Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс 5.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы: тергеу әрекетінің психологиялық ерекшеліктері

Дәріс жоспары:

  1. Тергеуші әрекетінің компоненттері.

  2. Тергеу әрекетіндегі психолог міндеттері

  3. Тергеу әрекетінің қолданбалы салалары

Қысқаша айтқанда, ергеуші әрекеті келесі компоненттерден тұрады:

  1. Танымдық-жобалау әрекеті – ол мынадай міндеттерді атқарады:

а) іәзденіс міндеті – қылмыс туралы жан-жақты ақпарат жинау;

б) реконструктивты міндет – жиналған ақпаратты талдау, болжамдарды қарастыру;

в) куәландіру міндеті – жинастырылған ақпаратты арнайы, заңмен белгіленген түрде бейнелеу, реттеу (хаттама, қауыл);

  1. Коммуникативты әрекет – кәсіби қарым-қатынас барысында адамдармен (күәгерлер, жәбірленушілер, т.б.) тілдесіп, тергеуге қажетті ақпарат жинау, жүйелендіру.

  2. Ұйымдастыру-басқару әрекеті – кәсіби тапсырманы орындау кезінде адамдарды басқару, оларды ұйымдастыру, олардың іс-әәрекеттерін реттеу.

  3. Әлеуметтік әрекет – қылмысты ашу, алдын алу, түзету шараларын қолдану .

Көрсетілген тергеуші әрекетінің түрлері бөлек кездеспейді. Күнделікті жұмысында әрбір тергеуші өз міндеттерін орындау барысында барлық функциялардың мәні мен мазмұнын игеруі қажет.

Тергеуші қызметі – ауыр қызмет. Жұмыс барысында әртүрлі жағдайлар тууы мүмкін. Оларды психологтар тергеу жағдайлары деп атап, мынадай түрлерге бөледі:

  1. Алгоритмикалық жағдай. Бұл жағдайда тергеуші әрекеті дәйекті болады, тергеуші өз әрекетін алдын ала ойластырылған дайын құралдар мен тәсілдер көмегімен жүргізеді. Жұмысын жоспарлап, жобалап, тәсілдерін алдын ала ойластырып, жұмысын дайындап алған бағдарлама (алгоритм) бойынша атқарады.

  2. Мәселелі жағдай. Бұл жағдай төтеншеге жақын болады. Мәліметтердің, уақыттың жетіспеуі тергеушіге жоғары талап қояды. Бұл жағдайда оның жоғары белсенділігі, ойлау, шығармашылық қабілеттері, психофизиологиялық қасиеттері толығынан ашылуы қажет.

Тергеуші қылмыс ашу кезінде көптеген күрделі психологиялық сұрақтарды, мәселелерді шешуге міндетті болады. Психолог тергеушіге келесі мәселелерге байланысты жәрдем көрсетуі мүмкін:

  1. қылмыстық-құқықтық сұрақтарға жауап іздестіру;

  2. қылмыстың субъективты жақтарын айқындау – қылмыс мотивы, себебі, жасау механизмы, мақсаты мен орындау жолы;

  3. қылмыскер жайлы психологиялық ақпарат дайындау;

  4. тергеу барысында психологиялық сұрақтарды шешу, нұсқау беру.

Психолог білімі тергеу кезінде мынадай жағдайларды пайдалы болады:

  1. жобаларды (версияларды, жорамалдарды) қарастыру;

  2. тергеу ретін жоспарлау;

  3. дәлелдемелерді іздестіру және бекіту;

  4. сезіктілерді, айыпкерлерді, жәбірленушілерді, күәгерлерді, т.б. адамдарды психологиялық жағынан тексеру;

  5. жаза шараларын талдау;

  6. тергеуге маңызды ақпарат жиыстыру;

  7. қылмыскерліктің алдын алу;

  8. қылмыскерлерді түзету, қайта тәрбиелеу және әлеуметтендіру.

Сонымен, құқық саласындағы психолог міндеттері жан-жақты, күрделі және маңызды болып табылады. Психологқа қойылатын талаптар да көп және ауыр . Оларға лайықты болу үшін, өз міндеттерін дұрыс орындау үшін сихолог өз маманына сәйкес білімдерімен ғана шектелінбей, өмірдің басқа салаларында да хабардар болғаны жөн болады.

Біріншіден, заңшығару саласында күн сайын көптеген өзгерістер болып жатады. өмірдің, уақыттыңталабына сай заңдардың саны, мазмұны, мағынасы өзгеруде. Осы өзгерістедрен психолог хабардар болғаны қажет.

Екіншіден, жаңа заң жобасы бекітілген кезде психолог кеңесші ретінде өз үлесін қосады.

Үшіншіден, әлеуметтану, қоғамтану қағидалары, ережелері мен негізгі компоненттері туралы психологтың білгені жөн. Қоғамның әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын білмеген психолог құқық қорғау органдарына толығынан көмек көрсете алмайды.

Төртіншіден, тергеу жағдайында психологиялық ауытқулар, бұзылыстар, ақыл-ой кемістігі, психопатиялар, т.б. кеселдер жиі кездесуде. Бұл жағдайда тергеуші дәрігер, психиатр және психолог көмегіне жүгінеді. Осындайда психолог өзінің кәсіби ікірін айтып, психологиялық сараптарға қатысып, қортынды шығарады.

Бесіншіден, қоғамдағы болып жатқан экономикалық құбылыстар құқықтық жағдайцға күрделі ықпалын тигізеді. Сондықтан психолог экономикалық салаға байланысты әртүрлі ақпаратқа ие болуы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]