Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазутты дайындау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666.9 Кб
Скачать

2Технологиялық бөлім

Процестің химизмі және технологиялық процестің жазбасы

Процес физика-химиялық әдістердің көмегімен жүргізіледі: тұзсыздандыру, сусыздандыру; физикалық әдістер: ректификация, жылуалмасу. Барлық процестер келесі сатылардан тұрады:

- шикі мұнайды тұзсыздандыру;

- мұнайды атмосфералық айдау;

- ензинді тұрақтандыру.

Электртұзсыздандыру.Қондырғыға келіп түсетін мұнайдың құрамында су 1% масс. Дейін, тұз 1800 мг/л (mах) дейін болады [3].

Мұнайдың құрамындағы тұздардың, хлоридтердің судағы ерітінділері қажетсіз қоспа болып қана қоймайды, сонымен қатар қондырғыларды күшті коррозияға ұшыратады және газтурбиналық пен қазандық отындардың сапасын нашарлатады.

Мұнайдың құрамындағы тұздардың судағы ерітінділері өздерін әрқилы жүргізеді.

Хлорлы сутек түзетін хлорлы натрий төменгі температурада да гидролизденбейді.

Хлоридтердің гидролизі төмендегі теңдеуге сәйкес жүреді:

M gCl2+H2O Mg(OH)Cl+HCl

M g(OH)Cl+H2O Mg(OH)2+HCl

Конденсациялық-тоңазытқыштық аппарат хлорид сутектік коррозияға аса қаттырақ.

Тұздан арылу үшін барлық мұнайды тұзсыздандырады. Осы мақсатпен мұнайды тұзды сумен араластырады, ал мұнайда түзілетін эмульсия электрдегидраттардың электр жазықтығында қабыршықтанып бұзылады. Мұнай эмульсияларының тез және толық бұзылуы сілті беруді бақылайтын әлсіз сілтілі және бейтарап ортадағы реагент-деэмульгаторларды тиімді қолдану арқылы мұнайды қыздыру кезінде жеткізуге болады.

Сусыздандырылған және тұзсыздандырылған мұнай атмосфералық айдауға түседі.

Атмосфералық айдау. Мұнай қайнау температурасы мен молекулалық салмақтары бойынша әртүрлі, органикалық заттармен бірге еритін күрделі қоспа болып табылады.

Мұнайды фракцияларға бөлу қайнау аралықтары бойынша жүргізіледі. Бірінші колонна жеңіл фракциялар және газды бөлу үшін қызмет атқарады; екіншісі негізгі ректификациялық колонна болып табылады. Мұнайдан бірінші колоннадағы бензин компонеттердің алдын-ала бөлінуі нәтижесінде пештің иір құбырында қысым жоғарылайды.

Атмосфералық колоннада жоғарғы және төменгі өнімнен (бензин және мазуттан) бөлек үш бүйірлі қума фракция алынады.

Бүйірден шығатын қума жеңіл фракцияларды буландыратын буландыру колоннасына жіберіледі. Осылайша атмосфералық колонна біреу болып жинақталған бірнеше жай колонналардан құралған. Бұл колонналардың концентрациялық бөліктері бір тұлғада орналасқан, ал айдалатын бөліктері өзіндік буландыру колонналарынан құралған. Күрделі колоннаның түрлі секцияларында әртүрлі булы және сұйықтық жүктемелері және флегма сандары бар. Күрделі колоннаның жоғарғы жағына өткір бүрку беріледі. Ал екінші, үшінші, төртінші секцияларына өзіндік айналым бүркулері беріледі. Бұл ағындардың жылуын процестің энергетикалық шығындары есебінен жақсартуға мүмкіндік береді.

Осылайша атмосфералық колоннадан келесі бүйірден берілетін қумалар алынады: 140-1800С, 180-2300С, 230-3500С фракциялар.

Мұнайды айдау кезінде термиялық ыдырау нәтижесінде күкіртті қосылыстар Н2S түзеді. Ол хлорлы сутекпен бірігіп, аппараттың күшті жүктемесінің себепшісі болып табылады.

Күкіртсутек судың қатысуымен және жоғары температурада аппараттың металымен қосылысқа түсіп, күкіртті темір түзеді.

Fe+H2S→ FeS+H2

FeS+2HCl → FeCl2+H2S

ЭЛТС–АҚ аппаратында хлорлы сутекті коррозиядан қорғау үшін Т-110,Т-11А жылуалмастырғыштардан кейін орналасқан мұнайдың құбырөткізгішіне 2% cодасілтілі ерітінді беру қарастырылған. Сонымен қатар Т-194, Т-106, Т-132А жылуалмастырғыштардан кейін орналасқан мұнай құбырөткізгішіне де 2% содасілтілі ерітінді беру қарастырылған. Додикор ерітіндісінқалпақшалы құбыр К-102-ге және коррозия ингибиторын К-101, К-102 колоннасының қалпақшалы құбырына береді [4].

Додикор күкіртсутек және хлорлы сутекпен төмендегі реакция бойынша әсерлеседі:

H2S+2R-NH2→ [R-NH3]2+S2-

H2S+2R-NH2→ [R-NH3]+SH-

HCl+R-NH2 → [R-NH3]+Cl-

мұндағы R-NH3-додикор.

Реакцияның өнімдері дренаждық сумен рефлюксті сыйымдылық Е-102-ден шығарылады.

Аппараттар және құбыр өткізгіштер ішіне қорғаныс қабыршығын құру үшін ингибитор коррозиясын беру қарастырылған.

Тұрақтандыру.Бензин фракциясы К-101 және К-102 жоғарыдағы колоннадан тұрақтандыруға беріледі. Тұрақтандыру колоннасының жоғарғы жағынантұрақсыздандыру басы H2S-тен тазалауға және газды фракцияландыруға беріледі, ал тұрақты бензин 62-1400С фракциясы мен 140-1800С фракциясының бір бөлігінің қоспасы каталитикалық риформинг шикізаты болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]