Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алишер 33.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.06 Mб
Скачать

Сурет-2.5.1

Таңдамаға сұраныс нэтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сұрыптауды колданамыз. Төменгі бланкінің сол жағында Сүрыптау деген жол орналасқан. Сол батырмаға екі рет басу арқылы ашылған тізімнен сүрыптау әдісін таңдап алуға болады: өсу немесе кему бойынша. Төменгі бланкінің Экранға шығару жолында жалпы жағдайда Барлық өрістер үшін экранға шығарылсын деген (V) жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мэліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сәйкес жалаушаны алып тастауға болады.

Сұрыптау шартын пайдалану мәліметтерді кандай да бір критерий бойынша сұрыптауды қамтамасыз етудің қосымша құралы болып Сұрыптау шарты есептеледі. Оған сәйкес келетін жол Үлгі бойынша сұраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналасқан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.

Есептеулері бар сүраныс - бұл сұраныс берілген өрістерде, қандай да бір есептеулер жүргізу қажет болғанда қүрылады. Ол үшін мэліметтер базасын ашқан соң пайда болатын негізгі терезеден Сүранысты таңдап, оны

Конструктор режимінде құрамыз. Сұраныс конструкторы терезесінде өріс жолына сэйкес формуланы жазу қажет. Ең дұрысы, өрнектерді дайындауды Өрнектерді тұрғызушы терезесінде жүргізу. Түрғызу терезесі төрт аймақтан түрады:

• бірінші аймақта енгізілетін формула немесе өрнек орналасады.

Ал төменгі үш аймақ дайын стандартты функцияларды таңдап алу үшін қолданылады:

  • екінші аймақта сұранысқа арналған барлық түптектер тізімі көрсетіледі;

  • үшінші аймақта - екінші аймақтан таңдалынған түптектің элементтері бейнеленеді;

  • төртінші аймақта - үшінші аймақтан таңдалынып алынған элементтің ішкі элементтер жиыны жатады.

Өрнектерді түрғызушы терезесін ашу үшін Сүраныс конструкторының аспаптар панелінде Тұрғызу батырмасын басамыз.

Өрнектерді тұрғызушы терезесіндегі формулаға стандарттык функцияларды енгізуге жэне ол туралы анықтама алуға болады. Қолданушы сол алынған функцияның мэндерін енгізсе болғаны.

Өрнектерді түрғызушы терезесінде өрнекке стандартты функцияны енгізу үшін мэліметтер түптегі тізімінен (екінші аймақтан) Функция қаптамасын ашып, Енгізілген функциялар қаптамасын таңдап алу қажет. Ал ортаңғы аймақтан, яғни үшінші аймақтан функция категориясын таңдап алып, ең соңғы аймақтан өзімізге қажетті функцияны таңдап алып, Кірістіру батырмасын басу керек.

Мәліметтер қорын қолданушы тек дайын сұраныстармен жүмыс істей алады. Егер жобалаушы құрған сүраныста бағасы 80 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп алуды ғана қарастырса, онда біз бағасы 400 теңгеден аспайтын кітаптарды іріктеп ала алмаймыз. Өйткені оған сэйкес сүраныс дайындалмаған. Осы жағдайда параметрлі сұранысты пайдаланамыз, яғни параметрдің мэнін өзіміз енгізу аркылы, бағасы көрсетілген параметрден кем кітаптар санын шығарып аламыз. Параметрлі сүранысты құру үшін сұраныс бланкісінің төменгі жағында Экранға шығару жолындағы жалаушаны алып тастаймыз. Іріктеу шарты жолындағы сэйкес өрістің астына [Параметрді енгіз] деген мәтінді теру қажет.

Қорытынды сүраныс электрондық кестелердегі қорытынды функциялардың қолданылуындай қызмет атқарады. Топтау амалдарының көмегімен қайсібір өрісте қорытындылау функцияларын құруды жеңілдетеді. Қорытындылау функцияларына - avg (орта мэнін табу), sum (қосындыны есептеу), max (ең үлкен мэнін табу), min (ең кіші мэнін табу), count (берілген аргументтер санын анықтау) т.б. жатады.

Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс конструкторының аспаптар панелінде Топтау операциялары батырмасын басып, сүраныс бланкісінің төменгі жағына Топтау операциясы жолын енгізу қажет. Қорытынды жүргізілетін өрістің ұяшығында топтау операциясын таңдап аламыз.

  • Сүраныс құру үшін: мэліметтер қорын ашыңыз.

  • Сүраныс анықтамасын ашып, зерделеп алыңыз.

Қосымша сұранысқа өтіңіз —> создать —> конструктор —> диалогтық терезедегі кесте қосу—> закрыть мәліметтер қоры схемасы пайда болады.Төменде конструкторлық сұраныс терезесінде кесте атын, .тиісті өрістерді қалыптастырыңыз. Екі рет кезегімен негізгі кестедегі есімдерді басып, ата-тегін алфавит бойынша орналастырыңыз.