Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазутты дайындау.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
666.9 Кб
Скачать

4.1.4 Шығын өлшеу құралдары

Деэмульгатор(7а), сода-сілтілі ерітінді (5а), таза және қайтарымды су (3а,12а), шикізатты (1а) ЭД-11, ЭД-12 электродегидраторларына беру шығынын өлшеу үшін қолданылады. К-37(10а) бензинсіздендіру колоннасындағы салқын қоректендіру шығынын өлшеу үшін П-43/1(16а,26а) құбырлы пешіне келіп түсетін, К-37колоннасының ыстық ағыны және К-37(18а) колоннасының берілген сұйытылымын өлшеу үшін қолданылады. К-50(31а,34а,37а) атмосфералық колоннаның 1-ші, 2-ші, 3-ші айналым сұйытылымының шығынын өлшеу үшін, К-50(42а) колоннаның сұйытылымы және К-50(44а) колоннасына буландыруға берілетінсулы бу шығынын өлшеу үшін және (54а,58а,64а) буландыру колонналарынан шығатын фракциялар шығынын өлшеу үшін және К-60/1, К-60/2, К-60/3 (52а,56а,60а) колонналарынан буландыруға берілетін буға қатысты шығынды өлшеу үшін, К-65(70а)тұрақтандыру колоннасын бензинмен қоректендіру шығынын өлшеу үшін, К-65 клоннаның төменгі бөлігінен шығатын тұрақты бензин (74а), К-65 (77а) колоннаға берілетін сұйытылым және К-65 (79а) колоннасына берілетін қыздырылған шикізат шығынын өлшеу үшін қолданылады. «Honeywell» фирмасының W3000 PLUS модельді шығын өлшегішін таңдаймыз. Бұл датчиктер сұйықтар, бу, газ, мұнай өнімдері және т.б. тікелей өлшеуді қамтамасыз етеді. Олардың негізгі артықшылықтары-монтаж және қызмет ету жағынан экономды болып келеді. Жоғарғы дәлдігі мен өлшеу нәтижелерінің қайталатындығымен сипатталады және мұнай өңдеу өндірісінде қолдану үшін оптималды таңдау болып табылады.

Ары қарай сигнал шығын өлшегіштен SITRANSFM (Intermag/Transmag) шығын құрауышына өтеді. Диаметр және максималды шығыны: DN 80/3 inch: 180 м3/сағ.Номиналды шығыны: Class 300(DN1 inch по DN3 inch).Орта температурасы -20oС-тан 180oС-қа дейін (сұраныс бойынша -40oС -тан 180oС –ге дейін)– (1б ,3б, 13б, 5б, 7б, 10б, 16б, 18б,26б, 31б, 34б,37б, 42б, 44б, 52б,56б, 60б, 64б,58б, 62б, 70б, 74б, 77б, 79б). «Siemens » фирмасының SIREС құралын (1в, 3в, 13в, 5в, 7в, 10в, 16в, 18в,26в, 31в, 34в,37в, 42в, 44в, 52в,56в, 60в, 64в,58в, 62в, 70в, 74в, 77в, 79в)таңдаймыз.ЭЛТС-АҚ қонырғысы өрт және жарылыс қауіпті болғандықтан міндетті түрде электропневматикалық позиционер 1г, 3г, 13г, 5г,7г, 10г,16г, 18г,26г,31г, 34г,37г, 42г, 44г, 52г,56г, 60г, 64г,58г, 62г, 70г, 74г, 77г,79г) қолданамыз.

Бұл аппарат басқа стандартты құрылғылармен салыстырғанда SIPART PS2 электропневматикалық позиционерді қолдана отырып, келесі артықшылықтарға ие болады: бұл модель сызықтық және айналмалы клапандар үшін жай қызмет етуші құрал. Қосымша құралсыз қолмен басқару, ауаның min-ды шығынын, бақылау нүктесін және реттеу шегін таңдау мүмкіндігі бар. SIPART PS2-нің орындау мүмкіндіктері: бір бағытталған өткізгіштер үшін пластикалық немесе металл тұлғада; екі бағытталған көрсеткіштер үшін пластикалық тұлғада. Жарылысқауіпті зоналар үшін келесі нұсқаларды пайдалануға болады: «жалын қауіпсіздік» (ЕЕxib); жарылыстан қорғау түрі; жарылыс өткізбейтін тұлға (EEx d) жарылыстан қорғау түрі. Sipart PS2-нің 0/4-тен 20мА-ге дейін , HART протокол (опция), интерфейс PROFIBUS-PA (EExia). Sipart PS2 микробақылаушы басқаруы бар цифрлық құрал болып табылады. Позиционер келесі компоненттерден тұрады: тұлға және қабықша. Электроника мен интерфейсі бар басқару блогы HART(опция) немесе PROFIBUS-PA өткізгіштердің дұрыс орналасуын, клапандағы позиционердің берік орналасқанын, пъезоэлектрлі басқаруы бар пневматикалық клапандар блогын бақылайтын құрылғы болып табылады. Жұмысшы зонаның өлшемі: 3-тен 130мм-ге дейін (бұрылу бұрышы 16o-тан 90o-қа дейін, 30o-тан 100o-қа дейін).Тұлғаның материалы 6DR4*00-(пластик) [11] .  

Жергілікті орны бойынша реттеу үшін «HONEYWELL» фирмасының орындаушы пневматикалық механизмін таңдаймыз. Шағын жоғарғы жағында штогы бар әмбебап реттеуші клапан.Конструкциясының модульдығы DIN және ANSI стандартына жауап береді.Түрі: өтпелі. Өлшемі: DN 15-тен 300мм-ге дейін; 1-ден 12мм-ге дейін. Фланецтегі номиналды қысымы: PN40/ANSI 300-ге дейін. Тұлғаның материалы: шойын, көміртекті болат, тот баспайтын жоғарғы температуралы болат, тот баспайтын төменгі температуралы болат. Қақпағы: стандартты, ұзартылған, сильфонды нығыздауыш, криогенді қондырғылар үшін. Нығыздауыш материал: тефлон (ПТФЭ), графит. Сипаттамасы: теңпайыздық, сызықтық, ашық–жабық.Өткізгіш: мембраналық пневматикалық немесе электрлік [ 10].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]