- •1 Әдеби шолу
- •Бастапқы айдаудың түрлері
- •1.2 Мұнайды мазут пен гудронға дейін айдау
- •Атмосфералық және атмосфералы-вакуумдық процестерінің өнімдерінің түрлері
- •Бастапқы мұнай айдау қондырғыларының технологиялық сызбалары
- •1.5 Қондырғылар сызбасы
- •1.6 Мұнай өңдеуді тереңдету
- •1.7 Шетел ұсынатын мұнай мен мазутты айдаудың сызбанұсқасы
- •1.8 Өндірістің орнын таңдау
- •1.8.1 Мұнай қоспасының физика-химиялық қасиеттері
- •1.8.2 Атмосфералы- вакуумдық қондырғының сызбанұсқасын сипаттау
- •1.8.3 Технонологиялық сызбаны сипаттау
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Авқ қондырғысының технологиялық режимі
- •2.2 Вакуумды колоннаның технологиялық есебі
- •2.3 Вакуумды колоннаның жылулық балансы
- •2.4 Вакуумды колоннаның негізгі өлшемдерін есептеу
- •2.5 Вакуумды колоннаның механикалық есебі
- •Бақылау өлшегіш аспаптары және автоматтандыру
- •3.1 Автоматтандыру құралдарын таңдау
- •3.1.1 Температура өлшеуге арналған аспаптар мен түрленгіштер
- •3.1.2 Қысымды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.3 Шығынды өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.1.4 Деңгейді өлшеуге арналған аспаптар мен түрлендіргіштер
- •3.2 Реттеудің автоматтандырылған жүйесін реттеу заңдылығы
- •4 Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
- •4.1 Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңы
- •4.2 Технологиялық процесті қауіпсіз жүргізудің негізгі ережелері
- •4.2.1 Өндірісті қолданғандағы қауіпсіздік шаралары
- •4.2.2 Жарылыс өрт қауіптілігін, зияндығы тұрғысынан технологиялық процестің сипаттамасы
- •4.2.3 Жеке қорғаныс құралдары
- •4.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •4.4 Жарықтандыру
- •4.6 Өртке қарсы шаралар
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Мұнай өңдеу зауытындағы зиянды қалдықтарынан ауаны және суды қорғау
- •5.1.1 Ауаны қорғау
- •5.1.2 Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жолдары
- •5.1.3 Су қоймаларын өндірістік қалдықтарынан тазарту
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Капиталды шығындардың есептеулері
- •6.2 Өндірістің негізгі жұмысшыларының санын есептеу
- •6.4 Негізгі техника экономикалық көрсеткіштерінің есептеулері
- •Қорытынды
5 Қоршаған ортаны қорғау
5.1 Мұнай өңдеу зауытындағы зиянды қалдықтарынан ауаны және суды қорғау
Елде қоршаған ортаны қорғауға табиғи ресурстарды сақтауға үлкен көңіл бөлінуде. Мұнайды өңдегенде ауаның және су қоймаларының зиянды қалдықтарымен ластануы мүмкін. Табиғаттың мұнай өңдеу өнімдерімен ластануын болдырмау үшін, технологияға едәір әсер ететін шаралар қолданылады.
Елде қоршаған ортаны қорғауға табиғи ресурстарды сақтауға үлкен көңіл бөлінуде. Мұнайды өңдегенде ауаның және су қоймаларының зиянды қалдықтарымен ластануы мүмкін. Табиғаттың мұнай өңдеу өнімдерімен ластануын болдырмау үшін технологияға едәуір әсер ететін шаралар қолданады. Ауаны қорғау үшін, мұнайды өңдегенде атмосфераға зиянды заттар көмірсутектер, күкіртті сутегі, көміртегі және азот оксидтері, аммиак бөлінеді. Негізгі ластау көздеріне мұнай мен мұнай өнімдерінің резервуар паркттері, құю және құйып алу эстакадалары, сумен қайта қамтамасыз ету және су ағындарын тазалау құрылымдарының шоғырлары, газды ашық факел шамында жағу, сақтандыру қақпақтары, тарту желдеткіштер жүйесі жатады.
МӨЗ пайдалану тәжиребесі көрсеткендей, кейбір кездерде резервуар парктерді салмай-ақ қондырғыларды, яғни шикізатты жіберушілер мен пайдаланушыларды бір-бірімен жақын байланыста ұстауға көшу тиімді екндігі дәлелденді. МӨЗ жақын байланысты өндіріске өндірудің бірінші сатысы ол мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының алдында аралық парктерді салудан бас тарту болып саналады. Осының нәтижесінде мұнайды АҚ және АВҚ қондырғыларға зауыттың шикізат резервуарларынан тікелей беруге мүмкіндік туады. Одан кейін каталитикалық риформинг қондырғыларының блоктарының арасында, ароматикалық көмірсутегін өндіруге арналған, аралық парктер салуды тоқтата бастады. Қайта пайдалануға болмайтын булар мен газдарды ашық жағуға арналған жабдықтар факел шырағы қоршаған ортаны күкірт, көміртегі және азот оксидтерімен ластау көзі болып саналады. Факел шырағының осындай теріс әсерін азайту үшін мынандай шаралар қолданады:
факел жүйесінде мүмкін болғанша булар мен газдар қалдықтарын азайтады;
факел жүйесіндегі қстап қайта өңдеуге жібереді;
факел шырағындағы жану жағдайын жақсартады;
Күкірт оксидттер ең көп ауаға таратушы технологиялық пештердің түтін құбыры. Күкірт оксиді күкіртті мазутты күкіртті сутегінен тазаланбаған көмірсутек газын жағуда түзіледі. Күкіртті ангидридпен жақын елді мекендердің ластануын азайту үшін МӨЗ отын газын күкірттен тазалау қондырғысын салады, өндіріс өзінің қажетіне құрамында күкірті аз мазут дайындайды, түтін құбырының санын және оның биіктігін көбейтеді.
1950-1960 жылдары салынған технологиялық қондырғылар үшін түтін құбырының биіктігі 30-40 м, кейінірек 100-120 м түтін құбырларына ауысты. Түтін құбырының биіктігінің өсуі зиянды заттардың атмосферада тез сирек тарауына, сөйтіп олардың қала және мекендерде ауаның ластануын азайтады.
Су қоймаларын қорғау. Мұнай мен газды өңдеу зауыттары суды өте көп пайдаланатын өндірістер қатарына жатады және су қоймаларына ағын суды көп шығарады. Мұнай мен мұнай өнімдері, оларды өңдеуде қолданылатын химиялық реагенттер және шығатын өнімдері ағын сумен араласып, оларға уландыру қасиетін береді.
Су қоймаларының ластануы мұнай өңдеу процесінің міндетті қосалқысы деп қарауға болмайды. Егер өндірісті жобалауда және пайдаланудасумен қамтамасыз ету және канализация жүйесін мұқият дайындап іске асырған жағдайда, су қоймаларының мұндай ластануын болдырмауға болады. Ол үшін зауытта мұнайды өңдеу жүйесін, кейбір өндірістің технологиялық жүйесін, аппараттар мен жабдықтарды таңдауды, су қоймаларының ластанбауына бағындыру қажет.
Су қоймаларының ластанбауын шешудің негізгі жалдары мынандай:
судың қайта пайдалану жүйесін көп қолдану;
сумен суытудың орнына ауамен суытуды неғұрлым көбірек пайдалану;
бірінші жүйенің ағын сумен одан әрі қайта айналымға жіберіп тереңірек тазалауды ендіру;
көп мөлшерде ағын судың бірден шығуын болдырмау;
қондырғы ішінде технологиялық конденсатты толығырақ пайдалану;
араластыру конденсаторының вакуум жүйелерінде қолданылуын болдырмау немесе азайту;
тіке сумен араластырумен ыстық ағындар мен конденсаторды суытудан бас тарту;
