- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Табиғи газ
- •1.2 Табиғи газдың құрамы
- •1.3 Табиғи газды өңдеу
- •1.4 Газдарды дайындау
- •1.5 Табиғи газдардың негізгі физика – химиялық қасиеттері
- •1.6 Мұнайдың химиялық құрамы
- •1.7 Көмірсутек газдарының құрамын анықтау әдістері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Ректификация процесінің негіздері
- •2.2 Газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы
- •2.3 Газды төмен температурада бөлу. Салқындату және конденсациялау процестерінің басқару органдары
- •2.4 Турбодетандер және басқару құрылғылары
- •2.5 Көмірсутек конденсатының деметанизация және деэтанизация процестерінің басқару құрылғылары
- •2.6 Көмірсутек конденсатының деэтанизациясы мен газдарды төмен температурада бөлудің жұмыс блогы
- •2.7 Материалдық балансты есептеу
- •2.8 Жылулық балансты есептеу
- •2.9 Өндірісті есептеу
- •2.10 Реактификациялық колоннаны есептеу
- •2.11 Механикалық есептеу
- •3 Автоматтандыру бөлімі
- •3.1 Басқару және автоматика жүйесі
- •4.1 Микроклимат
- •4.2 Жарықтандыру
- •4.4 Технологиялық процесті жүргізу және құрал жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •4.5 Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
- •4.7 Азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •5.1 Өнім өндіруді есептеу
- •5.2 Ғимараттар құрылысынаң құнын анықтау
- •5.3 Еңбек және жалақы жөніндегі есептеулер
- •5.3.1 Жұмысшының жұмыс уақытың балансын анықтау
- •5.3.2 Жұмысшылар санын есептеу
- •5.3.3 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •5.3.4 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
- •5.4 Пайда мен рентабельділікті есептеу
- •6 Қоршаған ортаны қорғау
- •6.1 Қоршаған ортаны ластау көздері
- •6.2 Ағын суды тазалау
- •6.3 Су қоймаларының ластануы
- •6.4 Топырақтың ластануы
- •6.5 Жер қыртысын қорғау
- •Қорытынды
2.3 Газды төмен температурада бөлу. Салқындату және конденсациялау процестерінің басқару органдары
Реактивті жылуалмастырғыш жүйесінде екі ағын арқылы өтетін шикізат газының балансы каскадты контурмен бақыланады. Ол екі регулятордан құралады: шығын ТIC-038 және температура ТIC-283.
Жылуалмастырғышта және рибойлерде салқындатылған газдың мөлшері шығын өлшегіш FТ-038 арқылы анықталып, регулятормен FIC-038 орындалады. Клапандар FV-038А және FY-038B басқару құрылғысын FIC-038 іске келтіреді. Бұл екі клапан қарама-қарсы фазалы екі диапазонда басқару принципимен жұмыс істейді: бір клапанды жапсақ, екінші клапан ашылады.
Клапан FV-038А пневмосигнал арқылы іске кіріседі, яғни ауа қысымын 0,02МПа-дан 0,063 МПа-ға дейін өзгереді. Ауа қысымының 0,063МПа-дан 0,105МПа-ға дейін өзгеруі нәтижесінде клапан FV-038В іске кіріседі. Клапандағы тірегіштер ағынның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді, яғни клапандардың толық жабылып кетуін болдырмайды, тірегіштерді реттеп отыруға болады[11].
Төмен температуралы бөлу процестерін реттеген кезде екі параметрді ұстанған жөн: деэтанизаторға келіп түсетін шикізат температурасы және деметанизатордың кубты бөлігіндегі температура.
Деэтанизатордағы шикізат температурасы датчик ТТ-283 беріледі. Одан кейін реттегіш сигналдар екіншілік реттегішке FIС-038 келіп түседі. Деэтанизатордағы шикізат температурасының көрсетілуі нәтижесінде жылуалмастырғыштарда 1,3 газ ағыны ұлғаяды. Керісінше, колоннаға келіп түсетін шикізат температурасының төмендеуі нәтижесінде жылуалмастырғыштың 6 құбырлы пучогы арқылы өтетін газ ағыны ұлғаяды. Оператор шитында детанизатор шикізатының ең жоғарғы ТАН-283 және ең төменгі ТАL-283 температурасының сигнализациясы орнатылған.
Деметанизатор колоннасының кубты бөлігіндегі температура рибойлердің 7 құбырлы пучогы арқылы өтетін жылуалмастырғыш (шикізат газы) мөлшеріне және осы жылуалмастырғыштың температурасына байланысты болады.
Деметанизатордың кубты бөлігіндегі температураның жоғарылауы нәтижесінде осы колоннаның жоғары бөлігінен жеңіл көмірсутектермен пропанның бірге кетуі мүмкін.
Керісінше, деметанизатордың кубты сұйық температурасының төмендеуі метанның бұл сұйықтан жетпей қалуы мүмкін, нәтижесінде деэтанизатордағы ректификация жағдайы нашарлайды. Деэтанизатор колоннасының жоғары өнімдегі метан концентрациясының жоғарылауы ажыратылатын бұлар конденсациясына және рефлюксті ыдыстан пропанның кондесирленбеген газдармен әкетілуіне әкеледі.
Жылуалмастырғыштан 6 шыққан шикізат газының температурасы реттеліп отырады. Рибойлердің 7 кері ағынның температурасы датчикпен ТТ-077 қабылданып, біріншілік реттегішке ТIC-077В беріледі. Соңғысы реттегіш сигналдарды клапанға PV-077 және екіншілік реттегішке TIC-284 жіберіледі. Тоңазытқыш корпусындағы 2 сұйық пропан хладоагентінің мөлшерін клапан LV-032 арқылы басқарылатын реттегішпен LIC-032 өлшеді. Оператор щитында ең жоғарғы (LAH-032) және ең төменгі (LAL-032) деңгейлер сигнализаторлары көрсетілген. Салқындатылған газ 4 сеператорындағы сұйықтың берілген мөлшерін негізгі механизімі ретінде клапан LV-034 болып табылатын реттегіш LIC-034 өлшеп отырады. Оператор щитында ең жоғарғы (LAH-034) және ең төменгі (LAL-034) деңгейлер сигнализаторлары орналасқан.
Газажыратқыштар 5 сұйық көлемі реттегішпен LIC-073 қадағаланады. Ол клапанды LY-073 іске қосады. Сұйық көлемінің ұлғаюынан клапан жабыла бастайды, аппаратта артық қысым пайда болады және газажыратқыштағы сұйық деметанизатордың №4 тарелкасына шығарылады. Аппараттағы 5 деңгейдің төмендеуінен номиналды көлем пайда болғанша клапан LV-073 толығымен ашылады. Оператор щитында ең жоғарғы (LAH-073) және ең төменгі деңгейлер сигнализаторлары көрсетілген.
