- •1 Әдеби шолу
- •Бб қисық сызықтары
- •1.2 Өндiрiс әдiсi мен құрылыс орнын таңдау
- •1.3 Шикізат, реагент және дайын өнімнің сипаттамасы Бастапқы шикізаттардың, материалдардың, реагенттердің, жартылай фабрикаттардың және дайындалатын өнімнің сипаттамасы [3-6] 1-кестеде көрсетілген.
- •1 Кесте
- •Бастапқы және дайындалатын өнімнің сипаттамасы
- •2Технологиялық бөлім
- •Электртұзсыздандыру.Қондырғыға келіп түсетін мұнайдың құрамында су 1% масс. Дейін, тұз 1800 мг/л (mах) дейін болады [3].
- •2.1 Өндірістегі технологиялық кестенің жазбасы
- •2.2 Негізгі аппараттың материалдық тепе-теңдігі
- •4 Кесте
- •5 Кесте
- •2.4 Негізгі аппаратты механикалық есептеу Аппарат денесінің материалы
- •3 Негізгі және қосымша жабдықтарды тандау
- •4Бақылау-өлшеу құралдары және автоматтандыру процесі
- •4.1 Автоматтандырудың техникалық жағдайларын таңдау және негіздеу
- •Температураны өлшеу құралдары
- •Өздігінен жазғыштарды өлшеу құралдары
- •Қысымды өлшеу құралдары
- •4.1.4 Шығын өлшеу құралдары
- •Деңгейді өлшеу құрауыштары
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Қалдықтардың мүмкіндік шекті концентрациясын есептеу
- •5.2 Қалдықтардың мүмкіндік шегін есептеу
- •6 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •6.1 Техникалық регламент
- •6.2 Еңбек жағдайына әсер етуші технологиялық процестер
- •6.3 Ғимараттар мен құрылғылардың көлемдік жоспарлау жөніндегі шешімдер
- •6.4 Өндірістік санитария
- •6.5 Технологиялық процесті жүргізудегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
- •6.6 Өрт қауіпсіздігі және жарылыс
- •7 Процестің техника-экономикалық көрсеткіштері
- •7.1 Өндіріс өнімділігін есептеу
- •7.2Капиталды шығындарды есептеу
- •12 Кесте Қондырғының сметалы бағасы
- •7.3 Еңбек және еңбек ақыны есептеу
- •7.4 Өнімнің өзіндік құнының есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Өндiрiс әдiсi мен құрылыс орнын таңдау
АҚ қондырғысының технологиялық схемасы Құмкөл мұнайынан қалаған мұнай өнiмiн алуын қамтамасыз ету керек.
Схеманы таңдаған кезде анықталуы қажет: қондырғының оптималдық қуаты,басқа қондырғылармен бiрiктiрудiң тиімділігі мен мүмкiншiлiгi, қондырғының жеке блоктарының оптималдық схемасы, қондырғының құрастыру ауданында құрал-жабдықтарды орналастыру схемасы. Таңдап алынған схема үлкен алу тереңдiгiн таза фракционирленуiн, процесс тиiмдiлiгiн, үлкен жөндеу-аралық жұмыс уақыты және жоғары техника экономикалық көрсеткiштердi қамтамасыз етуi керек. Мұнайды атмосфералық айдауда мұнайды бөлудiң үш схемасын қолданады.
Бiр күрделi ректификациялық колоннасы бар схема құрамында 8-10%- тен аспайтын бензин фракциясы бар, тұрақтандырылған мұнайлар үшiн қолданылады. Колоннадағы жеңiл және ауыр фракциялардың бiрлесе булануы пештегi мұнайдың қызу температурасын төмендетуге мүмкiндiк бередi. Бiрақ схема әмбебаптылығына және қолдану ыңғайлылығына ие емес. Құрамында ерiтiлген газдар және төмен қайнаушы фракциялары бар мұнайлар үшiн бұл схеманы қолдану қиынға түседi, себебi қоректендiрушi насостан пешке дейiнгi қысым артады, нәтижесiнде жылуалмастырғыштардағы мұнайдың ағып кету мүмкiндiгi артады.
Алдын-ала буландырғышы және ректификациялық колоннасы бар схема. Бұл схеманың қолданылудың нәтижесiнде пеш құбырларындағы қысымның ауытқуы төмендейдi. Буландырғыштан шыққан булар негiзгi колоннаға бағыталады, сол себептi жеке дара конденсациялық қондырғыларды және сораптарды орнатудың қажетi жоқ. Бiрақ ерiтiлген газдардың және бензин фракцияларының мөлшерi жоғары болған кезде негiзгi колонна булар бойынша шектен тыс жүктеледi. Сондықтан оның диаметрiн үлкейтуге тура келедi.
Құрамында алдын-ала жуықтап бензинсiздендiру колоннасы және негiзгi ректификациялық колоннасы бар отандық тәжiрибеде кеңiнен тараған, себебi бензин фракцияларының және ерiтiлген газдардың мөлшерiнiң едәуiр өзгерiсi кезiнде жұмысқа анағұрлым тиiмдi және қолдануға ыңғайлы. Жобаланатын АҚ қодырғысында осы схемаларды қолданамыз, бензин фракциясын алдын-ала жуықтап бөлудiң арқасында пеш құбырларында және жылуалмастырғыштарда үлкен қысымның тууына мүмкiндiк бермейдi, осы себебтi арзанырақ құрал-жабдық қолдануға мүмкiндiк туады. АҚқондырғысын құрылыс орны Шымкент қаласының маңындағы аумақ ,, ПКОП” АҚ таңдалынды. Мұнай ,,Қызылорда- Шымкент“ мұнай құбыры арқылы жеткiзiлiп отырады және Құмкөлден Қазақстанның жергiлiктi мұнайы да осы құбыр арқылы жеткiзiлiп отырады, сонымен қатар темiржолмен Ақтөбе мұнайы жеткiзiледi. Зауыт iшiндегi темiржолдар халық шаруашылығында қолданатын дайын мұнай өнiмдерiн шығаруды қамтамасыз етедi. Дайын өнiм тұтынушылары Орта Азия республикалары болып табылады. Кадрлармен қамтамасыз етушi болып Шымкент политехникалық колледжi, сонымен қатар М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университеті болып табылады [5].
1.3 Шикізат, реагент және дайын өнімнің сипаттамасы Бастапқы шикізаттардың, материалдардың, реагенттердің, жартылай фабрикаттардың және дайындалатын өнімнің сипаттамасы [3-6] 1-кестеде көрсетілген.
