациялауды дамыту және бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіру.
Біріккен ұлттар ұйымының жанынан құрылған бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша өкімет аралық жұмысшы топ.
1979 жылы құрылған Оның мүшелері барлық мемлекеттер.
Еуропалық экономикалық қауымдастық.
1957 жылы құрылған. Қазір басқаша аталады – «Еуропалық одақ» Қауымдастық шеңберінде есеп жүйесін реттеу мәселелерімен айналысады.
Тәжірибе алмасудағы тағы бір атаулы модель – оңтүстік америкалық модельдің есеп жүйесінің басқа модельдермен салыстырғанда негізгі айырмашылығы – есеп мәліметтерін құнсызданудың темпіне қарай өзгерту. Жалпы алғанда есеп мемлекеттік жоспарлау орындарының қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, ал кәсіпорындарда пайдаланылатын есеп әдістемесі жеткілікті түрде қысқартылған. Сонымен бірге есепте және қорытынды есеп беруде салық саясатының пайдаланылуына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар жақсы көрсетіледі.
Қаржылық қорытынды есеп жүргізудің шетелдік тәжірибелеріне тоқталарда алдымен – интернацианалдық модельді атап өте керек. Интернационалдық модель негізінен халықаралық валюталық нарықтың шетелдік қатысушыларының мүддесі үшін есептің халықаралық келіспеушілігіне деген қажеттіліктерден туындайды.
Себебі, тек аздаған ірі компанияның ғана өздерінің жылдық қаржылық қорытынды есебі – халықаралық қаржылық есеп стандарттарының талаптарына жауап беретіндігіне қазір сендіре алады. Бұл модельді ұсынатындар негізінен әлемдегі ірі корпорациялар.
Қаржылық есептіліктен басқа кәсіпорындарға пайдаланушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы және қаржылық нәтижелері туралы жалпы материалдарды беру ұсынылады. Мысалы:
қызметінің өзгеру шарттарын қосқандағы, қызметінің нәтижесін, сонымен қоса дивиденттерге қатысты инвестициялық стратегиясы пен саясатын анықтайтын негізгі факторлар
қаржыландырудың негізгі көздері мен стратегиясы, тәуекелділікпен басқару
кәсіпорынның балансында құны көрсетілмеген ресурстары мен артықшылығы.
Сонымен қоса қосымша есептілікті ұсыну, мысалы, басшылық пайдаланушыларға қажетті болады деп шешетін болса, қосылған құн бойынша, және де қоршаған ортаға қатты әсер ететін салаларда экология сұрақтары бойынша есептер.
Жақында құрылған үндестіру бағдарламасына сәйкес АҚШ – тың GAAP – ы мен ХҚЕС стандарт жүйесінің арасындағы белгілі бір алшақтықтарды болдырмайтын өзгерістер енгізілетін болады. Уақыт өткеннен соң олардың арасында бар айырмашылықтарды толығымен жою жоспарланған. Әлемдік нарықтық капиталдандырудың 52 пайызы АҚШ – тың үлесіне келетінін ескере отырып, ХҚЕС – тің дүниежүзілік есепке алу стандарттары болуына нақты мүмкіндік бар.
