Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.41 Mб
Скачать

4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

4.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» заңына сәйкес, 28.02.2004 № 528-11 ЗоТ ҚР, адамның және азаматтың маңызды құқығы мен бостандығына әркімнің тәуелсіз түрде өзінің еңбекке деген қабілеттілігін пайдалануы, дәреже мен мамандықты таңдау, сондай-ақ еңбек шарттарына әркімнің өз құқы, жұмыссыздықтан қорғау, қауіпсіздік пен гигиенаның талаптарына жауап беру құқығы жатады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстандағы ең алғашқы зауыт. 1943 жылы зауыттың құрылысы басталады. Зауыттың ауданы 7600 м2, ұзындығы метр, ені 80 метр, биіктігі 3,4 метр. Атырау мұнай өңдеу зауыты тура мұнай кәсіптерінің арасында орналасқан: Маңғыстау түбегі, Жайық пен Орал арасындағы аймақ. Зауытты жаңартудан кейін Атырау мен Маңғыстау түбегінің арасында орналасқан Теңіз және Корольдік кен орындарында өндірілетін Теңіз шикі мұнайында өңделетін болады.

Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі қолданыстағы кәсіпорындардың арасында Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесі салмақты. Ол өнімдердің негізгі түрлерін өндіруде үлкен үлестік салмаққа ие. Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өнімдердің келесі түрлерін шығарады: АИ-93, автобензин А-76, дизельді отын, уайт-спирт, вакуумды дистиллят, пеш отыны, шикі және қызартылған кокстар, мазут, сұйытылған газ, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар-сұйық жуу құралы және басқа да көрсеткіштері технологиялық схеманы суреттеу кезінде қаралатын болады.

Қауіпсіздік талаптары. Сұйытылған көмірсутектерінің газдары өртке және жарылысқа қауіпті, аз уытты, өзіне тән иісі бар. Олар ауамен бірге пропан буларының құрамы 2,1 ден 9,5% дейін қалыпты бутанның буы 1,5 ден 8,5 дейін (көлемі бойынша) 98060 Па (1атм) қысым және 15-20 °C кезіндегі құрамы болған кезде жарылысқа қауіпті қоспаны құрайды. 0,1 МПа қысым (766 мм.сын.бағ.) кезіндегі ауадағы пропанның өздігінен тұтану температурасы 466 °C, қалыпты бутан – 405 °C, изобутан - 462 °C құрайды. Сұйытылған газдар адамның денесіне тиген кезде күйікке ұқсайтын түрде үсітеді.

Табиғатты қорғау талаптары. Қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін негізгі талаптар болып сыйымдылықтардың, коммуникациялар мен басқа да жабдықтардың жоғарғы герметикалығы, технологиялық режимді қатаң сақтау.

4.2 Технологиялық процесті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері

Мұнайды бастапқы өңдеу секциясының жабдықтарының сенімділігі, ұзақ қызмет ету және қауіпсіздігі көптеген жағдайда коррозиямен күресу мақсатында қолданатын шараларға байланысты. Ректификациялық колонналардың коррозиясы, сонымен қатар конденсациялау және бензин фракцияларын суыту газдалуға, атмосфераның ластануына және өрттердің шығуына алып келеді, ал бірден лақтырған уақытта – жарылысқа алып келіп соғады.

Сұйықтықтың деңгейі жоғары болған жағдайда, ректификациялық колонналардың толып кетулері мүмкін. Ондай жағдайда қошқыл түсті өнім колоннаның жоғарғы бөлігіне жібереді және ректификация процессі бұзылады.

Колонналарда сұйықтық деңгейі төмен болған жағдайда, жартылай мазутты сорып тұратын сораптардың немесе пештерді қамсыздандырып тұратын сораптардың бұзылуы мүмкін; ол колонна бойынша температураның күрт ауытқуына әкеліп соғады.

Пеш сораптарының тоқтап қалуы змеевиктің күйіп кетуіне, өрт болуына немес қондырғының тұрып қалуына әкеліп соғуы мүмкін.

Пештің шыға берісіндегі шикізаттың төмен температурасы өнімдерді шығуының азаюына, ашық түсті өнімдердің таңдалуына және жанамалық погондардың температурасының, сонымен қатар мазуттың температурасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Температураның күрт өзгеруі фланецтік қосындылардың герметикалығының бұзылуына, атмосфераның газдануына және жанып кетуіне әкеліп соғады.

Пеш сораптарының шикізат шығынының тұрақты болуын қадағалау қажет. Шикізатты беруді азайтқанда немесе көбейткен пештен өнімнің шыға берісінде температура жоғарылайды, ол болса кокс пен газдың тұрып қалуына және ондағы қысымның жоғарлауына әкеліп соғады.

Үнемі аппараттағы сұйықтық деңгейін тексеріп отыру қажет, аппарат аспаптарының көрсеткіштерін оператордың бөлмесіндегі щитта орналасқан аппараттардың көрсеткіштерімен салыстыру қажет, КИП тегі берілетін ауа қысымын тексеру қажет.

Қысым бойынша жұмыс жасайтын аппараттардың жұмыс режиміне аса үлкен назар аудару қажет. Температура қысымы мен деңгейін реттеуіштер технологиялық маманның үнемі қадағалауында болуы қажет.

Рефлюксты ыдыстардағы су деңгейін реттегіш клапанының жұмысын үнемі қадағалау қажет.

Суару кезінде су кіріп кету нәтижесінде колонналарда қысым көтеріліп кетуіне және қорғағыш клапандарының жұмыс жасап кетуіне әкеліп соғады.

Технологиялық процессті қауіпсіз жүргізетін негізгі шаралар:

а) жұмыс жасау, қосу, және тоқталып тұрған уақытта аппараттардағы жұмыс жағдайларын қадағалау қажет, технологиялық карта негізінде белгіленген нормалардан температуралардың және қысымдардың асып кетуіне жол бермеу қажет;

б) құбырлы пештердің жұмыс жасау кезінде камералардың есіктері, лаз- люктер және қарайтын саңылаулардың барлығы жабық болулары қажет;

в) пештер форсункалары бірдей жүктелгендерін қадағалау қажет. Факел жалыны құбырдың беткі қабаттарында және төсеншелерге тиіп кетуін қадағалау қажет;

г) қосатын құбырлар мен арматураларда тесік пайда болған жағдайда, оларды жөндеп шұғыл шаралар қолдану қажет;

д) бақылау – өлшегіш аспаптардың жұмыстарын үнемі бақылап отыру қажет;

е) суық мерзімдерде аппараттардың, арматуралардың, құбырлардың және аспаптардың қатып қалуларының алдын алу жөнінде шаралар қолдану қажет;

ж) өткелдерді бітеуге және жұмыс орнының шашылып жатуына жол бермеу қажет;

з) төгіліп қалған мұнай өнімдері мен реагенттерді уақытылы тазалап отыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]