- •I «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционкерлік қоғамы
- •1.1 Қордың пайда болу тарихы мен жұмысы жайлы жалпы мәлімет
- •1.2 «Даму»кәсіпкерлікті дамыту қорының» ұйымдық құрылымы
- •1.3 Еліміздің экономикасын дамыту жолындағы қор бағдарламалары
- •II Қорда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
- •2.1 Қордың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты
- •2.2 Шағын және орта бизнес ушін арнайы салық режимі мен оның көрсеткіштері
- •2.3 Қаржылық есеп көрсеткіштері
2.2 Шағын және орта бизнес ушін арнайы салық режимі мен оның көрсеткіштері
Қазақстан Республикасында салық салу ерекшеліктері кәсіпкерлікті қолдау мен экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып отыр. Соның өзінде экономиканы мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдау өзара байланысты элементтерді ққрайтын жүйе болып қалыптасады. Бүл жүйеде басты орынды көсіпкерлікке салық салу механизімі алып отыр.
Салық жеңілдіктерінің салық төлеуден толық немесе жартылай босату, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық төлеу мерзімін ұзарту, салық ставкасын төмендету тәрізді тетіктері арқылы бір жағынан, нақты бір кезеңдегі салық түсімдерінің сомасы кемітілсе, екінші жағынан өндірістің, кәсіпкерліктің одан әрі дамуына, болашақтағы салық түсімдерінің артуына әсір етуге болады.
Өндірістегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау барысында салық жеңілдіктері мынадай мақсаттарды көздейді: монополияға қарсы күрес, бәсекелестікті қолдау мен дамыту, ендіріске ғылым жаңалықтарын енгізу, жаңа жүмыс орындарын ашу, жүмыссыздық деңгейін қысқарту, ендірілген өнімге (тауарға, көрсетілген қызметке) деген тұтынушы сұранысының артуына жағдай жасау.
Мемлекет 2014 жылдан бастап тапсырылатын салық есептілігінің санын қысқарту мақсатында салық органдарымен салық заңнамасына әр тоқсан сайынғы берілетін есепті өзгертті. Аталған өзгеріс шағын және орта бизнес субъектеріне оңтайлы әсер етті, біріншіден – салық қызметі органдарына және екінші деңгейлі банктерге жылына 4 рет емес, енді 2 рет ғана келеді, екіншіден – айналымнан босатылған қаражатын бизнесін жүргізуге жұмылдырып және консалтингтік компаниялардың қызметіне шығын жұмсамайды, бұл ең бастысы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Кесте №4. ҚР 2011-2011 жж. мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдерінің құрылымы, %
-
№
Көрсеткіштер
2011ж.
2012ж.
2013 ж.
2014 ж.
1
Табыстар - барлығы
100
100
100
100
2
Салықтық түсімдер
88.9
89,2
94,1
97,3
3
Корпоративтік табыс салығы:
34,2
36,8
39,1
40,4
а) Қосымша құн салығы
23.5
26,8
26,78
27,13
б) Әлеуметтік салық
19,9
20,3
20,8
21,1
в) Жеке табыс салығы
9,9
10,9
11,1
11,13
г) Акциздер
3,9
4,0
4,3
4,4
д) Мүлікке салық
1,3
0,24
0,3
0,3
е) Жер салығы
0,3
0,3
0,4
0,4
ж) Көлік құралдарына салық
0,65
0,70
0,74
0,82
з) Жер қойнауын пайдалан
ғаны үшін салығы
0,25
0,16
0,18
0,23
4
Басқа да табыстар
13,5
12,8
9,9
8,72
Салықтық ретеуде салықтар ставкасының мөлшері сияқты факторлардан басқа салық жеңілдіктері жүйесінің де маңызы зор. Дамудың коғам үшін қажетті: қаражаттарды әлеуметтік сфераға, табиғатты корғау мен қайырымдылық іс-шараларына, өнімдердің, жұмыстардың, қызметтерінің жаңа түрлерін өндіруге, онім мен қызмет көрсетудің әлеуметтік маңызды түрлерін үлғайтуга жүмсау сияқты бағыттары жеңілдіктер арқылы ынталандырылып отырады.
