Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айгерим.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.14 Mб
Скачать

2009-2011 Жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өзгеру серпіні

Көрсеткіштердің аты

2009

2010

2011

Тіркелген субъектілер саны

1927

2071

2215

Белсенді субектілер саны

1882

2025

2170

Оның ішінде, заңды тұлға

174

177

180

Белсенді субъектілер саны, бірлік

129

131

135

Шаруа қожалықтары

298

310

317

Жеке тұлғалар

1455

1584

1718

Салық түсімі (млн.теңге)

180

200,4

266,8

Өнімді шығару

999,1

1050,5

1077,1

Барлық жұмыспен қамтылған адам саны

3593

3658

3658

«Бизнестің жол картасы‒2020» бағдарламасы шеңберінде кіші және орта кәсіпкерлікке қолдау жасалады. «Бизнестің жол картасы‒2020» бағдарламасының басты мақсаты‒экономиканың шикізаттық емес секторларында өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ бар жұмыс орындарын сақтай отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу.

Арал ауданының әкімшілік аймақтарының жалпы сипаты

Арал қаласы

1924 жылы шілде айының бірі күні Қазалы уездік комитетінің шешімімен Арал поселкасі аудан орталығы болып бекітілді.

Бір ескертетін жағдай 1923 жылдың 3 наурызында Арал болысы құрылып, ол Қазалы уезінің құрамына енген. 1924 жылы Ақмешіт және Қазалы уездері Қазақ АКСР- і Сырдария губерниясының құрамына енген. 1927 жылы 17 қаңтарда Қазалы уезі тартылып, оның болыстарынан Қызылорда округінің аудандары құрылды. Арал және Қамыстыбас негізінде арал ауданы құрылды.

Арал қаласы 1905 жылы Ташкент темір жолы құрлысына байланысты жұмысшы қыстағы ретінде салынған. 1938 жылы қала мәртебесін алған. Аральсулфат 1932 жылы натрий сульфат тұзын өңдеуге байланысты пайда болған. 1974 жылдан қыстақ деп аталады.

Арал қаласы «Алты құдық» деп аталған. Алғашында теңіз жағалауында бірнеше үйден тұратын шағын ғана елді мекен еді. Ол кезде теңіз жағасында тұщы су алатын құдық болмағандықтан жергілікті халық ауыз суды теңзіз жиегіндегі қиыршық арасынан құдық қазып, жиналған суды ішуге пайдаланған. Жергілікті тұрғындар мал бағып өсірумен, балық аулау кәсіпшілігімен айналысты.

Арал қаласының ірге тасы 1901-1910 жылы теміржол салынғаннан бастап қаланды. Темір жол қатынасы басталысымен теңіздің оңтүстік жағалауындағы Қарақалпақ, Түрікменстан елдері мен жол қатынастары дамыды, ол қаланың өркендеуіне ықпал етті.

Арал қыстағына теңіз жағалауынан, Қарақұм өңірінен жергілікті қалықтар көшіп келіп қоныс аударып, отырықшылыққа айналды Алғашқы кезде казіргі Арал қаласы теңіз жағасында бөлек бөлек сорлар арасындағы үйлер болатынды, олар негізінен қамыстан, қамкірпіштен тұрғызылған еді. Балық өнімінің өсуіне байланысты қалада сауда саттыққа кең жол ашылды. Жеке кәсіпкерлер, саудагерлер өздерінің дүкендерін, базарларын және тұрғын үйлерін салды.

1901-1910 жылдары арал елді мекенінде темір жол вокзалы, су мұнарасы, жүк тиеп және түсіретін орны, қоймалар, мектеп, клуб және тұрғын үйлер бой көтерді. Құрылыс материалдарына жергілікті жерден дайындалған күйдірген кірпіш, қамыс, тастарды пайдаланды, ағаш материалдарын басқа жерлерден тасымалдады.

Қамыстық құрлыстық маңызы зор. Одан шом жасап, байланыстырып үй қабырғасын тұрғызу осы күнге дейін орын алып отыр. Ол үйлер қыста жылы, жазда салқын болады, бойына ылғал тартпайды. Бұдан қамыстық маңызды құрылыс материалы екенін білуге болады.

Арал балық тресінің балықшылар мәдениет үйі, бұрынғы аудандық кеңістік екі қабат үйлері қамыстан жасалынған еді. Ұзақ тұрды, қаланың ажарын келтірді. Балықты аулауды көбейту әртүрлі қосымша шаруашылық үйлерін салуды қажет етті. Балық өңдейтін, тұздайтын, кептіретін және ақтайтын цехтар, қоймалар балық комбинатынының ішінде салынды. Олардың әрқайсысы балықшылар өмірін елестететін. Аралда Марков, Патекеев атты кәсіпшілер болды, олардың үйлері 1910 салынған. Казіргі Мақатаев көшесінде ағаштан соғылған 7-үй бар.

Теңіз жағалауында балыққа байланысты қайықтар тоқтайтын, жүк тиейтін және түсіретін порттар қоймалар салынды. Бұлар теңіздің бір жиегін алса, екінші жиегін мемлекеттік Арал параходствасы өзінің қайықтар тоқтайтын, жүй тиейтін және түсіретін порттарымен, алып крандарымен қалаға көрік беріп тұрды.

Арал қыстағы күн санап үлкейіп, өнеркісіп орталығына айнала бастады. Мұнда 1913 жылы 1926, 1930 жылы 4400, 1940 жылы 6270 адам тұрды. Казір Арал қаласының 35 мыңға тарта тұрғыны бар.

Сол жылдарда Аралда бастауыш мектебі ашылды, соның негізінде № 14 орта мектеп ашылды.

Арал теңізі порты да кеңейе түсті. Мұнда алғашқы уақытта ағаштан жасалған және бумен жүретін кемелер саны көбейе түсті, олар басқа елдерге жүк және жолаушылар тасыды. Отан соғысында және соғыс жылдарында портты жүк тиеу және қолмен атқарылды. Бұл кезде грузчик (жүк тиеуші немесе тасушы) мамандығы артықшылықпен пайдаланды. Көптеген қазақ жігіттері осы қызметті атқарды, жалақылары да жоғары болатын.

Соғыстан кейінгі жылдары бұл жұмыстар механикаландырылды. 1930 жылы портқа темір жол тармағы тартылып, екі үлкен кран да құрастырылды.

Порт жанында су вокзалы болды, оның әсемдігі кез келген жақсы безендірілген темір жол, әуе вокзалдарынан бірде кем емес еді. Оның жанында ағаштан соққан екі қабатты көркем асхана, мейманхана және қона үй болатынды. Порттық қала бетінде екі қабатты кірпіштен салынған тұрғын үйлер де бар. Сөйтіп сол су вокзалы халыққа қызмет көрсетіп келді. Жиекті жағажай(пляжъ) болды. Бұл жерде, су болды. Бұл жерде, су 30-40 метр тереңдікте қазылып қойылған еді. Суға сүнгейтін, қарғитын баспалдақтар болды, ертелі кеште балалар да, ересектер де сол жағажайда демалатын. Осылардың әсері болуы керек. Аралдың мектеп оқушылары, әсіресе Крупская атындағы мектеп оқушылары, жүзуден Республикадан бірнеше рет біріншілікті жеңіп алған. Оқушылардың бұл игілікті ісіне мұғалім Иван Данилович Шульга ұзақ жыл басшылық жасады.

Қайран Арал! Казір осы жерде тұрып көз салсаң сондай қызықты өмір болыпты деп ойлау да қиын.

Арал теңізі порты және балық тресі аралығында темір жолы тартылды, трест жанынан мұз қала-тоңазытқыш цехі іске қосылды. Ал көлемді, тәулігіне 30 тонна балық істейтін цех 1965 жылы ғана берілді.

Арал көркейген үстіне көркейе, әсемдене түсті. Аудандық байланыс торабының, балықшылар колхоздары одағының, жаса маряктар дайындайтын учелище үйі, банк және басқа да өндірістік орындар салынды. Аудандық балықшылар тұтыну одағының үйі, оның жанында дүкендер, жасақталған базардың үйі бәрі сәнді болып көрінетінді.

Алғашқы кезде 20-40 жылдарда, қала әр жерде ауыл-ауыл болатынды. Сойырғас төбе, Шіркеу төбе, Ермек төбе, Дермен төбе, Атшабар төбе т.б. деп бетін Шанхай деп атайтын, онда соғысқа дейін бастауыш мектеп, бірнеше типтік көркем тұрғын үй, аурухана болды.

Халықтың көбеюіне байланысты кейіннен бұл ауылдардың арасы қосылып, біртұтас көше көшеге бөлініп қала орталығына айналды. Шіркеу төбеде орыс мешіті болды. Жарбол ишанның мешіті қазіргі №14 орта мектеп жанында, Ноғай мешіті милиция кеңесінің орнында болатын. 1934 жылы Ленин көшесінің бойында аудандық өлкетану мұражайы құрылды, бірақ ол 1948 жылы таратылып, мүліктері облыстық мұражайға берілген. 1998 жылы қайта ашылды. 1936 жылы «Колхозшылар үйі» деп аталатын екі қабат қонақ үйі осы күнгі орталық алыңға салынған еді, ғимарат 1967 жылы өртеніп кетті.

Арал ауданының республиканың экономикалық өміріндегі жоғары мәртебесін дәлелдейтін бір мысал келтірейік. 1928-1930 жылдары Қазақстан үшін одақтан бөлінген бір миллион сом қаржы Арал балықшыларына берілді. Бұл қаражатқа 3 отбасылық, 20тұрғын үй, балық кәсібіне мамандар дайындайтын оқу комбинаты, теңіз портының жұмысшы қызметкерлеріне орталық көше бойында бірнеше құрастырылмалы тұрғын ағаш үйлер бой көтерді.

Арал қаласында 30-40 жылдарда «судоремонтный» зауыты салынды. Судоремонтный зауытының негізгі 1909 жылы қаланған, жай ғана шеберхана болған, онда екі токор, екі слесарь және жүк тиеуші-түсіруші, бір шебер жұмыс істеген. 1925 жылы жаңа механикалық цех және электростанция салынды. Басқа да бірнеше цехтар болды. 1927-1930 жылдарда 1710 тонна жүк көтеретін қайықтар жасалынған. Шеберханаларда 128 жұмыс істеген. 1938 жылы жаңа өндірістік үй салынған, онда бірнеше жаңа техникалар орнатылып, 460 адам жұмыс істеген. Одан кейінгі жылдарды зауыт механикаландырылған ірі өндіріс орнына айналды. Өз өнімін бірнеше мекемелерге жіберіп отырды.

Қаланың зауыт орналасқан бөлігін халық «курорт» деп атады. Мұндағы монша 40-50 жылдай сақталды.

Арал қаласының көркін мынадан ақ байқаймыз: 2 мәдениет үйі «Балықшылыр», «Маяк», екі парк, 2спорт алаңы болды. Мұндай мәдениет орталықтары 50-60 жылдарға дейін көп жерлерде болған жоқ.

Арал қаласында 1934 жылы шағын астық өнімдерін тарту базасы ұйымдастырылды, ол кейінгі жылдары тәулігіне ондаған тонна шығаратын іргелі механикаландырылған кәсіпорындарға айналды.

Арал қаласында 1935 жылы «екінші бесжылдық» өнеркәіп артелі құрылды. Бұл өзін-өзі қамтамасыз еткен мемлекеттен ешбір қаржы алмай іс-әрекет ететін өнеркәсіп мекемесі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ауданның халқын байпақ, тон, терпіден тіккен құлақшын, костюм, пальто, көйлек т.б. дүниелермен қамтамасыз етіп тұрды. Артель жергілікті шикізат негізінде жұмыс істеді.

Осы жылдарда Қызылорда облысында 20-ға жуық осындай жергілікті шикізатқа негізделіп құрылған артелдьдер болды. Бұлар халықты құрылыс материалдарымен де қамтамасыз етті. Үйлерін, жөндеуден өткізді т.б. тұрмыстық мәселерімен айналысты. Облыс орталығында одағы болды, ол демократиялық негізде жұмыс істеп, беделі де жоғары еді.

Дегенмен 60 жылдардың басында бұларды қысқартты, мемлекеттік қарамағына алды. Арал халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1963жылы Аманөткел-Арал су құбыры жүргізілген еді. Бірақ, ол дәрия аяғындағы судың сапасының нашарлауына байланысты су беруді тоқтатты. Ал, сол 1963 жылға дейін Арал қаласы ауыз суды теміржол су құбырынан пайдаланылды, халыққа атарбамен су тасылып сатылды. Ол су құбыры Райым су станциясы арқылы жүргізілген, оны 1904 жылы патша үкіметі жүргізді. Қазір қала халқы оның игілігін әлі көруде.

Арал халқын жарықпен қамтамасыз ету күрделі мәселенің бірі болатын. Бірсыпыра жылдар қатарынан ведомоства аралық электрстанциялар жұмыс істеді, халыққа жарық берді. Қалай болғанда да Арал қаласының да, ауданның селолық тұрғындары да барлық уақытта жарық қиындығын көрген емес. 1961 жылы Арал қаласына жылжымалы энергопоезд келді, қалаға толық жарық беріп, ол кейіннен жоғарғы кернеулі электр желісіне қосылды.

Соғыс жылдарында Шевченко атындағы мектепте және BOXP-дың (военоозированная охрана Аральского карта) уйінде Мәскеуден көшіріліп әкелінген мал дәрігерлік академиясы орналасты, ал оқушылар детдомның (жетім балалар) үйіне көшірілді.

Қалада 20-дан астам орыс, татар, украин, түрікмен, белорус, қалмақ, шешен, латыш, эстон, еврей, және басқада ұлттардың отбасы басқа жақтан келіп қоныс тепті.

Арал қаласының экономикасы Ұлы Отан соғыс жылдарында өркендей түсті. Севостопольден келген консерві зауыты балық комбинатында орналасты. Сонда кептірілген балықтар шығарылды. Осы жылдарда балық армияны тамақпен қамтамасыз етуге вагондап жиберілді.

Қалада сауда саласының екі түрі болды. Бірі қалалық кооперациясына бағынады, мал шаруашылығы саласында селолық тұтыну одағы қызмет көрсетті. Қалай болғанда да қала халқының тұрмыстық жағдайы төмен болған жоқ.

Нәбитжан Сариев қалалық кеңесті ұзақ уақыт басқарды, жемісті еңбек етіп, халық құрметіне кенелді. Нәкең өз ісіне берілген, халықтың нағыз жанашыр азаматы еді.

Қалада алғашқы балалар бақшасы, Қалада алғашқы балалар бақшасы, 520-30 жылдарда-ақ, порт балық тресі жанынан ашылды. Алғашқы дәрігерлік пункт Арал станциясының жанында жұмыс істеді. 1929 жылы 25 орындық аурухана іске қосылды. Тері ауруын, өкпе ауруын емдейтін арнаулы поликликалар салынды. 1960 жылы қалалық поликлиника ашылып, ал қонақ үйіне арналып салынған үйге орналасты. 1979 жылы қалада 175 орындық аудандық аурухана пайдалануға берілді, 1972 жылдан бастап 100 орындық перзетхана қызмет көрсетті.

Ал, Мұса Сәдібекоа Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол соғыстан кейінгі жылдары ауданға оралды. Қамбаш, Тұзтресі, Сексеуілде, Арал қаласында мектеп директоры, қалалық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды, адал, іскер, адамдарға қамқоршы, қадірменді ұстаз, аға, азамат болып аудан еңбекшілерінің есінде сақталуда.

Әбдіраш Сейілханов 1986 жылы Арал қалалық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Әбдіраш осы жылдарда теңіздің қайтуына байланысты қиыншылықтарға қарамастан, қала экономикасын, халықтың әлеуметтік мәдени тұрмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді.

Арал қаласының іргетасының қаланғанына 100 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Арал іргелі өндіріс, Мәдени ағарту орындарының орталығы болып табылады.

Қалада сан-салалы инфрақұрылымдар жетілген. Аудан орталығында 8 мектеп, 3 балабақша, өнер, спорт, мектептер мен оқушылар үйі жұмыс істейді. Денсаулық сақтау орындарының қызметі мен материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Мәдени ошақтары халықтың рухани байлығын дамытуға қызмет етуде. Сонымен бірге телекоммуникацияны, байланыс, автокөлік, құрлыс салалары өркендеу үстінде.

Соңғы жылдары қалада құрлыс жұмыстары қолға алынып, көшелерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала қақпасы-теміржол вокзалы жаңа сәулетке ие болды.

Орталық алаңды абаттандыру және көкалдандыру жұмыстары әрдайым назарда. Арал- үкіметтің шағын қалаларды дамыту бағдарламасына еніп отыр, соның аясында көп жұмыстар атқарылуда.

Қалада 170-тен астам көше бар. Көше комитеттері тұрғындармен тығыз байланыс жасай отырып, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеуде.

Аралдың өсіп, өркен жаюы қуанышқа кенелтері сөзсіз. Туған қаланың тұғырлы, мәртебелі, сәнді де, әсем болуы әрбір тұрғын мақтанышы болатыны айдан анық.

Аманөткелаулықтық округі

Ауылдың округ орталығы Аманөткел.

Құрылған жылы: 1921. Халық саны: 2398.

Аманөткел елді мекені Сырдарияның шығыс жағалауындағы тегістікте орналасқан. Оның Аманаткөл атану себебі Сырдария өзеніндегі қайық өкелін ұлты қарақалпақ Аман деген адам ұстаған. Аманның өткелі кейін осы жердің Аманөткел аталуына негіз болған.

Октябрь революциясына дейін халық Қамыстыбас, Ақшатау көлдері айналасы мен Сырдария өзендері жағасын жайлаған майда елді мекендерде өмір кешкен.

1921 жылы Сартай, Ақшатау, Мырзас, Шенгелді, Сарыкөл, елді мекендері негізінде №17 Аманөткел ауылдық Советі ашылды. Шегаралары белгіленіп, 20 мың гектар жер бөлінді.

Аманөткел ауылдық Советі көлемінде 1928 жылы Аманөткел, Шенгелді, Арғынбай, Табанқұдық серіктестіктері біріктіріліп, Аманөткел балық колхозы болып құрылды.

Аманөткел колхозының Ақшатау елді мекені негізінде 1937 жылы Ақшатау балық колхозы құрылып бөлініп шықты.

1938 рыбак союз және Рабкооп ашылды, 8 март және “Социализм”

атындағы ауыл шаруашылық артеелі болды.

1928 жылы Рыбак союз және Рабкооп ашылды, кейін Рыбаксоюз Аралға, рабкооп Бөгенге көшірілді.

1957 жылы Ақшатау колхозы қайтадан Аманөткелге қосылып Аманөткел іріленген колхозы болып құрылды. 1962 жылдың мартында Аманөтккел колхозы Бөген мемлекеттік балық аулау базасына қосылып, Аманөткел, Ақшатау балық аулау бөлімшелері болып қалды. 1966 жылы Ақшатау балық аулау бөлімшесіне біріктіріліп 1974 жылға дейін балық аулау бөлімшесі болды.

Қазіргі кезде Аманөткел ауылдық округіне қарасты Аманөткел,иАққұдық, Ақшатау. Халыққа қызмет көрсететін бір жанұялық емхана, 2 фельдшерлік пункт, Мәдениет үйі, қалалық театры, клуб, кітапхана бар. Орта мектеп, орталау мектеп және бастауыш мектепте 560 бала оқып білім алады. 15 балалық малалық мектеп интернаты, музыка мектебінің филиалы жұмыс істейді. Ауыл тұрғындарына су құбыры, АТС, пошта және барлық бағытта күнделікті автобус қатынасы қызмет етеді.

Аманөткел ауылдық округі бойынша 2 жауакершілігі шектеулі серіктестік 15 шаруа қожалығы ұ кәсіпкер патент негізінен де қызмет жасайды. Аманөткел елді мекені қала үлгісіндегі ел тірегіне қолайлы, іргелі елді мекен.

Бөген ауылдық округі

Бөген ауылдық округі 1921 жылы құрылған. Жер көлемі 18316 га. Халық саны 1533 адам.

Ауыл- Аралдың солтүстік шығысында орналасқан. Бөген атауының төркіні “су қоймасы” деген мағынадан ш ыққан деген болжам бар. Ертеректе Бөген мен Көне Бөген арасында орыс-татар саудагерлері жасатқан су қоймасы (Бекіре басат) болған.

1921 жылы Бөген ауылдық кеңес құрылды.

Бөген аға ұрпақ дәстүріне адал, елдікпен ерлікке бай. Тарихи хатқа байланысты Повольже бойындағы аштыққа ұшыраған халыққа Арал балықшылары белсенділікпен қатысты.

1935 жылы балық қабылдайтын, қайықтарды өндейтін МРС мекемесі ашылды.

Жіңішкеқұм ауылдық округі

Жер көлемі - 188,6 га. Халқы – 1,5 мың. Тоқабай - жер атауы. Көне көз қарияларның айтуы бойынша, ХІХ ғасырдың аяғында өмір сүрген әрі батыр, әрі бай болған адам.

Ал 1957 жылдары колхоздарды ірілендіру кезінде Тоқабай Қарақұм кеншарының ферма орталығы болды. 1976 жылы Қарақұм кеншарынан ферма «Жіңішкеқұм» кеншары болып бөлінді.

1976 жылы Қарақұм кеншарынан совхозы – 3 елді мекені Атанши,иЖіңішкеқұм, Тоқабай елді мекендерін біріктіріп, совхоз болып құрылды.

Жақсықылыш ауылдық округі

Ауылдық округ орталығы – Жақсықылыш.

Жер колемі: - 102,6 шаршы км.

Халқы: 4689 мың.

Бұл қыстақтың тарихы – «Аралтұз» кенінің тарихымен байланысты. 1925 жылы мұнда «Тұз» деп аталатын шағын артель құрылған. 75жыл тарихы бар бұл қоныста бүгінде 773 жанұя, 4689 адам тұрады.

Қыстақ тұрғындарын басқаратын жергілікті үкмет органы 1925 жылдан 1992 жылға дейін еңбекшілер депутаттары, кейін халық депутаттары, қыстақтық кеңесі атқару камитеті, ал қазір қыстақтық округінің әкімшілігі болды.

Қыстақтағы білім ортасы - №19 орта мектебі, іргетасы 1931-1932 жылы оқу жылында ашылған бастауыш мектептен қаланған. 1951-1952 оқу жылынан бастап жеті жылдық мектепке айналды.1953-1954 жылдары орта мектепке айналды.

Қыстақта алғаш рет 1962 жылы 10 төсектік аурухана ашылды.

Қамыстыбас аылдық округі

Ауылдық округ орталығы – Қамыстыбас станциясы.

Құрылған жылы 1918 жылы.

Жер аумағы: - 21664 мың га.

Халық саны: - 4130 мың.

1904-1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолының ашылуына байланысты іргелес Қамысты көлінің жағалауындағы Қамыстыбас қонысының атауымен аталған.

Мұнда қару-жарақ соғатын ұстаханалар толық қиратылғанымен, іргестасы 1898 жылы қаланған Жанназар мешіті, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында аштыққа ұшырыған Еділ бойы халықтарына 14 вагон балық тиіп, достық көмегін созған Арал балықшыларының ерен еңбегінің куәсіндай болатын, халық арасында «Бекауыз» аталатын жүк түсіретін, тиелетін кешен, ХХ ғасырдың басында сауда орталығына айналған Қамыстыбасқа татар саудагері салдырып кеткен қарағай там-қонақ үйі, 1905 жылы салынған теміржол сынды тарихи ғимараттар салынған. Сондай-ақ қазақ елі тәуелсіздік алған жылдары «Рысмамбет имам» мешіті тұрғызылған.

Қазір Қамыстыбас станциясында іргесі кеңес өкметінің алғашқы жылдарында қаланған орта мектеп, аурухана, ауылдық кітапхана, мәдениет үйі бар.

Қаратерең ауылдық округі

Орталығы – Қаратерең ауылы.

Халық саны:- 1531 мың.

Жер көлемі:- 532,2 шаршы км.

1930 жылдар шамасында теңізден екі арал байқалып, кейін балықшылар мекендеген «Қосарал» атты жер болып халық қоныстанған.

1930 жылдан бастап «Бірлік», «Көпбірлік», балық аулау бірлестіктері, «Шевченко» колхозы құрылған.

Қосарал кейін Қаратерең болып 1938 жылдары аталған.

1961 жылдардан бастап Көзжетпес, Қасқақұлан, Баян елді мекендеріндегі балық аулау аулаушылары бірігіп, Шевченко колхозы, ізімен «Қуаңдария» балық зауыты болып құрылған. Қуаңдария балық зауыты 1997 жылға дейін жұмыс жасады.

Ауылда тастақ балық өсіру учаскесі орта мектеп, бір бастауыш мектеп, үш кітапхана, мәдениет үйі, емхана, баланыс бөлімшесі, АТС, су құбыры т.б. бар

.

Райым ауылдық округі

Округ орталығы – Қызылжар.

1939 жылы құрылған.

Жер көлемі 199,9 шаршы шақырым.

Халық саны: 2,5 мың

Орталығы Райым ауылы болған. 1960 жылы Сырдария өзенінің батыс бетіндегі Қызылжар ауылына көшірілді. Округке қарасты 6 елді мекен бар. Олар- Қызылжар, Шөмішкөл, Райым, Водакачка, Ескіұра, Қосжар ауылдары.

Райым ауылдық округі жанындағы іргелі өндіріс орны болған Райым колхозы.колхоздың және жергілікті халықтың кәсібі- балық аулау.

Қазір 2700 халық тұрады. Ауылда орта мектеп, емхана, мәдениет үйі, кітапхана бар.

Құланды ауылдық округі

1938 жылы құрылды.

Шалқыған Арал теңізінің дәл ортасында орналасқан Қөкарал аралында тұрғындар негізінен балық аулап, аздап егіншілікпен де айналысқан.

Көкаралда алғашында серіктестік, артель ұйымдастырылып, ауыл адамдары балық аулауға біріктірілген. 1929-1930 жылдары балық колхозы ұйымдастырылып, оған Ленин есімі берілген. Ал, Авань, Ақбасты, Құланды түбегінде де дәл осындай серіктестік, кейін артель ұйымдастырылып, калхоздар біріктірілген. Көкаралдағы калхозға Ленин, Авандағы Сталин есімі берілді. Құландыдағы калхоз Жаңа жол деп аталды.1920-40 жылдарға дейін Көкаралда,Ауанда, Құландыда бастауыш мектеп қана болған. Соғыстан кейін сегіз жылдыұ мектеп құрылған.

Сексеуіл ауылдық округі

Арал ауданының қайта түлеп, өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының одан әрі жақсаруына оң әсерін тигізіп келе жатқан елді мекеннің бірі Сексеуіл кенті. Елді мекен 1937 жылы құрылып, 3472 гектар жерді алып жатқан, 11 мың халқы, 2200-ге жуық қожалығы бар, аудан орталығынан 56 шақырым қашықтықта орналасқан, тұрғындар саны жағынан республикадағы және облыс көлеміндегі кейбір аудан орталықтарының санымен тең болатын ірі кент саналады. Оған қарасты 6 ауыл бар. Сексеуіл кенті тұрғындарының 60 пайызға жуығы ел экономикасының күретамыры саналатын – теміржол саласында жұмыс істейді. Кезінде кенттегі әлеуметтік нысан­дар мен инженерлік құрылымдар темір­жолға қарап келген. Кейін Қазақстан темір­жолындағы құрылымдық өзгерістерге байла­нысты, Сексеуіл кентіндегі әлеуметтік нысандар, инфрақұрылымдар, инженерлік жүйелер кезең-кезеңмен коммуналдық меншікке қабылданып келеді. Қазіргі таңда, Сексеуіл кентінде 3 орта мектеп, 1­ мемлекеттік, 1 жеке бала-бақша, 1 мәдениет үйі, 1 спорт мектебі, 2 локомотив темір­жол деполары, 1 аурухана, 1 емхана, кент тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған «Сексеуіл Су Сервис» МКК және басқа да мекеме-кәсіпорындар халыққа қызмет көрсетуде.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Сексеуіл кентінде 4,5 миллиард теңге республикалық бюджет қаражатына әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылады деп жоспарланып отыр. Олардың қатарында Сексеуіл кентін газдандыру, №177, №87 орта мектептерді, Жауқазын балабақшасын, спорт мектебін күрделі және ағымдағы жөндеу, 26 шақырым тротуар жасау, 15,2 шақырым автокөлік жолдарын, ауызсу жүйесін жөндеу, кент көшелерін жарықтандыру сияқты жобалар іске асырылмақшы. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаражатына бір мезетте 30 адамды қабылдайтын ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысы, ауызсу және электр жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Сексеуіл кентінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен халыққа қызмет көрсету салаларын көтеруге мүмкіндіктер зор. Қолда барды саралай келе, 2015 жылға дейін 14 индустриялық-инновациялық жоба жүзеге асырылатын болды. Онда 489 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін мүмкіндік туады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 5 жоба ұсынылып отыр, оның ішінде киізден жасалған өнімдер мен жіп өндірісін дамыту үшін жүн өңдеу пунктін ұйымдастыру және 20 бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен мал сою пунктінің құрылысы жобалары бар. Қымыз бен шұбат дайындау цехын ұйымдастыру және тамшылатып суару әдісімен 0,5 гектар жерге жылыжай салу арқылы көкөніс өнімдерін өндіру жобалары іске асырылады. Сонымен қатар, Сексеуіл кентінде тәулігіне 500 литр сүт қабылдайтын пунктін ұйымдастыру жобасы жұмыс жасайды.

Халыққа қызмет көрсету саласы бойынша 6 жоба ұсынылып отыр, оның ішінде 75 орындық жеке балабақша құрылысы және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен жоюды ұйымдастыру жобалары іске асырылады. Бір ғимараттың ішінде дәріхана, дәмхана, сұлулық салонын ұйымдастыру және өндірістік қуатын көтеру үшін нан өнімдері цехын жаңғырту жобалары да бар. Бұдан бөлек спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы және арнайы киімдер тігу цехын ашу жобалары қолға алынатын болады.

Құрылыс саласы бойынша 3 жобаны іске асыру көзделіп отыр, оның ішінде құрылыс материалдарын өндіру және құм өндіру орнын ұйымдастыру жобаларын атап айтар едік. Сондай-ақ, 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін «Бейнеу-Жезқазған» теміржолының құрылысы да 14 жобаның қатарында. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда өндірісті дамытып, салық түсімдерін арттырып, экономиканы көтерумен қатар, әлеуметтік салаға да оң әсерін тигізері анық. Халықтың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін арттырып, жұмыспен қамту проблемаларын шешетін болады.

Бұл жұмыстардан бөлек, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолы және «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының өтер тұсында тіршілік кешіп отырған Сексеуіл кенті әлеуметінің болашағы баянды екенін сеніммен айтуға болады.

Елбасының айрықша қолдауымен 2012 жылы ауданның жерін көктей өтетін, ғасыр құрылысы деп бағалауға тұрарлық «Жезғазған-Сексеуіл» теміржолының құры­лысы басталды. Ұзындығы 517 шақырымды құрайтын болат жолдың бойынан 13 станса, 30 теміржол бекеті бой көтеріп, көптеген инфрақұрылымдар салынып, өндіріс пен бизнестің дамуына қолайлы жағдай жаса­латын болады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Сексеуіл кентінің дамуы үшін 20 миллиард теңге инвестиция салуды жос­парлап отыр. Жүзден астам қызметтік бас­пана теміржол саласының еңбеккерлерінің игілігіне беріледі және жұмыс орындары ашылатын болады деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы күрделі құрылыс басында мыңға жуық жұмысшылар еңбекке араласып, жұмыс қарқынды жүргізілуде. Теміржол құрылыс кәсіпорындары арқылы жаңа вокзал ғимараты, екі пәтерлі 64 қызметтік тұрғын үй, 300 орындық мектеп спорт залымен, 280 орындық балабақша, 3,3 шақырым айналма жол, теміржол мекемелеріне қызмет көрсететін нысандар салынып, 356 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Қазір Сексеуіл кентінен 18 шақырым жерде «Бозой-Бейнеу-Шымкент» газ құбыры, «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры, 160,0 мың халықты ауызсумен қамтамасыз етіп отырған Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры өтеді. Кенттің жер көлемі ұлғайып, халық санының өсуі байқалуда. Жасалған болжам бойынша 2019 жылы халық саны 15300 адамды құрайтын болса, 2024 жылы халық саны 17700 адамға жетеді.

Биылғы жылы Сексеуіл кентін газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге облыстық бюджеттен 33,3 миллион теңге қаржы бөлінді. Бұл өңірге тартылып жатқан инвестициялар, атқарылатын ауқымды шаралардың артында жаңа жұмыс көздері, Сексеуіл кентінің халқы, олардың әлеуметтік жағдайы бар екендігі анық.

Келешек Сексеуіл кенті тоғыз жолдың торабында орналасқан еліміздің батысы мен солтүстігін және оңтүстігі мен республиканың негізгі кіндігі болып саналатын теміржол тасымалындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайының өсіп-өркендеуіне орасан зор септігін тигізетін тораптық станса болады. Арал ауданының келешекте одан әрі қарыштап дамуын қамтамасыз ету үшін, халықтың жақсылыққа толы болашаққа деген үкілі үмітін баянды ету жолында жоспарланған шаралар шешімін тауып, іске асатынына сенімдіміз. Осы жағдайда Сексеуіл кенті әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешілген, жұмыссыздықты жеңген, тұрақты жұмыс көздерімен қамтылған, облыстар ортасындағы «алтын көпір» болатыны анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]