Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.12 Кб
Скачать

6.2 Ағын суды тазалау

Ағын суды тазалау жабдықтарын, кішкентай жиынды мұнай көлшілігі және тоғаны беттерінің булануынан да көмірсутектерінің жоғалуы көп болады. Сораптар, компрессорлар және арматуралар сальниктерінің тығыз жабылмауы есебінен факельдерде, апараттардың сақтаушы қақпақтары арқылы жоғалу да болады.

Таза судың шығынын азайту және ағын су көлемін қысқарту мақсатында, МӨЗ мұнай өнімінің ақырғы температурасын төмендете түсуде су тоңазытқышымен бірге ауа конденсатор – тоңазытқыштардың кең көлемде қолданады. Шығатын мұнай өнімдерін терең суыту үшін суық айналма таза құдық суын да пайдалану ұсынылады.

ШРШ-ны және барынша жергілікті концентрацияның есептелуі «Өнеркәсіп орнынан шығатын заттардың құрамындағы ластағыш заттардың концентрациясы» бойынша есептелінеді. Оны есептеу жолы келесі (21) формула арқылы жүзеге асады:

(21)

мұндағы ШРК-барынша біріншілік ШРК, мг/м3;

С-берілген елді мекеннің ауасындағы бұл заттың аялық концентрациясы, мг/м3;

Н-құбыр биіктігі,м;

А-стратификациялау коэффициенті -120; (РҚ үшін 200тг.);

V-уақыт бірлігіндегі шығарылатын, түтін газдар көлемі, мг/м3;

∆Т-қоршаған ауамен салыстырғанда газдарды жоғары температурада қыздыру;

0С; F- атмосферадағы қоспалардың тұну жылдамдығын анықтау үшін өлшемсіз коэффициенті (газдар мен ұсақ дисперсті аэрозольдар үшін F=1);

m және n- газауалы қоспаның шығу көзінің жағдайын ескеретін өлшемсіз коэффициенті;

ry- жер бедерінің әсерін және қолайсыз ауа райы жағдайларын сипаттайтын коэффициент (ry=1 тегіс жер үшін);

Суықты бөлетін көздер үшін ШРШ келесі (22) формуламен есептелінеді:

(22)

Қазіргі МӨЗ айналма сумен қамтамасыз ету жүйесін қолданады. Айналма су аздан буланып азаяды, оның құрамында тұздар мен басқа зиянды заттар концентрациясы осы себептен өседі. Айналма судың жоғалымын орнына келтіру мен құрамын бірқалыпты ұстап тұру үшін, оның бір бөлігін тазалауға жібереді, ал біразын таза сумен алмасырады. Суды тазалауға жүйесі механикалық тұндырудан, физика-химиялық процестен және активті тұнбамен биохимиялық тазалаумен бітеді.

Үлкен қазіргі МӨЗ айналма суды пайдалану деңгейі 96-97% жетеді. Ауаны қорғау проблемаларының шешімі ағын сусыз өндіріс жасаумен табылады. Кейбір жаңа зауыттарда ол үшін мынадай шаралар белгіленуде:

  • мұнайы бар аз минералданған ағын суларды биохимиялық тазалаумен бірге сүзу және айналма суды жүйеге қайта беру;

  • жоғары минералданған ағын суларды буландырумен конденсатты жүйеге қайта беру немесе технологиялық қажеттілікке пайдалану;

  • зауытта сумен қамтамасыз етуге жауын мен қар суын және тұрмыстық ағын суларды биохимиялық тазалаудан пайдалану.

Атмосфераны ластайтын заттардың ШРШ-мен жалғыз тұрақты көзден шыққан барынша жергілікті концентрацияның есептелуі, мұндағы Д-шығару көзінің диоксидін шығаратын қазанның түтінді құбырының биіктігі Н=40м, көз аузының диаметрі В=14м. Шыққан күкірт диоксидінің қуаты М=12г/с тең, түтінді газдардың температурасы Т=120 0С, ШРКso2 атмосфералық ауада 0,5мг/м3, оның аялық концентрациясы 0,05мг/м3 тең.

Есептеу жолы жалғыз тұрақты шеңберлі ауызы көздің ШРШ келесі (23) формуламен анықтаймыз:

(23)

f және vm параметрлеріне қарай m және n коэффициенттер мәндері анықталады.

мұнда, түтін газдар шығарылуының орташа жыладамдығы,м/с;

f=100 болған кезде онда

мұндағы f=100 болған кезде, n коэффициенті Vр және Vm мәндері тәуелді болып анықталады.

Онда, күкірт диоксиді үшін

Өнеркәсіп орындарының қауіп санатын анықтау (ӨҚС). Қауіп санатын (ӨҚС) келесі (24) формуладан шығарады:

di (24)

Мi- шығарынды i-заттың массасы, т/жыл; ШРКi – i- заттың орташа тәуліктік ШРК, мг/м3; n – өнеркәсіпорындармен шығарылатын ЛЗ-дың мөлшері; аi – бұл шексіз мөлшер, і – затпен күкіртті газдың зияндылық дәрежелерін қарастыруға рұқсат береді, 2-ші кесте бойынша анықталады.

ӨҚК=761,4<1000000, соған сәйкес каталитикалық риформинг цехы 1-ші қауіпті санатына жатады 7,6=106.

Қорта келе, біз бұл жобаның шығаратын зиянды жақтары шекті рұқсат етілген концентрациядан көп екенін анықтадық. Бұл жұмыс барысында меркаптандар, күкіртті сутегі, фтор сияқты зиянды факторлар ауаға бөлінеді. Соның салдарынан жұмыс жасаушы адамдар түрлі жарақат алуы мүмкін.

Осы жағдайлардың алдын-алу үшін, берілен шикізаттың құрамындағы зиянды заттардың мөлшерін анықтау қажет. Арнайы лабораториялық киімдерді, құрал-жабдықтарды қолдану керек және де лабораториялық жағдайда температура, қысым, шикізатты беру жылдамдығы сияқты параметрлер улы заттың бөлінуіне көп әсер береді. Сондықтан бұл жұмыс мұқияттылықты талап етеді.