- •1 Әдеби шолу
- •1.1 Табиғи газ
- •1.2 Табиғи газдың құрамы
- •1.3 Табиғи газды өңдеу
- •1.4 Газдарды дайындау
- •1.5 Табиғи газдардың негізгі физика – химиялық қасиеттері
- •1.6 Мұнайдың химиялық құрамы
- •1.7 Көмірсутек газдарының құрамын анықтау әдістері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Ректификация процесінің негіздері
- •2.2 Газдарды өңдеу процесінің технологиялық сызбанұсқасы
- •2.3 Газды төмен температурада бөлу. Салқындату және конденсациялау процестерінің басқару органдары
- •2.4 Турбодетандер және басқару құрылғылары
- •2.5 Көмірсутек конденсатының деметанизация және деэтанизация процестерінің басқару құрылғылары
- •2.6 Көмірсутек конденсатының деэтанизациясы мен газдарды төмен температурада бөлудің жұмыс блогы
- •2.7 Материалдық балансты есептеу
- •2.8 Жылулық балансты есептеу
- •2.9 Өндірісті есептеу
- •2.10 Реактификациялық колоннаны есептеу
- •2.11 Механикалық есептеу
- •3 Автоматтандыру бөлімі
- •3.1 Басқару және автоматика жүйесі
- •4.1 Микроклимат
- •4.2 Жарықтандыру
- •4.4 Технологиялық процесті жүргізу және құрал жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •4.5 Өндірістік эстетика жөніндегі шешімдер
- •4.7 Азаматтық қорғаныс жөніндегі шаралар
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеу
- •5.1 Өнім өндіруді есептеу
- •5.2 Ғимараттар құрылысынаң құнын анықтау
- •5.3 Еңбек және жалақы жөніндегі есептеулер
- •5.3.1 Жұмысшының жұмыс уақытың балансын анықтау
- •5.3.2 Жұмысшылар санын есептеу
- •5.3.3 Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу
- •5.3.4 Өнімнің өзіндік құнын есептеу
- •5.4 Пайда мен рентабельділікті есептеу
- •6 Қоршаған ортаны қорғау
- •6.1 Қоршаған ортаны ластау көздері
- •6.2 Ағын суды тазалау
- •6.3 Су қоймаларының ластануы
- •6.4 Топырақтың ластануы
- •6.5 Жер қыртысын қорғау
- •Қорытынды
4.1 Микроклимат
Адам ағзасы қоршаған ортамен тұрақты жылу алмасу жағдайында болады. Бұл процесте негізгі рөлді адамның жылу реттеуі негізгі орын алады. Ол қоршаған ортамен жылу алмасуды реттеп отырады және дене температурасын 37 0С жуық сақтап отырады. Адам ағзасының қоршаған ортаға жылу беруі киім, конвекция (таралу), қоршаған беттерге сәулелену, тері бетінен ылғалдың булануы арқылы жүреді. Жылудың бір бөлігі демалатын ауаны жылытуға кетеді.
Микроклимат келесі негізгі физикалық параметрлермен : температурамен, ауа ылғалдылығы және қозғалыс жылдамдығымен, сәуле энергиясымен және қоршаған беттер температурасымен анықталады. Ал атмосфералық қысым адам қызметінің ерекше жағдайларында ғана елеулі мәнге ие болады (авиация, кессондық жұмыстар, таулардығы жұмыс және т.б.).
Оңтайлы микроклимат жағдайлары – жылу реттеу реакциясының күштеуінсіз климат параметрлерінің қосындысында адам ағзасына ұзақ және жүйелі әсерінде ағзаның қалыпты функционалдық және жылу жағдайын қамтамасыз етеді. Олар жылылық сезімін қамтамасыз етеді және жұмыс қабілетін арттырады. Қолжетімді микроклимат жағдайлары физиологиялық бейімделу мүмкіндік шектерінен аспайтын, адамға ұзақ және жүйелі әсер ететін микроклимат параметрлерімен сипатталады. Бұл ретте денсаулық жағдайларының зақымдануы немесе бұзылуы болмайды, бірақ қолайсыздау жылулық сезінулер, көңіл күйдің нашарлауы және жұмыс қабілетінің төмендеуі болуы мүмкін. Бұл нормалар әзірге қазіргі техниканың оңтайлы нормаларын қамтамасыз ете алмау себептерінен болады. Әр түрлі тағайынды нысандар үшін микроклиматтың санитарлық нормаларын әдетте жылдың суық және жылы кезеңдері үшін әзірлейді, ал кей жағдайларды климаттық зоналар бойынша жасайды.
Жылдың жылы кезеңі сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасымен сипатталады, ол 100С және одан жоғары болуы қажет. Жылдың салқын кезеңі орта тәуліктік 100С төмен болуымен сипатталады.
Ауаның 15-200С температурасында бөлменің биіктігіне байланысты жылытқыш төбе панельдердің температурасы 35-450С градус, ал қабырғалық панельдерде 30-340С градус, ал жылытудың едендік жүйесінде 21-ден 280С градусқа дейін ұсынылады. Түрліше тағайынды бөлмелердің шыныланған ішкі беттерінде әсіресе солтүстік облыстарда 120С төмен болмауы ұсынылады. Қоршаулардың төмен температурасы соған жақын тұрған беттерінің радиациялық салқындауын күшейтеді. Жылдың жазғы уақытында ғимараттарды асқын қызудан сақтау үшін арнаулы құрылғылар мен бейімделгіштерден басқа бөлмелерде радиациялық салқындатулар және ауабаптағыштар қолданылады. Жазғы микроклиматтың қысқыға қарағанда ауа баптауы сәл жоғарырақ: ауа температурасы 23-250С , ылғалдылығы 30-50%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,3м/сек. Бөлмелерді салқындатудың радиациялық жүйесі (төбе және қабырға панелдері) тиімді шаралардың бірі болып табылады, себебі оны жазда терезені ашып тастауда, қыста жылыту үшін қолдануға болады.
Цехта, жұмыс орындарында қолайлы микроклимат жасауда ғимараттар үнемі құрылымы, технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру процесі, ауа тазалау, желдету, ауабаптау, сәйкесті беттерді радиациялық қыздыру және салқындату, жеке қорғаныс құралдары және т.б. жағдай жасайды.
Ауаның түрлі температурасында су буларының саны әр түрлі болады. Ылғалдылықтың гигиеналық мәнін анықтау үшін назарға тек абсолют ылғалдылық алынып қана қоймай,салыстырмалы ылғалдылық та алынады (абсолют ылғалдылықтың ең үлкен максимал ылғалдылыққа қатынасы, яғни, берілген температурадағы қаныққан су булары қысымы).
Ауаның
абсолют ылғалдылығы – берілген
температурадағы 1м3
ауаның
құрамындағы граммен алынған су буының
массасы. Мысалы: егер +200С
температурадағы 1м3
ауадағы
су буын өлшеп, судың 8,6г буын алсақ, онда
ылғал салыстырмалы түрде
құрайды, мұнда 17,2 г-бұл t=+200С
температурадағы 1м3
ауаның
ылғалдылығының ең үлкен құрамы.
55% дейінгі ауа ылғалдылығы құрғақ деп есептеледі, 56-70%-деңгейінде орташа құрғақ, 71-ден 85% - ға дейін орташа ылғалды және 85%- тен жоғары – тым ылғалды. Ең үлкен ылғалдылық пен салыстырмалы ылғалдылық арасындағы айырым қанығу тапшылығы деп аталады. Қанығу тапшылығы қаншалықты үлкен болса, соншалықты ылғалды ауа жұтады.
Қозғалмалылық. Ауаның қозғалмалылығының мәні ерекше. Бөлмедегі ауаның қозғалысының болмауы немесе оның төмен мәндері нашар желдетумен байланысты. Бөлме желдетілмесе, адамның көңіл күйінің бұзылуы адам денесінің айналасында жұқа қозғалмайтын ауа қабығының пайда болуына байланысты, ол тез су буымен қанығады да, соның температурасын алып, жылу берілісті азайтады.
Ауаның қозғалуы адам қызметінің сипатына қарай таңдалады. Сонымен қатар ауаның қозғалысы бөлме ішіндегі ортаға да әсер етеді: бөлменің көлеміне қарай температура және ылғал бөлінеді және т.б. ауаның қозғалысы ауа алмасуды ұйымдастыруға, ауа таратқыш құрылғылардың типіне, ауа шығару жылдамдығына және оның шығынына байланысты болады. Адамның өзін жақсы сезінуі үшін бөлмедегі ауа ортасының температурасы мен ылғалдылығын қарастыру қажет.
Ауаның температурасы 23-240С –де ауа қозғалысының жылдамдығы 0,15 м/с дейін болғаны жөн.
Қолайлы жағдайдың тағы бір қыры ауа қозғалысының жылдамдығының өзгеру қарқыны болып табылады. Адамдар ауа ағынынан гөрі ауа ағынының өзгерістеріне сезімтал болады. Сондықтан «бос емес зона» деп аталатын деңгейде қолайлы жағдайлар жасауда ауа ағыны жылдамдығын нормативтік шектеулер бар. Аталған «зона» еденнен биіктігі 1,8м бөлмедегі барлық терезе мен есіктерден, қабырғалардан 0,6м қашықтықта болады.
Ауа ортасының қолайлы әр түрлі мәнде бола береді және ол адам еңбегінің қарқындылығына, киген киіміне байланысты болады. Ағзаның (ұйқы, дем алу, ой еңбегі, әр түрлі дене жұмысы) және қоршаған ортасының параметрлерінің жағдайына әр адамның бір сағатта 330-3050 кДж жылу, 40-415 г ылғал және 18-36 л көмірқышқыл газын шығарады.
Төмендегі диаграммада қоршаған ортаның температурасына байланысты еңбек өнімділігінің өзгеруі көрстілген (3-сурет). Графикте температураның 260С асқандағы еңбек өнімділігінің көрсеткішінің күрт төмендегенін байқаймыз.
3-сурет - Қоршаған орта температурасының өзгеруіндегі еңбек өнімділігінің тәуелділігі.
