Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

1.3 Тектоника

Тектоникалық қатынаста Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Яғни, орал алды геосинклинальды аймағынан Ащысай және солтүстік көпекті сызықтарынан көрінеді.

Геологиялық дамуының бір сипаттық қасиетті ауданның интенсивті түсуі және қалың шөгінділердің қабатшаларда 7 шақырымнан 10 шақырымға дейінгі аралықтарында болуына байланысты. Бұл қабаттың негізгі бөлігін кунгур ярусының галогенді табан шөгінділері және кембрий іргетасына дейінгі жыныстардың жоғарғы бетінде жатқан тұз асты жиынтығынан құрайды.

Тұз асты шөгінділерінің жоғарғы беті Ащысай бұзындыларына жақын маңда 2 немесе 2,5 шақырымнан Беттеу күмбезінің меридианына қарай 5,5 немес 6 шақырымға дейінгі, яғни батыс бағытына қарай моноклинальды қалыңдай береді.

Аталмыш моноклинал көлемінде екі жақтан алынған тізбек қатарлары бөлінген. Соңғысы төменгі горизонттарда мықты байқалып, соған сәйкес ойпаттың ортаңғы бөлігіне қарай қалыңдай бастайды.

Шығыстан батысқа қарай Жаңажол, Кенқияқ, Қожасай, Шұбарыш қатарларының жүйесі бөлінеді және олардың көлемінде 3 немесе 3,5 шақырымдық тереңдіктерде (П1) тұз асты горизонтының қисығы түзілген.

Жаңажол қатарының бір ерекшелігі қуатты карбонат массивтерінің дамуы болып табылады. Олар үлкен брохиантиклиналь тәріздес дөңбектерден құралған.

Сейсмикалық мәліметтерден бұрғылау жұмыстарының нәтижелерімен салыстырғанда әр түрлі локалды дөңестерінің морфологиясындағы өлшемдері, шөгінділердің тереңдік қатынастарында әр түрлі өзгешеліктер байқалады.

Құрылым картасында жоғарғы карбон шөгінділерінің табаны бойынша екі локалды дөңес анық көрсетіліп, 50-і ұңғы ауданына 2,5 шақырымдық изогипс енгізуімен контурланған.

Жаңажол дөңестері ұзындық ось бойынша 28 шақырым болып, қабаттың карбонатты массивінің ішінде субмеридианды құрылымдар құрайтын брахиантиклиналды қырлардан тұрады.

Ол екі локалды дөңестен тұрады. 50-і ұңғы ауданына солтүстік локалды дөңесі 2,3 шақырымдық изогипспен контурленген. 25 шақырымдық тұйық изогипс бойынша дөңестің ауданы 10,535 шақырым болады. Оңтүстік көтерілімнің дөңесі 50 метр төменде жатыр және 2,3 шақырымдық изогипспен 19-ы ұңғы аймағында контурланған. 2,3 шақырымдық изогипсті көтерілімнің өлшемдері 9,534 шақырым болады.

1.4 Мұнайгаздылығы

Жаңажол кен орнының көмірсутек өнім қорын бағалау екі кезеңде жүргізілді. Қор есебі бірінші карбонатты қабаттың (КТ- I) үстіңгі және ортаңғы карбон өнімді шөгінділері үшін 2000 жылдың 15 ақпандағы зерттелу жағдайы бойынша жүргізілген. Жұмыс Қазақ ғылыми зерттеу геологиялық мұнай институтымен (КазНИГРИ) орындалған. Бірінші карбонат қабат көлемінде бұл жағдайда төрт өнімді бума бөлінген: А, Б, В және В1.

Өнімді жиынтықтардың коллекторлық қасиеттері сынама мен кәсіпшілік – геофизикалық зерттеулер кешені бойынша қарастырылды. Есептелетін кеуектілік параметрін негіздеу үшін, геофизикалық зерттеулердің мәліметтері және қара құжаттың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері пайдаланды. А, Б мен В жиынтықтардағы, мұнайғақанықтылық бөлігіндегі кеуектіліктің сынама бойынша орташа арифметикалық шамасы сәйкесінше: 11.5 %, 13,7 %, 10,2 % - ды құрады.

А, Б және В жиынтықтардағы газды телпектердің газғақанығушылығы сәйкесінше: 79%, 82%, 81% - ды құрады. ГЗС нәтижелері бойынша кеуектіліктің орташа шамасы А жиынтығында 12 %, Б жиынтығында 13,8 %, ал В жиынтығында 11,5 % құрады. А мен Б жиынтықтары бойынша жоғарыда қарастырылған мәліметтерге қарасақ, ГЗС пен сынама бойынша кеуектіліктің шамасы бастапқыда бір – біріне жақын, сондықтан кеуектіліктің шамасын А жиынтығында 12%, Б жиынтығында 14 % деп қабылдауға толық негіздеме бар. Б жиынтығында тек 7 ұңғыма ғана сынамаға зерттелсе, ал 12 ұңғымада кеуектіліктің, геофизикалық жағынан анықталуы жүргізілгенін ескерсек, онда кеуектілікті НГК бойынша 11 % деп қабылдау қажет. А, Б, В өнімді жиынтықтардағы өткізгіштің сүзілу сипаттамасын негіздеу үшін, тек қана бастапқы мәліметтер пайдаланды. А, Б, В жиынтықтардағы өткізгіштің орташа мәні сәйкесінше: 0,008 мкм. м , 0,171 мкм. м , 0,114 мкм. м құрады. А мен Б жиынтықтарындағы жүргізілген кәсіпшіліктік – геофизикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бастапқы мұнайғақанығушылық сәйкесінше: 80 % және 88 % - ды құрады, ал В – В1 жиынтықтары бойынша мәліметтер сынама мен ГЗС арқылы белгілі болды. Шоғыр ауданы бойынша сынама мәліметтерінің жетіспеушілігінен, В1 жиынтығында ГЗС – тен алынған бастапқы мұнайғақанығушылықты 86 % деп қабылдаймыз, ал сынама жағынан жиынтық әлсіз сипатталған. Бұл жиынтық бойынша алынған барлық параметрлер, В жиынтығында алынған параметрлер сияқты қабылданады. В жиынтығы, Б жиынтығы сияқты қалыңдықтарының үлкен айырмашылықтарымен сипатталады. В жиынтығының жалпы қалыңдығы 10 м – ден, 108 м – ге дейін өзгерсе, ал тиімді қалыңдығы 6 м – ден, 40 м – ге дейін немесе одан жоғары өзгереді. Мұнайға қаныққан қалыңдығының максимал шамасы 55 м – ге дейін жетеді.

Оңтүстік күмбезде орташа мұнайға қаныққан қалыңдық 13 м құраса, ал солтүстік күмбезде орташа мұнайға қаныққан қалыңдық 20,9 м құрады.

В1 жиынтығының қалыңдығы 28,2 м – ден, 73 м – ге дейін өзгерсе, ал мұнайға қаныққан қалыңдығы 30,8 м – ден, 88,6 м-ге дейін өзгереді.

Жаңажол кен орнының сатысында (Алибекмола, Жаңажол, Ұрыхтау, Қоңғыр, Шығыс Төрткөл) 4411 м аралықтағы тереңдікте. Кеңкияқ кенорнының сатысында (Арайсай, Кеңкияқ, Көкпенде, Оңтүстік Мартук, Жантай және т.б) олар 5182 м тереңдікте – будалардың оңға жуық коллекторлары бөліп тұр ( 20 – 84 м қалыңдықта, мұнай қабаттарымен негізделген, газ және конденсатта кездеседі), оның құрамына: окс горизонтындағы – бір; серпухов ярусында – үш; башкир ярусында – үш; коллекторлы будаларды өз – ара аргелитті қабаттармен немесе тығыздығы жоғары карбонаттар болып бөлінеді.Әр будаларда екі – жеті қабат болады,олардың қалыңдығы 3 – 38м аралығында және буланған коллекторлармен бірге, ыдыраған және сирек булармен, булы қабаттармен, ыдыраған қабаттар түрінде. КТ-1 сатысының, физикалық және мұнай өнімінің сапалы мінездемесі жақын.Олар жеңіл (833 – 836 кг/м3). Күкіртті (0,4 – 0,9%), парафинді (3,95%), шайырдың және асфальтеннің мөлшері 4,6 – 5,6%.Фракцияның шығу температурасы 200С, 32%- дейін жетеді, ал 300С 55% шамасында. Мұнайдың топтық құрамы: метанды – нафтенді.

Қабаттың мұнай және газконденсатты бөлігінде, еріген газ, құрамы бойынша ауыр және жеңіл болып келеді, құрамында этан бар бөлігі; көмірсутектері 8,5-тен 19,6%-ке дейін өзгереді, метан 68,2 – ден 87,3% - ке өзгереді. Құрамында күкіртсутегі 2,04 – 3,49%, азот 1,02 – 2,19%, көмірқышқыл газы 0,57 – 1,08% , құрамында гелийдің 0,01 – 0,014% мөлшері бар.

Қалыпты конденсат мөлшері газда 283 г/м3. Оның тығыздығы 711 – 746 кг/м3, күкірт мөлшері 0,64%. Топтық құрамда: метан 70%, нафтен 20%, ароматты 10% . Конденсат дебиті 34 – 162 м³/тәу.

Жаңажол кен орнының қорлары есептеліп, мұнай 399922 мың.т, мұнайдың алынған қоры 118140 мың.т, еріген газдың баланстық қоры 109831 млн.м3, газ бүркемесінің газ қоры 100481 млн.м3, конденсат қоры 40709 млн.т құрады.

Бүкіл кен орынның мұнай қоры – 399,92млн.т, еріген газ қоры – 19,84млрд.м3, газ бүркемелерінің газ қоры – 107,62млрд.м3, конденсат қоры – 40,722млн.т, соның ішінде КТ-I-дің геологиялық қоры: мұнай – 166,423млн.т (максималды мұнай ауданы – 15,204км2), еріген газ – 40,64млрд.м3, газ бүркемелерінің газ қоры – 76,6млрд.м3 (максималды газ ауданы – 70,695км2), конденсат – 21,677млн.т; КТ-II бойынша: мұнай – 233,499млн.т (максималды мұнай ауданы – 184,757км2), еріген газ – 69,2млрд.м3, газ бүркемелерінің газ қоры – 31,02млрд.м3 (максималды газ ауданы – 42,498км2), конденсат – 19,045млн.т. Кесте 1.1 Жаңажол кен орны бойынша мұнай және геаз конденсат қоры көрсетілген. Қор категориясы – С1, бүкіл кен орынның мұнай өндіру қоры – 118,14млн.т, оның ішінде КТ-I – 478,57млн.т, КТ-II – 702,83млн.т.

1.1 - кесте - Жаңажол кен орны бойынша мұнай газ және конденсат қорлары

Гори

Зонт

Мұнай қоры, мың.т

Еріген газ қоры, млн,м3

Газ бүркемесі газының баланстық қоры, млн,м3

Конденсат қоры, мың.т

Баланстық қорлар

Алынған қорлар

Баланстық қорлар

Алынған қорлар

Баланстық қорлар

Алынған қорлар

КТ-I

166423

47857

40637

11760

72502

21664

13210

КТ-ІІ

233499

70283

69194

20421

27979

19045

13332

Барлығы

399922

118140

109831

32181

100481

40709

26542

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]