- •1 Әдеби шолу
- •Бастапқы айдаудың түрлері
- •1.2 Мұнайды мазут пен гудронға дейін айдау
- •Атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық процестерінің өнімдерінің түрлері
- •Бастапқы мұнай айдау қондырғыларының технологиялық сызбалары
- •1.5 Қондырғылар сызбасы
- •1.6 Мұнай өңдеуді тереңдету
- •1.7 Шетел ұсынатын мұнай мен мазутты айдаудың сызбанұсқасы
- •1.8 Өндірістің орнын таңдау
- •1.8.1 Мұнай қоспасының физика-химиялық қасиеттері
- •1.8.2 Атмосфералы- вакуумдық қондырғының сызбанұсқасын сипаттау
- •1.8.3 Технонологиялық сызбаны сипаттау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Авқ қондырғысының технологиялық режимі
- •2.2 Вакуумды колоннаның технологиялық есебі
- •2.3 Вакуумды колоннаның жылулық балансы
- •2.4 Вакуумды колоннаның негізгі өлшемдерін есептеу
- •2.5 Вакуумды колоннаның механикалық есебі
- •Бақылау өлшегіш аспаптары және автоматтандыру
- •3.1 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •3.1.1 Температура өлшеуге арналған аспаптар мен түрленгіштер
- •3.1.2 Қысымды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.4 Деңгейді өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.2 Реттеудің автоматтандырылған жүйесін реттеу заңдылығы
- •4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •4.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы
- •4.2 Технологиялық процесті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері
- •4.2.1 Өндірісті қолданғандағы қауіпсіздік шаралары
- •4.2.2 Жарылыс өрт қауіптілігін, зияндығы тұрғысынан технологиялық процестің сипаттамасы
- •4.2.3 Жеке қорғаныс құралдары
- •4.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •4.4 Жарықтандыру
- •4.6 Өртке қарсы шаралар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Мұнай өңдеу зауытындағы зиянды қалдықтарынан ауаны және суды қорғау
- •5.1.1 Ауаны қорғау
- •5.1.2 Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары
- •5.1.3 Су қоймаларын өндірістік қалдықтарынан тазарту
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капиталды шығындардың есептеулері
- •6.2 Өндірістің негізгі жұмысшыларының санын есептеу
- •6.4 Негізгі техника экономикалық көрсеткіштерінің есептеулері
- •Қорытынды
5.1.1 Ауаны қорғау
Мұнайды өңдеуде атмосфераға зиянды заттар – көмірсутектер, күкіртті сутегі, көміртегі және азот оксидтері, аммиак бөлінеді. Негізгі ластау көздеріне – мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуар парктері, құю-құйып алу эстакадалары, сумен қамтамасыз ету және су ағындарын тазалау құрылымдарының шоғырлары, газды ашық факель шамында жағу, сақтандыру қақпақтары, тарту желдеткіштер жүйесі жатады.
Көмірсутектердің 40% жоғары ауаға тараушы көлемі резервуар парктерінің үлесіне келеді. Көмірсутектердің ауаға тарауын азайтудың бірден-бір жолы, мұнай мен мөлдір мұнай өнімдерін сақтау үшін қалқымалы және жүзуші қақпақпен жабдықталған резервуарларды пайдалану. Кейбір МӨЗ бұрынғы резервуарларға қосымша металлдан немесе полимер материалдарынан қалқыма орналастырады. Мұндай шара мұнай мен мұнай өнімдерінің жоғалымын 85-90% дейін кемітеді.
Сонымен қабат, көмірсутектердің ауаға тарауын, резервуарлардың бір-бірімен қосылуын газ деңгейін тексеруші желілермен қосу, болдырмайды. Бұл жағдайда өнім құйылған резервуардан ығыстырылған булар, теңестіруші желілермен қосу болдырмайды. Бұл жағдайда өнім құйылған резервуардан ығыстырылған булар, теңестіруші желіменен атмосфераға емес, көрші резервуарға ығысады.
МӨЗ пайдалану тәжірибесі көрсеткендей, кейбір кездерде резервуар парктерді салмай-ақ қондырғыларды, яғни шикі затты жіберушілер мен пайдаланушыларды бір-бірімен жақын байланыста ұстауға көшу тиімді екендігі дәлелденеді. МӨЗ жақын байланысты өндіріске өндірудің бірінші сатысы ол мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының алдында аралық парктерді салудан бас тарту болып саналады. Осының нәтижесінде мұнайды АҚ және АВҚ қондырғыларға зауыттың шикі зат резервуарларынан тікелей беруге мүмкіндік туады. Одан кейін каталитикалық риформинг қондырғыларының блоктарының арасында, ароматикалық көмірсутегін өндіруге арналған, аралық парктер салуды тоқтата бастады.
1970 жылдары көптеген каталитикалық риформинг және гидротазалау қондырғылары осындай тура жақын байланысқа көшіріледі. Бұл қондырғыларға шикі затты тікелей алғашқы айдау қондырғыларынан береді. Бірақ екінші кезектегі қондырғыларының шикі затқа деген сұранысында үзіліс болдырмау үшін, аралық резервуарлардан толық бас тартпай, аралық көлемі үлкен емес, буфер сыйымдықтарын салу көзделуде, оларда шикізат азот немесе тазаланған көмірсутек газы қабатында сақталады.
Айналушы сумен қамтамасыз ету және канализация жүйелерінің тазалау құрылымдарының шоғыры көлемі жағынан ауаны көмірсутектермен және күкіртті сутегімен ластаудың екінші көзі болып саналады. Айналушы сумен қамтамасыз ету шоғырында, айналушы ағын сумен бірге түскен өнімдердің булануының нәтижесінде көмірсутектер бөлінеді. Тазалау құрылымдарында мұнай қалдыққтарының жиғыш, қосымша тұндыру көлшігі, шламшиғыш жерлер қоршаған ортаға зиянды заттар болу көзі болып саналады. Жоғалыммен күрестің ең тиімді жолы – мұнай және мұнай өнімдерімен айналушы суды және канализация ағымдарын ластануын қысқарту, мұнай жинағыштарды жабу, өте тиімді радиалды тұндырғыштарды пайдалану болып саналады. Құбыраралық су тоңазытқыштар орнына ауамен суыту аппараттарын салу, сораптарда сальникті тығыздағышты тік кесіндімен алмастыру, саңылаусыз майлаусыз істейтұғын сораптар мен компрессорларды ендіру, мұнай өнімдерінің сумен жоғалуын көп азайтты, сондықтан да, айналушы сумен қамтамасыз ету мен тазалау шоғырларында зиянды заттардың ауаға бөлінуі кемиді.
Мұнай мен мұнай өнімдерін темір жол эстакадаларында құюда және құйын алуда цистернадан атмосфераға ығысушы немесе буланушы көмірсутектердің бөлінуі орын алады. Мұндай жоғалымдармен күресудің ең тиімді әдісі – құю-құйып алу операцияларын төкпей, эстакада саңылаусыз құралдармен жабдықтау. УСН және АСН типтес саңылаусыз құю жабдықтарымен жабдықталған эстакадалар қазір жұмыс істеуде. Бірақ темір жол цистерналарының конструкциясы әртүрлі болуына байланысты саңылаусыз құюды пайдалану көп қиынықтар кездестіреді.
Қайта пайдалануға болмайтын булар мен газдарды ашық жағуға арналған жабдықтар – факел шырағы қоршаған ортаны күкірт, көміртегі және азот оксидтерімен ластау көзі болып саналады. Факел шырағының осындай теріс әсерін азайту үшін мынадай шаралар қолданылады:
факел жүйесінде мүмкін болғанша булар мен газдар қалдықтарын азайтады;
факел жүйесіндегі өнімдерді ұстап қайта өңдеуге жібереді;
факел шырағындағы жану жағдайын жақсартады.
Сақтау қақпақтарының тез-тез қосылуын болдырмау үшін, нормативті құжаттарда аппараттардағы технологиялық қысымнан сақтау қақапақтарының есептелінген қысымы 15-20% көп болуы қажет.
Күкір оксидетерін ең көп ауаға таратушы – технологиялық түтін құыбыр. Күкірт оксиді күкіртті мазутты және күкіртті сутегінен тазаланбаған көмірсутек газын жағуда түзіледі. Күкіртті ангидридпен жақын елді мекендердің ластануын азайту үшін МӨЗ отын газын күкірттен тазалау қондырғысын салады, өндіріс өзінің қажетіне құрамында күкірті аз мазут дайындайды, түтін құбырының санын және оның биіктігін көбейтеді.
Каталитикалық крекинг қондырғыларының зиянды шығарымдар қатарына күкірт оксидтері және көміртегі, катализатор ұнтағы жатады. Күкірт оксидтерін түзілуін жоюдың тиімді жолының бірі каталитикалық крекинг шикі затын күкірттен алдын-ала тазалау болып саналады. Жаңа қондырғылар құрамында вакуум газойлін алюмокобальмолибден катализаторының қатысуымен алдын-ала тазалау көзделінген. Көміртегі оксидінің қоршаған ортаға тарауын азайтуға СО одан әрі жағу, яғни катализатор қатысуымен тотықтырумен жетеді, ал катализатор ұнтағынан тазалауды циклондарда және электрсүзгіштерде ұстаумен іске асырады. Бұл әзір ең тиімді әдістер.
МӨЗ мен ГӨЗ толық тазаланбаған ағын суларын су қоймаларына жіберу оттегі режимін бұзады, өзен суларындағы балық ұрығының және өздерінің, тағы басқа фауналардың өмір сүруыін тоқтатады. Балыққа мұнай өнімдерінің иісі сіңеді, еті уланады. Осындай ластанған су қоймаларының суларын тұтыну-шаруашылық немесе мәдени тұтынуға түгіл, өндірістік қажетке де пайдалануға болмайды.
Су қоймаларының ластануы мұнай өңдеу процесінің міндетті қосалқысы деп қарауға болмайды. Егер өндірісті жобалауда және пайдалануда сумен қамтамасыз ету және канализация жүйесін мұқият дайындап іске асырған жағдайда, су қоймаларының мұндай ластануын болдырмауға болады. Ол үшін зауытта мұнайды өңдеу жүйесін, кейбір өндірістің технологиялық жүйесін, аппараттар мен жабдықтарды таңдауды, су қоймаларының ластанбауына бағындыру қажет.
