Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.39 Mб
Скачать

4.4 Бетон дайындайтын су

Бетон араласпасын дайындау үшін су құбырларының ауыз суын, сондай – ақ сутектік көрсеткіші рН 4 кем емес ( яғни қышқыл емес, лакмус қағазды қызыл түске боямайтын) кез - келген суды пайдаланады.

Су 2700 мг/л аса сульфат құрамау керек( SO4 қайта есептегенде ) және барлық тұздар 5000 мг/л аса. Күмәнді жағдайларда бетон араласпасын дайындайтын судың жарамдылығын осы сумен және кәдімгі су құбырының суымен дайындалған үлгілерді салыстырмалы сынау арқылы тексеру керек. Бетон араласпасын дайындау үшін жоғарыда көрсетілген шарттарды қанағаттандыратын теңіз және басқа да тұзды суларды қолдануға болады.

Бұдан басқа ішкі тұрғын - үй құрылымын бетондау қоғамдық ғимараттарды, ыстық және құрғақ климат жағдайында су үстілік темір – бетон құрылымдарын бетондауда, өйткені теңіз сулары бетонның үстіне шығып болат арматураны коррозияға ұшыратуы мүмкін. Бетонды суландыру үшін бетон араласпасын дайындаған судың сапасындай суды пайдалану керек.

4.5 Бетонға қосылатын қоспалар

Бетонның, бетон араласпаларының қасиеттерін реттеу және цементті үнемдеу үшін бетонға әртүрлі қоспалар қосылады. Оларды екі топқа бөледі.

1 - ші топқа бетон мен бетон араласпасын керек бағытта өзгерту үшін аз мөлшерде ( 0,1 - 2% цемент массасы) бетонға қосылатын химиялық заттар жатады.

2 – ші топқа цементті үнемдеуге және цементті аз шығындай отырып мықты бетон алу үшін 5 - 20% және одан да көп мөлшерде бетонға қосылатын ұсақ майдаланған материалдар жатады.

Ұсақмайдаланған қоспаларға жатады:

  • қоламталар ( золы);

  • қождар ( шлактар), құм, ұсақталған тастардың қалдықтары

және кейбір басқа да бетонға арнайы қасиет беретін

(оның мықтылығын арттыратын, электр өткізгіштігін өзгертетін, бояйтын және т.с.с.) материалдар.

Соңғы уақытта химиялық қоспалар көбірек қолданылады. Кейбір қоспалар полифункциональды әсер етеді, пластификациялаушы - ауаны жетелеуші, газқұраушы - пластификациялы.

Пластификациялаушы қоспа ретінде екінші азықтардан алынатын беткі – белсенді заттар қолданылады. Соңғы уақыттарда зерттелген жаңа химиялық қоспа – суперпластификатор қолданылады. Бұл қоспалар бетон араласпаларының қозғалысы мен ағымдылығын тез көтереді және бетонның құрылыстық – технологиялық қасиеттерін айтарлықтай жақсартады.

Көп жағдайда суперпластификатор – синтетикалық полимерлер, олар бетон қоспасына цемент массасынан 0,1 – 1,2% мөлшерде енгізіледі.

Тез қатыруды жеделдетуші ретінде кальций хлориді, натрий сульфаты, нитрид, кальцийдің нитрат – хлориді және т.б. қолданылады. Аязға, суыққа төзімді қоспа ретінде поташ, натрий хлорид, кальций хлорид және т.б. қолданылады. Бұл қоспалар судың қату нүктесін төмендетеді және теріс температурада бетонның қатуына ықпал етеді, неғұрлым қату температурасы төмен болса, соғұрлым қоспаның мөлшері жоғары ( цемент массасынан 10% дейін, кейде одан да жоғары).

Қоспалардың көбі суда ериді және бетон араластырғышқа алдын- ала дайындалған ерітінді ретінде енгізіледі. Кейбір қоспаларды эмулсия немесе суда ерітілген зат түрінде қосады. Іс жүзінде қоспалардың үйлесімді дәл мөлшерін тәжірибе арқылы анықтайды.

      1. Өнім өндіру технологиясы

Ағынды-агрегатты әдісті ұйымдастыру негізі

Агрегатты-ағынды желі темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттарда кең қолданылады. Өндірістегі ағынды-агрегатты әдіспен қысымсыз темірбетон құбырларын діріл алаңында немесе арнайы қалыптау машинасы,бетон төсегіштен тұратын агрегатты қондырғымен жабдықталған жабдықтармен қалыптайды. Осы әдіспен бұйымы бар форманы, ағын бойынша қозғалысы кезінде әрбір жұмыс постында тоқтатып отырады. Сонымен қатар тоқтау уақыты әртүрлі болып келеді. Ол берілген технологиялық операцияларды орындауға кететін уақытқа байланысты.

Технологиялық линия құрамына мыналар кіреді: бетон төсегіші бар қалыптау агрегаты, электрлі қыздыруға, арматураны механикалық кернеуге арналған қондырғы, форманы төсеуші, қатаю камерасы, қалыптан шығару алаңы,бұйымдарды суыту, бұйымдарды әрлеу, техникалық бақылау, форманы тазалау мен майлау, арматура, қосалқы бөлшектерді, жылытқыштарды сақтайтын және жөндеу өткізетін орындар, дайын өнімді сынауға арналған стенд.

Ағынды-агрегатты әдіс технологиялық және транспорттық жабдықтарды пайдалану кезіндегі икемділігі және маневрлігі, жылумен өңдеу тәртібі бойынша ерекшеленеді, сәйкесінше ол жоғары номенклатурада бұйым шығаруға мүмкіндік береді.

Мұндай ұйымдастыру кезінде технологиялық процес белгілі бір жұмыс посттарында орындалатын бөлек операциялардан тұрады: бұйымды тексеру мен қалыптан шығару, форманы құрастыру; форманы тазалау мен майлау, арматуралы каркасты төсеу және арматураны кернеу; қалыптау постында бетон араласпасын төсеу, тарату және нығыздау; бұйымдарды камераға салу, жылумен өңдеу және камерадан шығару. Технологиялық процестің бір бөлігін әдетте басқаларымен бір уақытта орындайды, мысалы бұйымды формадан шығару, оларды тексеру және форманы дайындау операциялары бұйымдарды қалыптаумен бір уақытта жасалады.

Қысымсыз темірбетон құбырларын өндіретін ағынды-агрегатты технологиялық линияның өнімділігі бұйымдарды қалыптау циклінің ұзақтылығымен анықталады, ол қалыпталатын бұйымның өлшемі мен түріне байланысты 5-20 минут аралығында болады.

Өндірістің технологиялық схемасында қалыптау және буландыру цехын таңдау кезінде шығарылатын бұйымнынң номенклатурасы мен өндірістің көлемін ескеру қажет.

Ұсақ сериялы қуаттылығы кіші және орташа темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттарда өндірістің ағынды-агрегатты әдісін қолданған тиімді. Технологиялық жабдықтардың күрделі еместігі, өндірістік аудандардың онша үлкен еместігі, құрылысқа кететін шығынның көп еместігі 1м2 цехтың өндірістік ауданында дайын өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс жабдықтарды жөндеуге және бұйымдардың әртүрлі түрін шығынсыз қалыптауға мүмкіндік береді. Өндірістің агрегатты әдісіне жабын және қырлы плиталарды бірлік топтық формаларда дірілдету, бағаналарды дайындау, өлшемдері 7,2 м-ге дейінгі тіреуіштер мен ригельдерді, іргетасты блоктарды, қысымсыз құбырлар мен шпалдарды дайындау кіреді.

Қуаттылығы кіші және орташа темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттары үшін ағынды-агрегатты әдіс экономикалық түрде орынды. Технологиялық жабдықтардың күрделі еместігі, өндірістік аудандардың онша үлкен еместігі, құрылысқа кететін шығынның көп еместігі 1м2 цехтың өндірістік ауданында дайын өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл әдіс жабдықтарды жөндеуге және бұйымдардың әртүрлі түрін шығынсыз қалыптауға мүмкіндік береді.

Ағынды-агрегатты әдіс технологиялық және транспорттық жабдықтарды пайдалану кезіндегі икемділігі және маневрлігі, жылумен өңдеу тәртібі бойынша ерекшеленеді, сәйкесінше ол жоғары номенклатуралы бұйым шығаруға мүмкіндік береді.