Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Таңшолпан диплом.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.41 Mб
Скачать

1.2 Мұнайды мазут пен гудронға дейін айдау

Құбырлы қондырғыларда мұнайды бастапқы айдау вакуум астында атмосфералық қысым жағдайында жүзеге асырылады. Атмосфералық қысым арқылы жұмыс жасайтын құбырлы қондырғылар арқылы мұнайды айдау кезінде мұнай құрамынан ашық түсті дистилляттар- бензин, керосин, дизельдік болып бөлініп шығарылады [5]. Атмосфералық қысым кезінде айдаудан қалған қалдық 330-3500С температурадан жоғары температурада айырылатын фракция- мазут болып табылады. Бұл қондырғылардың аты атмосфералық құбырлы қондырғы (АҚ).

Жоғары температураларда қайнайтын мұнай фракцияларын шығару үшін мазут вакуумды қолдану арқылы жұмыс жасайтын қондырғылар арқылы айдалады. Мазутты айдау кезінде шығатын қалдық гудрон деп аталады.

Мұнай өңдеу зауытының жалпы сызбасына және айдауға түсетін мұнайдың қасиеттеріне байланысты атмосфералық айдау қондырғысы немесе атмосфералық және вакуумдық айдауды біріктіретін – атмосфера –вакумдық құбырлы қондырғылармен (АВҚ) жабдықталады.

Зауытты ашық түсті өнімдердің максималды көлемін алу қажеттілігі туған жағдайда, айдауды гудрон шыққанша жүргізеді. Мазут құрамынан бөлініп шығатын қара қоңыр түсті дистиллят фракциялары мен гудроннан кейінгі жеңіл өнім түрлерін (крекинг, кокстеу және т.б.).шығару мақсатында түрлі технологиялық процестерді қолдану арқылы қайта өңделеді. Гудронға дейін айдауды зауытта мұнай майларын, коксті, битум өндірісі ұйымдастырылған кезде де жүзеге асырады. Егер жақын орналасқан аймақтар қажеттілігіне отын жанармайларының максималды көлемі қажет болса, онда тек мазутты айдаумен ғана шектеледі.

    1. Атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық процестерінің өнімдерінің түрлері

Мұнайды бастапқы айдау нәтижесінде атмосфералық қысым жағдайында мына өнімдер өндіріледі [6].

  1. Негізінен пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған көмірсутек газ. Өнім мөлшері мұнайдың кен орнындағы қондырғыларда қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнімді күкіртті қосылыстардан тазартылғаннан соң, шаруашылықта отын, газдарды бөлу қондырғыларына, шикізат есебінде пайдалануға болады.

  2. Бензин фракциясы. 30-180 0С температурасында айдалады, тауарлық автобензин компоненті ретінде қолданылады, каталитикалық риформинг қондырғылардың компоненті ретінде қолданылады. Екіншілік айдау нәтижесінде алынған тікелей айдалатын жеңіл фракциялар жеке хош иісті көмірсутекті жасауға арналған шикізат – бензол, толуол, ксилол.

  3. Керосиндік фракциясы. 120 -315 0С аралығында айдалады. Ауа реактивті қозғалтқыштарында, жарық алуда, тракторлардың карбюратор қозғалтқыштарында отын есебінде пайдаланады. Гидротазалау, сілтімен әрекеттеу немесе меркаптансыздандыру қондырғыларында күкіртті қосылыстардан бөлу және пайдалану сапасын жақсарту мақсатында қосымша әрекеттерден өтеді.

  4. Дизель фракциясы. 180-3500С аралығында айдалады. Бұрын дизел фракциясын атмосфералық газойль, соляр майы деп атап келеді. Бұл фракцияны автомобилдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз және өзен кемелерінде орналасқан дизель қозғалтқыштарының отыны есебінде пайдаланады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық әдіспен күкірттен тазалайды.

  5. Мазут. 350 0С жоғары температурада айдалады. Қазан отыны есебінде пайдаланады, кейбір кездерде термиялық крекинг қондырғысының шикі заты бола алады.

  6. Мазутта вакуумда айдаудан алынатын өнімдер ассортименті, мұнайды өңдеу вариантына байланысты. Мазутты өңдеудің екі жүйесі бар: май және отын алу. Май алу жүйесінде мазутты өңдеуден 2-3 дистиллятты фракциялар алады, оның әрқайсысын одан әрі тазалаудан өткізеді; тазаланған өнімдерді әртүрлі қатынастарда араластырып, базалық майлардың қажетті сорттарын дайындайды.

Вакуумдық дистилляттар саны мазутты айдау майлық сызба кезінде өңделетін мұнай түрімен анықталады.

Қазіргі кезде қолданыста бар сызбаға сәйкес бастапқы айдау қондырғылары арқылы шығыс мұнайларынан май алу үшін үш вакуумдық дистилляттар алу қажет:

  • Жеңіл (фракция 300-400 °С),

  • Орташа (фракция 400-500 °С),

  • Ауыр фракция (фракция 450-500 °С).

Дислилляттың әрқайсысы содан кейін тазалаудан өтеді, тазартылған өнімдер түрлі мөлшерде араластырылады. Рецептураға байланысты қоспадан қандай да бір май түрін аламыз.

Мазутты өңдеу жанармай сызбасы жағдайында өндірілетін вакуумдық дистиллят 350-5000С температурасында айдалады және каталитикалық крекинг немесе гидрокрекинг үшін шикізат ретінде қолданылады. Бұл фракцияны кей кезде вакуумды газойль деп те атайды.

  1. Гудрон – мұнай айдаудан қалған қалдығы, 5000С жоғары температурада айдалады. Ол 30-400С температурасында қататын жабысқақтығы жоғары өнім. Ол термиялық крекинг, кокстеу қондырғыларында битум мен жабысқақтығы жоғары майларды дайындау мақсатында шикізат ретінде қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]