- •1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
- •1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
- •1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
- •2. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
- •3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
Бухгалтерлік есеп процессін жүргізу мен қорытынды есепті құруға негіз болатын қағидалар ретінде төмендегі қағидаларды құруға болады:
Есептеу, үздіксіз қызмет ету, бөлектенген кәсіпорын, екі жақтылық, ақшалай өлшем, ақпараттардың құпиялылығын сақтау. Осы қағидалардың әрқайсысын кәсіпорын сақтайтын болса, олардың қаржылық жағдайларын жоғары белестен көруге болады деген мағынаны білдіреді.
Есептеу қағидасы бойынша құрылған қаржылық есеп оны пайдаланушыларды ақша қаражаттарын қабылдаумен және төлеумен байланысты өтіп кеткен операциялармен ғана емес, сонымен бірге келешектегі ақша төлеу міндеттемесі туралы және келешекте алынуға тиісті ақша қаражаттары болып табылатын ресурстар жөнінде хабардар етеді.
Қаржылық қорытынды есеп үшін пайдаланылатын бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға, яғни бір ізге салуға қол жеткізу үшін қаржылық қорытынды есеп берудің халықаралық стандарттары жасалады. Аталмыш құжатта бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің төмендегі қағидалары қарастырылған:
- есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, әділетті көрсету, мәнділіктің нысаннан артық болуы, бейтараптық, сақтық, толықтық, салыстырмалылық, өз уақытында дайындап беру.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштерінің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвестрлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады.
Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға міндетті нормативтік –құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген.
Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті.
Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне-құрылтай құжаттарына сәйкес, мемлекеттік статистика органдарына – тіркелген жеріне, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына – олардың құзіретіне сәйкес тапсырады.
Қаржылық қорытынды есептің сапалық сипаттамаларын қорытынды есепте берілген ақпараттарды оларды пайдаланушылар үшін пайдалы ететін атрибуттар болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен өткен кезеңдердегі қызметінің нәтижелері жөніндегі ақпараттар болашақтағы қаржылық жағдайларды және шаруашылық қызметтің нәтижелерін, сонымен бірге пайдаланушыларды тікелей қызықтыратын басқадай аспектілерді болжау үшін жиі қолданылады. Ондай аспектілерге дивидендтер мен еңбек ақы төлеу, құнды қағаздардың бағасының өзгеруі және кәсіпорынның өз міндеттемелерін белгіленген мерзімге орындау қабілеті жатады.
Болжам жасау құндылығы болу үшін ақпараттар анық көрсетілген болжам нысанында болмауға тиісті. Бірақ, қаржылық қорытынды есептің негізінде болжам жасау қабілеті өткен кезеңдердің операциялар мен оқиғалары туралы ақпараттар беру үлгісінде күшейіп келеді. Мысалы, егер табыстар немесе шығындардың стандартсыз, кәдімгідей емес және сирек кездесетін баптары бөлек ашылып көрсетілетін болса, онда қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің болжамдық потенциялы көтеріледі.
Салыстырмалылық қағидасында кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы және қызметінің нәтижесіндегі тенденцияларды анықтау үшін ақпараттарды пайдаланушылардың кәсіпорынның әр түрлі кезеңдегі қаржылық қорытынды есебін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сондай – ақ пайдаланушылардың ір түрлі кәсіпорындардың қаржылық қорытынды есебін, олардың салыстырмалы түрде қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін салыстыра алу мүмкіндігі болуға тиісті. Сөйтіп, ұқсас операциялардан және басқа оқиғалардан алынған қаржылық нәтижелердің өлшенуі және көрсетілуі барлық кәсіпорындар үшін бірегей методология бойынша жүзеге асырылуға тиісті.
Қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған есеп саясатының варианты жөнінде, ондағы кез – келген өзгерістер мен олардың нәтижелері жөнінде пайдаланушылардың хабардар болуы салыстырмалылықтың сапалық сипаты ретіндегі маңызды шарты болып табылады.
Қаржылық қортынды есептің халықаралық стандарттардың сақталуы, оның ішінде кәсіпорында пайдаланылатын есеп саясатының ашып көрсетілуі, салыстырмалылыққа қол жеткізуге көмектеседі.ъ
Пайдаланушылар кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайындағы өзгерістерді өткен кездегімен салыстырғысы келетіндігін, қаржылық қорытынды есепте өткен кезеңдер үшін тиісті ақпараттардың болуы өте маңызды.
