
- •Диплом жұмысы
- •Диплом жұмысы
- •Мазмұны
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •2.Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері
- •2.1 Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы
- •2009-2011 Жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өзгеру серпіні
- •Арал ауданының әкімшілік аймақтарының жалпы сипаты
- •3.Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктері мен тәуекелділіктері
- •3.1 Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ұсыныстар
- •2.3 Арал өңірі аудандарының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндігі, қауіп катерлердің кешенді сипаттамасы
- •3.1 Арал өңірі аудандарының болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен қиындықтары
- •1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
- •1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
- •1.2.Арал өңірі халқының денсаулығы және оны әлеуметтік қорғау
- •1.3.Арал өңіріндегі экологиялық ахуалды оңалту мәселелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Бақбергенова А.
Қызылорда облысы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық
жағдайы және даму мәселелері
Диплом жұмысы
Мамандық: 5В011600 – География
Ақтөбе – 2015
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
"Қорғауға жіберілді"
География кафедра меңгерушісі
___________ г.ғ.к., доц. Кубесова Г.Т.
Диплом жұмысы
Тақырыбы: Қызылорда облысы Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық
жағдайы және даму мәселелері
Мамандық: 5В011600 – География
Орындаған: ___________ Бақбергенова А.
Ғылыми жетекшісі, г.ғ.к., доц. ___________ Сергеева А.М.
Ақтөбе – 2015
Мазмұны
Кіріспе
1.Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік мәселелері
1.1.Арал өңірінің экологиялық ахуалы
Кіріспе
Диплом тақырыбының өзектілігі. Арал өңiрiнiң қазақстандық бөлігінiң экологиялық қолайсыз аумақтарын жiктеу кезiнде экологиялық апат аймағына Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы енгiзiлген. Арал өңірiнiң жалпы аумағы 639,4 мың шаршы шақырымды құрайды. Қызылорда облысына‒226,0, оның iшiнде Арал және Қазалы аудандарына‒тиiсiнше 55,2 және 37,6-дан келедi. Ақтөбе облысының Шалқар ауданы 61,8 мың шаршы километрлiк аумақты қамтиды. Мұнда:
су ресурстарының тапшылығы;
топырақтың тұздануы;
судың пестицидтермен, гербицидтермен және басқа да қауiптi заттармен ластануы;
халықтың сапалы ауыз сумен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз етiлуi;
жайылым және егiстік жерлердiң тозуы (суармалы жерлердiң тұздануы);
тоғайлы және сексеуiл ормандарының құруы;
биологиялық әр түрлілiктiң қысқаруы сияқты ұлттық деңгейдегі барлық экологиялық проблемалар тығыз топтасып, шоғырланған.
Арал теңiзiнiң құрғауы жалғасуда, өңiр халқының тiршілігi орташа республикалық деңгейден әлдеқайда төмен қалып отыр, жекелеген нозологиялық бiрлiктер бойынша аурулар деңгейi жоғары болып қалуда.
1960 жылдан бастап Қазақстан мен Орта Азияда суландыруды қарқынды дамытудан Сырдария мен Амудария өзендерiнiң төменгi жағының су ағысы үнемi азайып отырды. Осының салдарынан Арал теңiзiнiң деңгейi тұрақты төмендедi, бұл өзен жағасының шөлейттенуiне, экожүйе жағдайының нашарлауына әкеп соқты. Жер асты суларының минералдануының артуы және Аралдың жалаңаштанған түбiнен эолдық тұзды шаң қалдықтарының көтерiлуi салдарынан топырақтың белсендi тұздану процесi, жер асты сулары деңгейiнiң ирригациялық жүйеден тыс төмендеуi мен көлденең су алмасудың жоқтығы аридизация мен шөлейттену процесiнiң дамуына әкеп соқты. Гидрологиялық жағдайлардың өзгеруi топырақтың барлық физикалық-химиялық сипатының айтарлықтай өзгеруiне, гумустың және оның әлеуеттi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне себеп болды.
Соңғы 30 жыл iшiнде Арал өңiрiнiң топырағында органикалық тыңайтқыштардың тапшылығы және суармалы судың иондық құрамының өзгеруi салдарынан гуминдық қышқылдардың бөлiнуiнен гумус құрамы 30-40%-ға төмендедi және дағдарыстық шекке жақындады. Қазiргi уақытта егістiк алқаптың 60%-ның құрамында гумустың үлесi 1% төмен болып отыр.
Жер асты сулары режимiнiң, топырақ қабатының, Арал өңiрi климатының аридизация және континенталдықтың жоғарылауы жағына өзгеруi өсiмдiктер тозуының жоғары қарқынына негiз болды. Егер 1960 жылға дейiн гидроморфтық флора (көлдi-батпақты және қамысты) шамамен 800 мың гектарды алып жатқан болса, қазiргі уақытта 100 мың гектарға жуық. Шабындықтардың өнiмдiлiгi 2,5-3 eceгe төмендедi.
Жер асты сулары деңгейiнiң төмендеуi құдықтар мен ұңғымалардың қатардан шығуына әкеп соқты, бұларсыз жайылымдардың қалыпты жұмыс iстеуi мүмкiн емес. Жайылымдардың көп бөлігін өнiмділігі 60-300 кг/га гало-ксерофиттік кешендер алып жатыр, 1961 жылға дейiн бұлардың өнiмдiлiгi 1,0-1,6 т/га құраған едi. Егер бұрын жайылымдардың флора құрамында өнiмдiлігі жоғары бағалы өсiмдiктер басым болған болса, қазiргi уақытта оларды бiржылдық сораң шөптер алмастырады, яғни түрлердiң саналуандылығы жоғалуының жылдам процесi жүруде, бұл құрғақшылық процестерiнiң көрсеткiшi және ауыл шаруашылығының дамуы үшiн қауiптi болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты–Арал өңірінде тұратын халықтың әлеуметтік ахуалын, материалдық және рухани талабын қанағаттандыру мәселелерін қарастыру. Тұтас алғанда, дипломдық жұмыс аудандағы және оның елді мекендеріндегі табиғат пен шаруашылықтың даму заңдылықтарымен, ерекшеліктерімен таныстырады.
Дипломдық жұмыс нысаны. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.
Зерттеу пәні. Арал өңірінің экономикалық және әлеуметтік салалардың түрлері, қызмет рыногының қалыптасуы мен экономикалық қатынастары, ауданның этномәдени орта ретінде даму ерекшеліктер болып табылады.
Зерттеу нысаны ретіндегі Арал өңірінің аумағы.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: Арал өңірінің географиялық ерекшеліктері және демографиялық жағдайын, шаруашылық географиясының қалыптасуы мен даму процесін, тарихын, мал шаруашылығының даму ерекшеліктерін қарастыру мақсатында төмендегідей міндеттерді қояды:
Арал өңірінің орналасу жағдайы және физикалық-географиялық ерекшеліктерін сипаттау;
Демографиялық жағдайы: табиғи өсім, көші-қон, қоныстану мәселелерін қарастыру;
Арал өңірінің шаруашылық географиясының қалыптасуы мен даму процесіне баға беру;
Арал өңірінің мал шаруашылығының даму ерекшеліктерін айқындау;
Арал өңірі шаруашылығының даму ерекшеліктерін бағалау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғылыми әдебиеттерге Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму мәселелеріне біртұтас көзқарастар қалыптасу үстінде, бірақ нақты мәліметтер мен деректер өте аз. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық мәселелері теориялық және тәжірибелік жағынан үнемі әр түрлі аспектіде қарастырылып, оның қолдану аясы кеңейтіліп отыруы тиіс.
Мәселенің деректік көзі. Шалқар, Арал, Қазалы аудандық статистикалық талдау басқармаларынан алынды. Диплом жұмысындағы экономикалық жағдайларды сипаттауда Ақтөбе облысының ресми сайттарының http: //www.akto.kz және Ақтөбе облысы санақ басқармасының htpp://www.oblstat.aktobe.kz материалдары пайдаланылып, талданды. Ақпарат жинаудың негізгі әдістері қайталама ақпаратты және алғашқы деректерді зерттеу болды. Сыртқы екінші көздер ретінде ұлттық ресми ұйымдар жарияланымдары, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің ақпараттары болды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысы бар отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық-әдістемелік, тарихи-этнографиялық, этномәдениет сипатындағы материалдар құрады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың нәтижелері сипаттау, салыстырмалы талдау әдістері, бағалау әдістері, статистикалық әдістер сынды әр түрлі тарихи және географиялық әдістерге негізделеді.
Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы мен жаңалығы. Орта және арнаулы оқу орындарындағы Арал өңірінің географиясын барынша тереңдете оқытудың қажеттілігі туындайды. Жергілікті географиялық ерекшеліктерді білу–экономиканың күрделі мәселелерін айыра білуге, облыстағы қазіргі шаруашылық жағдайды дұрыс бағалап, бүгінде саяси дербестік пен тәуелсіздікке ие болып отырған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ірі өзгерістердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі беттен, оның ішінде кесте, суреттен тұрады.