Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аскар диплом 3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.93 Кб
Скачать

1.3. Бөлшек материалына сипаттама

Бұлғақтар үшін негізінен айналу жылдамдығы аз қозғалтқыштарда көміртекті болат: өзек үшін – болат 35, Бастиек үшін – болат 25,35, бұлғақтың бұрандамалары үшін – болат 30 қолданылады.

Айналу жылдамдығы көп қозғалтқыштарда кернеудің дәрежесіне байланысты қақпақтар мен өзек үшін көміртекті болат 45, легірленген болат 40Х, 45Х, 30ХНМА, 1ЯХ2Н4ВА (соңғысының беріктігі мен тұтқырлығы жоғары) қолданылады. Бұлғақтың бұрандамалыр үшін болат 20ХНЗА және 18Х2Н4ВА қолданылады.

Бұлғақтың дайындамаларының өзек нысандарын қос тавр қимасына ұқсатып қалыптайды. Бұлғақтың алынатын бастиегі мен бастиектің төменгі қақпағы құйылған және қалыпталған.

Қалыптау негізінен жабық қалыпта өндіріледі, сонымен қатар бұлғақтың дайындамалары қақпақшамен бірге немесе бөлек қалыпталуы мүмкін.

Бұлғақ үшін материалдарды мұқият тексереді. Әр бөлшектен алынған үлгілер механикалық сынаудан өтеді.

Бұлғақ материалы ретінде болат 35 таңдалды және оның химиялық , механикалық 1 – ші, 2 – ші кестелерде көрсетілген:

Химиялық құрамы, 1 – кесте

C

Si

Mn

S

P

артық емес

0,32 – 0,40

0,20 – 0,52

0,45 – 0,90

0,050

0,050

Механикалық қасиеті 2 - кесте

σ0,2 , Н/мм2

σВ , Н/мм2

σ, Н/мм2

Ψ, %

KCU, Дж/см2

НВ

Кем емес

275

491

15

25

34

150

1.3. Шатунға қойылатын техникалық талаптар

Әр түрлі машиналар үшін бұлғақ талаптары МЕСТ – пен реттеледі. Қозғалтқыш бұлғағының бастырылған төлкегінің және поршень саусағының астындағы тесіктері Н7 – Н8 – ге сәйкес жасалған болуы керек. Трактор бұлғағы үшін – зауытқа сәйкес дизельді қозғалтқыштар үшін поршень саусағының диаметрі 2/3 рұқсат етілген. Төлке тсігінің бет кедір - бұдырлық

Rz = 2 ….6,3 мкм рұқсат етілген.

Иінді бұлғақ бастиек ішпегенің астындағы тесігі Н6 –Н7 ге сәйкес жасалу керек.

Дизельді қозғалтқыш бұлғағының цилиндрлі 2/3 диаметрлі тесігі үшін кедір – бұдырлық Rz = 2 ….6,3 мкм рұқсат етілген.

Бұлғақтын дайындамаларын механикалық өңдеуге келесі талаптар қойылады:

  1. ұзындығы 100 мм жоғарғы және төменгі бастиек тесік (сонымен қатар бұлғақтың саусақ түбі тіркемесіндегі тесік) осіне параллелдік шегі центраралық қашықтығы 350 мм – ге дейін болғанда 0,03 мм - ден, ал центраралық қашықтығы 350 мм жоғары болғанда 0,02 мм – ден аспауы керек.

Ұзындығы 100 мм жоғарғы және төменгі бастиек тесік осьтерінің қиылысу шегі центраралық қашықтығы 350 мм – ге дейін болғанда 0,05 мм – ден, ал центраралық қашықтығы 350 мм – ден жоғары болғанда 0,03 мм – ден аспауы керек:

  1. бастиек тесігінің осі өзек осіне перпендикуляр және оны кесіп өту керек. Ұзындығы 100 мм бастиек тесгінің осінін перпендикулярлық шегі 0,05 мм, осьтердің ығысу шегі 0,5 мм – ге дейін;

  2. ұзындығы 100 мм бұлғақтың төменгі бастиегінің тесік осіне қатысты параллелді жазықтықта ажырату шегі 0,2 мм – ден аспауы тиіс;

  3. жоғарғы жіне төменгі бастиек дөңгелекті және цилиндрлі тесігі 2/3 дәлдік шегіне сәйкес келетін диаметрден асапауы керек;

  4. Ұзындығы 100 мм бұлғақтың бұрандамасының гайкасы және бастиектерінің параллелдік тірек шектері 25 мм – ге дейін болғанда жоғарғы тірек бұрандаманың диаметрі 0,1 мм – ден аспауы керек;

  5. Өңдеу өлшемі 2 – кестеде көрсетілген дәлдікпен жасалған:

Бұлғақты өңдеудің дәлдігі кесте – 3

Өлшем

Дәлдік шегі

ескерту

d1

Н6......Н7

тесік тұтас төлкенің астында

d2

Н6......Н7

Ірі қозғалтқыштар үшін Н9

L

±0.1…..0.05мм

Сығымдағыш төсемсіз бұлғақ үшін

d3

Н7.....Н9

Центрлейтін бобышканың тесігі үшін

d3

ƒ7….h6

диаметр центрлейтін бобышки

d4

Н9

Бұлғақ бұрандамалар үшін тесік

d4

ƒ7….e8

бұлғақ бұрандамаларына мойын

l

±0.03мм

Ауысымдық алынбалы бастиектер үшін

  1. айналу жылдамдығы көп қозғалтқыштар үшін бұлғақтар Ra = 0,4....0,2 мкм дөңгелетіп жылтыратылған легірленген болаттардан жасалады;

  2. бұлғақтың төменгі бастиегіндегі ішпектер үшін тесіктерді соңғы кеулейжону қатаңдату бұрандамаларымен жинақталған бұлғақтарда жұмыс күшімен жасалуы керек.

Дайындама – төменгі бастиегінің қақпағы бар бірге соғылған, дөңгелек қимасы өзек.

Мұндай бұлғақты механикалық өңдеу бес технологиялық кезеңнен тұрады:

  • төменгі бастиектің қақпағының кесіндісне дейін өңдеу;

  • төменгі бастиектің қақпағын өңдеу;

  • төменгі бастиектің қақпағынсыз бұлғақты өңдеу;

  • бұлғақты қақпағымен жинау және ішінара механикалық өңдеу;

  • бұлғақты қақпағымен жиналған түрде өңдеу.