- •1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
- •1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
- •1.2 Қаржылық есеп беру нысандары
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •31 Желтоқсан 2007 жыл
- •1.3 Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
- •1.4 Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
- •1.5 Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі
- •2. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын талдау және аудиттеу
- •2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарының есебін талдау
- •2.2. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
- •2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
- •3. «Семейэлектросантехмонтаж» жшс қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
- •3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
- •3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
1.1. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС жалпы сипаттамасы
1.2. Қаржылық есеп беру нысандары
1.3. Ұйымның қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерінің нәтижелері және қорытынды есеп элементтері
1.4. Қаржылық қорытынды есепті пайдаланушылардың жіктелуі
1.5. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебін жүргізудің шетелдік тәжірибесі.
2. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС қаржылық нәтижелерін талдау және аудиттеу
2.1. Ұйымның табыстары мен шығыстарын талдау
2.2. Ұйымның қаржылық нәтижелерін талдау
2.3. Қаржылық қорытынды есеп аудиті
3. «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС қаржылық жағдайын жетілдіру бойынша шаралар
3.1 Қаржылық қорытынды есеп үшін бухгалтерлік есеп қағидаларын унификациялауға өтудегі халықаралық стандарттар
3.2 Халықаралық стандарттардағы қаржылық қорытынды есеп берудің концепциясына көшу жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Бүгінде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең басты орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық- шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетігінің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласының мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа да нормативтік актілердің қатаң сақтаулары қажет.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр.Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүргізеді.Сонғы жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық бақылау жүйесін құру, аудитор кадрларды дайындау және олардың қызметін лицензиялау, қабылданған жекелеген заң актілеріне сай аудиторлардың кәсіби міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізуде, сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдаудың да орны ерекше. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына қаржылық- шаруашылық талдау жасау арқылы, сол кәсіпорынның бәсекеге қарсы тұру қабілеттілігін анықтайды. Сонымен қатар қаржылық-шаруашылық талдау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін қажет. Қаржылық-талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығын анықтап қана қоймай, болашақта кәсіпорын жұмыстарының жақсаруына бағыт береді.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.
Қазақстан экономикасының дамуында, оның стратегиялық маңызды салаларында қызмет ететін ірі және орта кәсіпорындар ерекше орын алады. Олардың балансында мемелекеттің ұлттық байлығының маңызды бөлігін құрайтын негізгі құралдардың басым бөлігі шоғырланған. Ал кәсіпорын өз алдына олардың есебін жүргізуі тиіс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - ол мекеменің ішкі ортадағы экономикалық саласына сипаттама болып табылады.
Жалпы бұл дипломдық жұмысты жазудың мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік есебінің, аудитінің, қаржылық-шаруашылық талдауының іс жүзінде дұрыс, нақты, толық жүргізілуін зерттеу болып табылады. Дипломдық жұмыста зерттеліп отырған объект – ол «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС болып отыр.
1. Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
1.1 «Семейэлектросантехмонтаж» жшс жалпы сипаттамасы
«Семейэлектросантехмонтаж» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылы құрылды. Мемлекеттік тіркеу куәлігі бар, Агибаев С.Қ. және Токашев Т. өз істерін біріктіріп, тең құқылы және тең пайдалы, яғни түскен кірісті тең бөліседі, біріге отырып қызмет көрсету орталығын ашады.
Оның бас директоры етіп, Абишева Б.Н. тағайындалды. Ал орынбасарлық қызметке Токашев Т тағайындалды. Ең алғаш ол кездегі істің бағыты жылу беру жүйесін жөндеу мен электр қондырғыларын қоятын арнайы шкафтармен, сөрелер жасап шығарады.
Кейіннен ол бағыт кеңейтіліп, оданда үлкен жұмыстармен айналыса бастады. Ол Семей, Өскемен қалалары бойынша ірі кәсіпорындармен жұмыс жасай бастады. Ірі тапсырыстардан кейін оның қызметкерлер қатары көбейіп толықтырылды. Шетелден жаңа аппараттар әкелініп, тапсырысты орындайтын аймақ кеңейтіліп, жұмысшыларға қолайлы орын салынды.
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС өз жұмысын ары қарай жалғастырып, олар өз алдарына үлкен мақсат қойды:
жаңа технологиялық аппараттар алып, өнім сапасын жақсарту;
Өнімнің әртүрімен тұтынушыларды қамтамасыз ету;
Нарықтық жағдайда бәсекелестікке қабілетті болу;
Сапалы қызмет көрсету;
Тапсырыстар қабылдау;
клиенттің ұсыныстары мен талаптарын орындау;
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС қазірдің өзінде қаншама мол қуатымен халыққа жылу беретін құбырларды жөндеп отыр. Олардың жұмыстарының маңыздылығы сонда уақытында тұтынушыларды жылусыз қалдырмау, құбырларды үнемі бақылап, жөндеп отыру.
Егер жылусыз қалсақ қаншама емханалар, түнгі кестемен жұмыс жасайтын жұмысшылар жұмыстарын дұрыс орындай алмаған болар еді.
Бұл кәсіпорын сегментіне байланысты 3
топ тұтынушаларына назар аударамыз:
Жылу алатын жекелеген өндірістік кәсіпорындар, тұрғын үйлер;
Ұйымдар
мен мәдени орындар (базар мен дүкендер);
Емханалар мен түнгі дүкендер (супермаркет пен арнайы дүкендер)
Сурет 1 – Тұтынушылар топтары
Кәсіпорында сонымен қатар құбырлар, оларды жөндеу жұмыстары, монтаждау, өңдеу, құрастыру, жылу беру жұмыстары, арнайы сөрелер мен шкафтар жасау жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіпорынның қазіргі уақыттағы негізгі тұтынушылары мыналар:
Барлық Семей қаласындағы, оның басшылығындағы аймақтар;
Емханалар мен мәдени ұйымдар;
Барлық ірі және шағын кәсіпорындар;
Білім орындары
Кеңселер мен барлық ғимараттар;
Үйлер мен барлық қоғамдық ұйымдар.
Семей қаласында осы кезеңнен бастап тұрақты жұмыс істеп, даму үстінде. Қазіргі уақытта бұл кәсіпорын қаламыздағы дамыған өндіріс орны деп танылады және оның бірнеше жер асты қоймалары мен негізгі орындары да бар. Осы кәсіпорын құрылғаннан бастап, өздерінің көрсететін қыметтерінің сапалылығын айқындап, сапалығының ішкі бақылау жүйесі және де оны әр жыл сайын жетілдіріп отыруды қолға алған.
Сонымен қатар қызмет көрсету үшін Семей қаласы бойынша қызмет көрсету орындары орналастырып, қоймалары кәсіпорын аумағында орналастырылған.
«Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 1 - «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері
№ |
Көрсеткіштер |
2007 жыл |
2008 жыл |
Ауытқуы |
|
Абсалют. |
% |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Көрсетілген қызмет көлемі, мың тенге |
72190 |
76627 |
+4437 |
+6,1 |
2 |
Дебиторлық қарыздар,мың теңге |
598 |
606 |
+8 |
+1,3 |
3 |
Жұмысшылардың орта тізімдік саны,адам |
15 |
15 |
- |
- |
4 |
Орташа айлық еңбек ақы,теңге |
17020 |
19341 |
+2321 |
+13,6 |
5 |
Еңбек ақы қоры,мың теңге |
5616 |
6614 |
+998 |
+17,8 |
6 |
Өткізуден түскен табыс, мың теңге |
514368 |
663215 |
148847 |
28,9 |
7 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың теңге |
269061
|
305126
|
36065
|
13,4 |
8 |
Жалпы табыс, мың теңге |
545307 |
658089 |
112782
|
46 |
9 |
Таза табыс, мың теңге |
163647 |
192179 |
28532
|
17,4 |
Кестеге қарағанда «Семейэлектросантехмонтаж» ЖШС барлық технико-экономикалық көрсеткіштерін анық көруге болады.
Осы көрсеткіштерді қарап, 2008 жылдың көрсеткіштері өткен жылдармен салыстырғанда өзгергенін көреміз. Жұмысшылардың орта тізімдік саны, 2007 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өзгермегенін көреміз. Жалпы табыс 46 пайызды білдіреді.
