
Жауап алу психологиясы
Жауап алу – тергушінің қылмыстық іске қатысты кісілермен кәсіптік тілдесу барысында, тілдесу арқылы және тілдесу нәтижеінде дәлелдемелер алуды қамтамасыз ететін өте мағыналы, психолооггиялық жағынан өте күрлделі әрекет. Бұл әрекет жекебасты дәлелдемелерді жинақту әдісі болып табылады. Алынған жауаптардың толықтығы мен сенімділігі заңмен бекітілген процессуалды ережелермен ғана емес, оның сыртында, тергеушінің пихологиялық заңдылықтармен таныс болуына байланысты болады.
Тергеу барысындағы жауап алудың мәні – материальды ортаға және болған оқиғаға қатысы бар адамдардың есінде сақтаолынған мәліметерді жаңғырту, реконструкциялау. Істің мән-жайын, қылмыс жасау механизмын, мотивтері мен мақсматтарын дұрыс ұйымдастыру арқалы анывқтауға болады.
Жауап алу кезінде тергеуші әртүрлі ақпаратпен кездеседі. Оынң мақсаты – осы ақпаратты жүйеленлдіру, оның негізгі элементтерін табу, бөлек фрагменттер бойынша оқиғаның толық бейнесін құрастыру. Жауап алу тиімділігі жауап алушы мен берушінің қарым-қатынасына және психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Жауап алудың негізгі міндеттері болып көрсетпелерді тексеру, заңғы қайшы келметйтін ықпал жасау, жалған көрсетпеледрі айқындау.
Жауап алу екі жағдайда өтуі мүмкін:
қақтығыс жағдайында;
әрекеттестік жадайында.
Жауап берушілерді олардың сихолоиялық ереукшеліктеріне, тергушінге деен қатына байланысты келесі түрлерге бөлуге болады:
қылмыстың ашылуын қалайтын, тергеудің жемісті болуына ұмтылатын, сондықтан тергеушіге көмектесетін кісілер;
тергеуге, тергеушіге немқұрайла болатын;
қылмыстың ашылуына кедергілер жасайтындар.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты қылмыстық іске қатысушылардың ерекшеліктеріне орай жауап алу тактикасы үнемі өзгеріп отыруы қажет. Дегенмен, қандай бомаын жауа алудың барлық түрлеріне ортақ болатын сатылары бар.
жауап алуға дайындалу, жауап берушіні шақырту;
кәсіптік қарым-қатынас барысында психологиялық контак құрастыру;
тергеуге маңыздылығы бар ақпаратты жауап алу кезінде жинақтау;
жауап алуды аяқтау, жауап берушіні тергеудің басқа сатыларына дайындау;
нәтижелерді талду, жауап алудың тиімділігін зерттеу.
Жауап алу сатыларын қарастырайық.
Дайыедық сатысы.. бұл сатыда тергуші келесі міндеттерін орындайды:
ақпараттық базаны құрастыру;
тілдесу стратегиясы мен амалдароын қарастыру;
жауап алуға маңызды юарлық шарттарды қарастыру.
Ақпараттық база қылмыстық іс материалдарынан, оперативты мәліметтерден, жауап берушіні зерттеу нәтижелерінен тұрады. Алдын ала жиналған ақпаратжауап берушінің тактикасын болжауға, психологиялық әсер жасау жолдарыв таңдауға мүмкіндік береді.
Тергеуші жауап алу орнын, уақытын ойластырып, әрбір оқиғаға лайықтысын таңдайды.
2. Бұл сатыда тергеуші жауап бруші кісінің психологиялық ерекшілктерін , психикалық күйін ұйғара отырып, онымен психологиялық контакт құрастырады. Бұл саты барлық тергеу әрекетінің тиімділігін себептейді. Психологиялық контакт нақты тергеу жағдайының сипатына байланысты болады (қақтығысты немесе қақтығыссыз).
Жауап алу табыстылығы осы сатыға байланысты болады. Әрбір кісіге ерекше қатынас керек. Психологиялық контакт пайда болмай, тергеуші әрекеті тиімді болмайды. Контакт жемістілігі тергеушінің тәжрибелігіне, оның басқа адамның көңіл-күйін, қал-жайын түсіну қабілеіне байлансты болады.
Жауап берушінің психологиялық күйін түсініп алғаннан кейін тергеуші жауап алудың нақты тактикасын таңдайды. Кісінің күйіне байланысты тергеуші сұрақтары қатал немесе жұмсақ, көрсететін ықпалы эмоциялық немесе логикалық, сөйлеуі баяу немесе қаһарлы болуы мүмкін. Дегенмен, қандай болмасын адаммен кездес с еде, тергеуші ұстамды, сыпайы, тұрақтьы, әділетті, сезгіш., икемді боғаны қажет.
3. Жауап алудың негізгі сатысы ең созылмалы және ауыр болады. олд бірнеше фазалардан тұрады:
а) жәбірленушінің еркін әңгімесі;
б) әңгімені дәлдеу (детализация);
в) ақпаратты жүйелендіру.
Еркін әңгіме кезінде көптеген еркін ассоцияциялар айда болады. Тергеуші ешқандай қысым, иландыру немесе сендіру әдістерін пайдаланбауы керек. Қажет болса, мысалы жауап беруші мәліметтерді есіне түсіре алмаса, немесе түсіргісі клмесе, тергеуші детализация әдісін қолданады. Әңгіме қайтадан айтылып, ұмыт қалған немесе түсініксіз қалған эпизодтар қайтадан қарастырылады.
Жауап алу кезінде тергеуші келесі нәрселерге ерекше назар уадаруы керек:
а) жалған көрсетпелердің себебін анықтау;
б) өзін-өзі жалалаудың себебін талдау;
Жауап алу кезінде осы фактілер бақыланса, тергеуші нешетүрлі психотехникалық тәсілдерді және психологиялық ықпал жасаудың жолдарын қолдана алады. Мысалы, иландыру, сендіру, жалған оқиғаны ұсыну (легенда), жалған ақпарат беру, топтық жауап алу, беттестіружанама сұрақ қоюқайта жауап алу, әлелдеелерді күтпеген жерде ұсыну, тағы да басқа заңға қайшы келмейтін амалдар.
Кейбір психолгиялық топтарға тергеуші ерекше көңіл беруі керек. Бұл кісілер жауап алу кезінде өзгеше жүріс-тұрыс көрсетуі мүмкін. Олардан жауап алатын тергеуші өз әрекетін, жүріс-тұрысын тиянақты ойластыру қажет. Бұл категорияға жататындар:
а) психолгиялық ауытқулары бар адамдар;
б) балалар мен жасөспірімдер;
в) иланғыштығы жоғары адамдар;
г) күйзеліс, шиеленіс, мас күйіндегші адамдар.
4. Жауап алуды аяқтау сатысында жауап беруші жауап алу хаттамасынен таныстырылады. Мәліметтер тоолықтырылып, реттерініп, дұрысталынып, түзетіліп, заңмен ұйғарылған хаттама түрінде бекітіледі.
Бұл сатыда қайшылықтар анықталса, немесе бұрын беклгісіз болған жаңа мәліметтер табылса, қосымша жауап алынады. Содан кейін тергеуші жацуап беруші адамды келесі процесуальды әрекеттерге дайындайды.
5. Жауап алу кезінде жинақталған ақпараттың пайдалылығы және нәтижелілігі анықталынады, процесуальды және психологиялық тиімділігі тексерілінеді.
Процесуальды тиімділігін тексеру дегеніміз – жауаптар сенімділігін, толықтығын анықтау, алғашқы қортынды, болжам жасау.
Психологиялық тиімділігін тексеру – субъективты және объективты жағдайларды тексеру, жауаптардың дәйектілігі, сыртқы жағдайларға тәуелсіздігі зерттелінеді, пайдаланған психотехникалық әдістердің нәтижелілігі қарастырылынады.
Жауап алу барысында тергеуші сөлеу әрекетінің психологиялық заңдалақтарын білуі керек. Жауап беруші адамның коммуникативты қабілеттері әртүрлі болуы мүмкін (сөйлемейтін, бос сөйлейтін, сөзбен жалықтыратын, агрессивты сөйлейтін)
Коммуникация кезінде жауап беруші тергеушіні қызықтыратын ақпаратты беріп қоймай, оның сыртында да қосымша көптеген ақпарат береді. Ол мәліметтерді беру міндетінен бөтен басқа д а міндеттерді орындауға тырысады – өзін жағымды жағынан көрсету, ақпараттылығын көрсету, пікір қалыптастыру.
Қолданылған әдебиет тізімі
Негізгі әдебиет:
Антонян Ю.М. , Еникеев М.И. , Эминов В.Е. Психология преступника и расследования преступлений. М. , 1996
2. Баев О. Я. Тактика следственных действий. - Воронеж, 1995.
3. Белкин Р. С. Моя профессия - следователь. - Гродно, 1995.
4. Белкин Р. С. (в соавт.) Тактика следственных действий. - М., 2007.
5. Васильев В. Л. Юридическая психология. - Спб., 1997.
6. Глоточкин А. Д., Пирожков В. Ф. Исправительно-трудовая психология. - Рязань, 1985.
7. Долгова А.И. Криминологические проблемы взаимодействия социальной среды и личности. М. , 1980
8. Еникеев М. И. Основы общей и юридической психологии. - М., 1997.
9. Еникеев М.И. , Эминов В.Е. Психологическая экспертиза при расследовании авиационных происшествий. М. , 2001
10. Еникеев М.И. Структура и система категорий юридической психологии. М. , 1996
11. Котов Д. П., Коновалова В.Е. Правовая психология. Харьков, 1997
Котов Д.П. , Шиханцов Г.Г. Психология следователя. Воронеж, 1977
Костицкий М.В. Судебно-психологическая экспертиза. Львов, 2000
Механизм преступного поведения. Под ред. Кудрявцева В.Н. М. , 1981
Ситковская О.Д. , Конышева Л.П. , Коченов М.М. Новые направления судебно-психологической экспертизы. М. , 2000
Смирнова Н.Н. Юридическая психология. Спб, Столяренко А.М. Проблемы и пути развития юридической психологии. Психологический журнал. 1988, Т.9, №5, 2000
17. Ярочкин В. И. Организованная преступность. - М., 1995.
18. Юридическая психология. Хрестоматия. Спб, 2001
Қосымша әдебиет
1. Антонян Ю.М. Психология убийства. М. , 1997
2. Кертэс И. Тактика и психологические основы допроса. - М., 2005.
3. Леоненко В. В. Профессиональная этика участников уголовного судопроизводства. - Киев, 1981.
4. Лившиц Е. М., Белкин Р. С. Тактика следственных действий. - М., 1997.
5. . Махов Ф. С. Жить без проступков и правонарушений. - М., 1986.
9. Романов В.В. Юридическая психология. М. , 1988
10. Сахнова Т.В. Зачем суду психолог? М. , 1990
11. Соловьев А. Б. Использование доказательств при допросе. - М., 1981.
Филонов Л.Б. Психологические способы изучения личности обвиняемого. М. , 1983
Чуфаровский Ю.В. Юридическая психология. М. , 2000
14. Ярочкин В.И. Организованная преступность. М. , 1995