Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метанизатор қондырғысы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
231.12 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Қазақстан әлемдік мұнай бизнесіне қарқынды қадаммен аяқ басты. 1990 жылдың бас кезінде жас та болса талабы мол мемлекет туралы білетіндер кем де кем болатын. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін небары 15 жыл өткенде ғаламның жетекші мемлекеттері дүние жүзінің картасында құлақты елең еткізетін жаңа атаудың пайда болғанын мойындап отыр.

Республикадағы экономиканың даму қарқыны соңғы мәліметтер бойынша жылына 9-10%-ды құрайды, шетелдік инвестициялардың көлемі 40 млрд. доллардан асты, ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 3440 долларға жетті. Қазіргі кезде әлемдегі бірнеше ел ғана, осындай көрсеткіштерге жетіп отыр [1].

Қазақстан экономикасының аса маңызды ірі тез арада көш басына шыққан саланың бірі елдің бір кездері тежелеп қалған облыстарының өнеркәсіптерін көтеріп, пәрменді өсірген нағыз локомотивке айналған мұнай-газ секторының серпінді дамуына объективті алғы шарттар себеп болды. Қазақстанның әлеуметі әлемдік қорлардың құрылымында айтарлықтай маңызды орын алады. Ол мұнайдың дәлелденген қорлары бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кіреді. Көмірсутек шикізатының шоғырлары жағынан Қазақстан барлық ТМД республикаларының арасында Ресей федерациясынан кейін екінші орынды иеленді. Бүгін еліміздің дәлелденген қоры 3,6 млрд. тонна мұнай мен конденсат және 1,9 трлн. м3 газ көлемінде бағаланады. Ресурстық базаның негізін Халықаралық жіктемеге сәйкес алып және ерен кен орыны сынабына жататын үш кен орыны – Теңіз (қоры 6 млрд. баррель), Қарашығанақ (2,3 млрд. баррель), және соңғы 30 жыл ішінде әлемде ашылған ең ірі кен орыны деп мәлімденген Қашаған (12,4 млрд. баррель) құрайды. Тұтастай алғанда Каспий теңізінің Қазақстандық қайраңында өндірілетін қорлардың 60 млрд. болуы мүмкін, бұл Қазақстандағы мұнай мен газдың әлемдік нарығының негізгі ойшыларымен бір қатарға қояды. Көмірсутек шикізатының осынша қорларының болуы оларды болашақта айтарлықтай көлемде өндіруге болады деп үміттенуге мүмкіндік береді. Алдын ала жүргізілген бағалау бойынша мұнай мен конденсат өндірудің жыл сайынғы көлемі 2015 жылға қарай - 3,5 млн. баррельді, ал газ өндіру тиісінше 156 млн.м3 және 225 млн.м3 құрайтын болады.

Қазақстан үлкен мұнай саясатына нық қадам басуда. Қазақстанның әсерлі дамуын мұқият бақылап отырған әлемдік қоғамдастық елдің алдына қойылған мақсаттарды аса қиын болғанымен де, қол жетерлік деп бағалайды. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, мұндай ауқымды міндеттерді тек мықты ұлт қана алдына қойып, шешуге тиіс.

Біздің республикадағы қалаларды, ауылдарды, әртүрлі мекеме орындарын газбен қамтамасыз ету үшін табиғи газды магистралды тасымалдау жүйесі маңызды орын алады: Бұхара – Орал, Орта Азия – Орталық, Орынбор – Батыс шекара, Газли – Шымкент – Алматы.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мұнай және газдардың ірі қорына ие. «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бойынша отынды энергетик, ең алдымен газды және мұнай өнеркәсібінің дамуына бағытталған.

Қарастырылып отырған дипломдық жобаның негізгі мақсаты – газдардан метанды бөліп алу мақсатында метанизатор қондырғысын жобалау. Қондырғының өнімділігі 1 млн.м3/жыл.

1 Әдеби шолу

1.1 Табиғи газ

Табиғи газ да мұнай сияқты көмірсутектерден құралады. Құрамында С1 –С4 көміртегі бар көмірсутектерді: метан, этан, бутан, изобутан және 2.2 диметилпропан қарапайым жағдайда газ күйінде кездеседі. Осының бәрі табиғи газ, мұнайдың ілеспе газдарының құрамы да осындай. Газ өнімінің 96%-ы газ кен орнынан өндіріледі. Газ кені мұнайдан бөлек болады, жер асты қатынасы болмайды. Табиғи газ кен орны екі түрде кездеседі: таза газ және газ – конденсаты. Табиғи газдың 93-98,8% құрамы метан болады. Сондықтан және құрамында С45 бар көмірсутектері аз болғандықтан, табиғи газ құрғақ газдың қатарына жатады. Табиғи метанды газ түссіз, иісі жоқ, жанғанда қызуы өте жоғары, отын есебінде көп жерде қолданылады және шикізат ретінде, одан сұйық отын, сутегі, ацетилен, күйе алынады. Газ – конденсат кені тереңдікте мұнайдың газда жоғарғы қысыммен еруінен пайда болды деген пікір бар. Газ – конденсатты кен орнының таза газ кен орнынан айырмашылығы, газ құрамында метанның басымдылығымен қатар пропаннан бастап, сұйық парафинді, нафтенді, ароматты көмірсутектері көп болады. Орынбордың 1м3 газында 80гр сұйық көмірсутектері бар. Газ – конденсатты өндіргенде қысым азаюынан конденсат газдан бөлінеді. Конденсат түгелдей бензиннен тұрады.

Мұнай кен орнының газдарын ілеспе мұнай газы деп атайды. Ол мұнайда еріген күйде болады, жоғары шыққанда бөлінеді. Ілеспе мұнай газының құрамында құрғақ газға қарағанда этан, пропан, бутан және жоғары көмірсутектері көп болып, 50%-ға дейін жетеді. Мұнай ілеспе газын майлы немесе құнарлы газ деп те атайды. Олардың ең жеңіл газынан бензин алынады. Оны тауарлы бензинге қосуға болады. Қысыммен сұйық газға айналдырып, жер – жерде отынға пайдаланады. Ілеспе газдан этан, пропан және бутанды айырып мұнайхимия өндірісінде шикізат ретінде пайдаланып, түрлі зат өндіріледі. Бутан және изобутан каучук алу үшін жаратылады. Табиғи газдардың жаралу жолдары анық емес. Газдың құрамында азот, аммиак, күкіртсутегі, көмірқышқылы, сутегі болады. Азотты газдарда асыл газдар (гелий, аргон, т.б.) жиі кездеседі. Самараның Сұлтанғұл газ кен орнының газында азот мөлшері 20% - ға жетеді. Өндірістік гелий қондырғысын жасау үшін газ құрамында гелий мөлшері 0,1% - ға жетсе болады. Көмірқышқыл газы – газ құрамында 2,5% - дан аспайды [2].

Күкіртсутегі 20-30% газдың көлемін құрайтын газ кен орындары да бар. Табиғи газда сутегі сирек кездеседі, бірақ таза күйінде болады. Сутегі элемент күйінде жеңіл газ, химиялық белсенділігі де өте жоғары және тау – кен жыныс қабаттарынан оңай, кедергісіз өте береді. Сутегінің таза газ күйінде кездесуі жұмбақ, өте таңқаларлық құбылыс. Сутегі, көмірқышқыл газы, аммиак тереңдікте жататын газдардың қатарына жатады. Аммиак аммоний тұздары бар мұнайлы сулар арқылы пайда болады. Көмірқышқыл газы мен сутегі ізвесі бар тау – кен жынастарында тереңдіктің қызуымен түзіліп пайда болады.

Көрші елдердің ірі газ кен орындарына: Уренгой, Заполярия, Усть – Биляй, Березово, Газли, Саратов, Дашаво – Угер, Шебели т.б. жатады. Газконденсат кен орындарына Буктыль, Астрахан, Орынбор, Қарашығанақ, Теңге т.б. қосылады. Газдың құндылығы сонша оны көк алтын деп те атайды. Табиғи газды іске асыру үшін тасымалдау газ құбырлары, сақтау жер асты қоймалары, газ өңдейтін зауыттар салынады.