Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.41 Mб
Скачать

5.1.2 Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары

Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары мынандай:

  • сумен қайта пайдалану жүйесін көп қолдану;

  • сумен суытудың орнына ауамен суытуды неғұрлым көбірек пайдалану;

  • бірінші жүйенің ағын суын одан әрі қайта айналымға жіберіп тереңірек тазалауды ендіру;

  • көп мөлшерде ағын судың бірден шығуын болдырмау;

  • қондырғы ішінде технологиялық конденсатты толығырақ пайдалану;

  • араластыру конденсаторларының вакуум жүйелерінде қолданылуын болдырмау немесе азайту;

  • тіке сумен араластырумен ыстық ағындар мен конденсаттарды суытудан бас тарту;

  • зауыт құрамына қажет болған жағдайда, тұзды ағындардан суды буландыру, күкіртті-сілті және шламдарды қайта пайдалану қондырғыларын қосу.

Осы талаптарды орындау таза суды пайдалану көлемін азайтады, су қоймаларына тек таза суды шығаруға мүмкіндік береді. Ағын сулар құрамында қалдық ластандырғыштар мөлшері су қоймасындағы сумен араласқаннан кейін қажетті нормадан төмендейді. 1970-1980ж. салынған МӨЗ 1т өндірілетін есептегенде таза су шығыны 5-7 есе, ескі зауыттармен (1950ж. салынған) салыстырғанда кемиді.

5.1.3 Су қоймаларын өндірістік қалдықтарынан тазарту

Мұнай өндеу және мұнай химия өнеркәсіптері технологиялық қажеттілігіне байланысты көп мөлшерде су пайдаланады. Оның көп бөлігін пайдаланғаннан кейін су қоймаларына төгіледі. Төгілетін су қалдықтары екі топқа бөлуге болады: шартты таза және ластанған.

Шартты таза сулар деп мұнай өнімдерімен араласпағандарды айтады. Олар көбінесе суыту немесе қыздыру жылуалмастырғыштарда болған. "Шартты" деп аталу себебі, ол жұмыс уақытында аппараттардың герметикалығы бұзылуы мүмкін немесе басқа да төтенше жағдайларда мұнай өнімдерімен араласуы мүмкін.

Бүлінген суларға мұнай өнімдері мен химиялық реагенттермен араласқандарды жатқызамыз. Олар электротұзсыздандыру, электросусыздандыру, резервуар сулары, майларды таңдамалы тазарту қондырғысынан келетін фенолы бар су, қышқылдық және сілтілік сулар, т.б.

Мұнай немесе оның өнімдері су қоймаларына түскен кезде су бетіне мұнай қабыршағы түзіледі. Ол ауадан суға керекті оттегіні өткізбейді. Сондай-ақ еріген немесе эмульгирленген мұнай өнімдерінің қалдықтары қоймаларда жиналып ауаны ластайды. Судағы бентос уланып, өліп қалады. Су мұнай иісі мен дәмін татып тұрады.

Өндірістік қалдықтар су қоймаларындағы сулармен араласып, санитарлық ережелердің талабы бойынша зиянды заттар мөлшері шектеулі рұқсат етілген концентрациясынан аспауы тиіс.

Ондай суларды тазартудың бірнеше әдісі бар. Соның ішінде мұнай өндеу өндірісінде негізгілері механикалық, физика-химиялық, биологиялық әдістері болып табылады.

Механикалық тазарту кезінде суда ерімеген мұнай, оның өнімдері, минералды қоспалар, үлкен жүзіп журген бөлшектер бөлініп алынады.

Мұнай өнімдерінің көп мөлшерін мұнай аулағыштардан ұстап қалады. Одан кейін өндірістік шарттарға байланысты оларды тұндыру қоймаларына қосымша тұндыру үшін немесе тағы бір рет тазарту қондырғысына жібереді. Әдетте тазартылған су қайтадан өндіріске жөнелтіледі. Кейбір зауыттар авария кезінде көп мөлшерде канализацияға немесе жаңбырмен зауыт ауласынан шайылып кетпес үшін төтенше жағдайлық қоймалар салады. Қазіргі заман зауыттарында шартты таза суларды, суығаннан кейін, тазартудан өткен ластанған суды жыл сайын су қоймаларына аз тастайды. Оларды қайта процеске жөнелтеді. Мұндай қайта қолдануды қайта су қамтылу деп аталады. Ол арқылы таза суды үнемдеуге және су қоймаларын таза ұстауға мүмкіндік береді.

Су қоймаларының ластануын азайтудың түпкі мақсаты су қоумаларына өндірістік және жаңбыр ағындарын шығармай, таза суды пайдаланбай-ақ істейтұғын мұнай өңдеу зауытын жасау. Мұндай зауыт қоршаған ортаның сақтау мәселесін шешумен қатар, оны тұтынушылар аймағына жақын салып, өнімдерін тез жеткізуге мүмкіндік береді.

Қорыта келе, қазіргі мұнай өңдеу зауыттар зиянды заттарды бар мүмкіндігінше далаға токпей тазартып, қайта қолдануды тиімді деп санайды. Ауаға шығатын зиянды газдардың мөлшер шектеулі рұқсат концентрациясынан аспайды. Жыл сайын қоршаған ортаның маниторингін жүргізіп, табиғатты бақылап тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]