Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом 17.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

1 Технологиялық бөлім

1.1 Құрылысқа арналған алаңды таңдаудың технико-экономикалық негіздемесі

Өнімділігі жылына 30 000 м3 қысымсыз темірбетон құбырын өндіретін зауыт Қызылорда қаласындағы өндірістік және тұрмыстық құбыр жүргізу жұмыстарына арналған.

Қызылорда қаласы  – Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы (1938 жылдан).Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 198,3 мың адам (2005). 8 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжармаауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр. Жер аумағы 3683 га. Қаланың 17,0 га аумағы теміржол тораптарына, 165 га аумағы көліктік көшелерге, 19 га аумағы қала бақтары мен демалыс орындарына, 51 га алқабы жасыл-көгалды орындар үлесіне тиеді. Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің оң жағалауында, оның орта ағысында орналасқан. Сырдарияның сол жағалауында жаңа қала салынатын болады.

Қызылорда қаласының бас жоспарында мыналар қарастырылады:

Аумақты инженерлік дайындау

Бас жоспарда қала аумағында жер беті сарқындыларын ағызып әкетуді ұйымдастыру, топырақ қабатындағы судың деңгейін төмендету, жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру, жағалау бойын абаттандыра отырып, қала аумағын Сырдария өзенінің тасқын суы басуынан қорғау көзделген. 

Құрылыс салуға қала жерлерін тиімді пайдалануға арналған негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады: 

  • қала аумағынан жер беті суларын жинау және ағызып әкетуге арналған тазарту құрылыстары бар ұзындығы 50,5 километр болатын жабық нөсерлі кәріз жүйесін салу; 

  • тік дренаждар жүйесін (62 ұңғыма) және Сырдария өзенінің жағалары бойында ұзындығы 16,7 километр болатын бөгет алды көлденең жабық коллекторлар салу; 

  • су жинау құрылыстары бар қолданыстағы магистралдық суландыру арналарын қайта жаңғырту (15 километр), перспективалық құрылыс салу аумағында суландыру арналары жүйесін (68 километр) және үй іргесіндегі учаскелер мен қаланың жасыл желектерін суаруға арналған арықтар жүйесін (346 километр) салу;

  • Қорқыт Ата ескерткіші ауданындағы бөгет металдан жасалған шпунттық қабырғалықтармен бекітіледі. Бөгеттің үстінен асфальт жамылғысы бар жол төселеді. Қаланың орталық бөлігіндегі бөгет тамашалау алаңдары мен суға таяу баспалдақтары бар жағалауды абаттандырумен бірге жасалады.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Сумен жабдықтау 

Перспективада қаланы сумен жабдықтау көздері Қызылорда кен орнының жерасты сулары (75,0 мың м 3 /тәулік), Қызылжарма кен орнының жерасты сулары (6,2 мың м 3 /тәулік) және Сырдария өзенінің жоғарғы ағыны (22,5 мың м 3 /тәулік) болып табылады. 

Бас жоспарда қаланы сумен жабдықтау жүйесін дамытудың мынадай бағыттары көзделген: 

  • оның өнімділігін Q ор.тәулік - 88,3 мың м 3 /тәулік, шаруашылық - ауыз су, өнеркәсіптік және өртке қарсы су құбырының (Q ең жоғ.тәулік   - 103,71 дейін ұлғайта отырып, қолданыстағы су құбыры жүйесін сақтау және дамыту; 

  • техникалық сумен жабдықтау жүйесін салу (Q ор.тәулік - 31,64 мың м 3 /тәулік; Q ең жоғ.тәулік - 32,16 мың м 3 /тәулік); 

  • ұзындығы 116,0 километр болатын су айдау жүйелері мен су құбыры тораптары алаңдарын, техникалық су құбыры мен тораптарын (16,0 километр) және ұзындығы 218,2 километр болатын магистральдық және су құбыры тораптарын салу есебінен сумен жабдықтау жүйесінің сенімділік деңгейін жоғарлату.

Су бөлу

Кәріз су жүйесін дамыту бөлігінде бас жоспарда мыналар көзделген: 

  • 2007 жылы салынған және пайдалануға берілген қуаттылығы тәулігіне 70 мың м 3 сарқынды суды биологиялық тазарту станцияларындағы сарқынды суды тазарту есебінен кәріз жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін жоғарлату;

  •  қолданыстағы қысымды (38,8 километр) және 60,2 километр өздігінен ағатын коллекторларды қайта жаңғырту; 

  • кәріз торабын дамыту, жаңа магистралдық коллекторлар мен қысымды құбырларды (191,4 километр) салу, қолданыстағы сорап станцияларын қайта жаңғырту (27 бірлік), жаңа айдау сорап станцияларын (35 бірлік) салу; 

  • қала кәрізіне зиянды заттар қоспасының жіберілуін болдырмау мақсатында кәсіпорындарда қазіргі заманғы технологиялық процестерді енгізу, аэрация станцияларында биологиялық тазалаудың жаңа технологиясын енгізу есебінен сарқынды суды тазалау технологиясы мен сапасын жетілдіру.

Қызылорда облысының аумағы пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар, шикізат материалын өндіруге қажет минералды-шикізат базасына да бай. Олар сапалы және арзан құрылыс бұйымдарын шығаруға мүмкіндік береді.

Осы факторларға сүйене отырып, құрылысқа арналған алаң ретінде Қызылорда облысы Қызылорда қаласын таңдадық.