
- •Isbn 9965-526-77-х
- •I тарау коллоидты жүйе
- •§1. Коллоидты жүйе туралы түсінік
- •§2. Меншікті бет
- •§3. Дисперсті жүйенің жіктелуі
- •II тарау беттік құбылыстар мен адсорбция
- •§ 1. Беттік керілу
- •§ 2. Фазаның жанасу шегіндегі бос энергия
- •§3 Адсорбциялық құбылыстың жалпы сипаттамасы
- •Адсорбция ↔ десорбция
- •§ 4. Катты дене газ шегіндегі адсорбция
- •§ 5. Адсорбция изотермасы
- •§ 6. Сұйық – газ жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 7. Қатты дене – сұйық жанасу шегіндегі адсорбция
- •§ 8. Адсорбция түрлері мен теориясы
- •III тарау молекула - кинетикалық қасиеттер
- •§1 Броундық қозғалыс
- •§2 Диффузия және флуктуация
- •§3 Осмос қысымы
- •IV тарау коллоидты системаларды алу және тазалау
- •§ 1 Коллоидты – дисперсті системаларды алу
- •§2 Коллоидты системаларды тазарту
- •V тарау коагуляция және тұрақтандыру
- •§ 1 Коллоидты ерітінділердің коагуляциясы
- •§2 Ұю кинетикасы
- •§ 3 Коллоидтардың тұрақтылығы
- •§ 4 Ұюдың түрлері
- •VI тарау құрылымдану және микрогетерогенді жүйе
- •§1 Құрылымдану және реология
- •§ 2 Суспензиялар
- •§ 3 Эмульсиялар
- •§ 4 Көбіктер
- •§ 5 Аэрозольдер
- •VII тарау коллоидты баз
- •§1 Коллоидты баз түрлері
- •§2 Коллоидты баз ерітінділерінің қасиеттері
- •§3 Тұрақтандыру және солюбилизация
- •§4 Коллоидты ерітінділер
- •Коллоидты жүйелер
- •4.2. Коллоидты бөлшектер дисперстілігі
- •4.3. Диспергирлеу әдісі
- •4.4. Еріген зат бөлшектерін ірілендіріп коллоидты
- •4.4.1. Коллоидты ерітінділерді химнялык конденсация жолымен алу.
- •4.4.3. Коллондты ерітінділерді химиялық жолмен алуга мысалдар
- •4.5. Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы
- •§ 5 Коллоидты ерітінділердің оптикалық қасиеттері
- •5.1. Турбидиметрия. Рэлей теңдеуі
- •5.2. Ультрамикроскоптық әдіс
- •5.3. Нефелометриялық әдіс
- •§ 6 Коллоидты ерітінділердің тұтқырлығы
- •VIII тарау. Лабораториялық жұмыстар
- •Хроматографиялық адсорбция
- •Коллоидтық химия бойынша ұсынылатын лабораториялық жұмыстар тізімі
- •Тест тапсырмалары
- •11 Вариант
- •13 Вариант
- •Қосымша кестелер
- •1,3,4 Крандар; 2 бюретка Бақылау сұрақтар
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сұрақтар
- •Колоидты системалардың электрлік қасиеттері мен мицелла құрылысы
- •Коллоидты системалардың тұрақтылығы және коагуляциясы
- •Коллоидты системаларды тұтқырлығы және анықтау
- •Қолданылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Қ. Ж. ЕСТЕКОВА, Г.С. САХАТОВА
КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Қ. Ж. ЕСТЕКОВА, Г.С. САХАТОВА
КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ
(ОҚУ ҚҰРАЛ)
Ақтөбе - 2009
УДК 378 (075.8) : 544
ББК 24.6 я 7
Е 85
Естекова Қаншаиым Жорабаевна, Сахатова Гюльнара Санкешевна
КОЛЛОИДТЫ ХИМИЯ (оқу құралы) 2009 ж, 275 бет
Оқу құралы жоғарғы оқу орнындағы химия және химия- биология, химия-экология, экология, химиялық технология, мұнай және газ мамандықтарында кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған.КР МЖ МБС 3.08.262-2006 Ресми басылым КР Б!л!м жэне Гылым Министрл!г!,Астана,2006ж. жэне типт!к багдарламасы нег!з!нде курылган
ISBN 9965-526-77-Х
Пікір жазғандар:
1.Нұрлыбаев И.Н.- Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, т.ғ.д., профессор.
2.ТемироваА.М.-Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, жаратылыстану факультетінің деканы, б.ғ.к., доцент.
Коллоидты химия оқу құралында тақырыптарға теориялық түсінік пен қатар есеп мысалдар, студенттердің өздігінен шығаратын есептер, бақылау сұрақтар және сонымен қатар және сол тақырыптарға арнап лабораториялық жұмыстар қарастырылған. Аралық бақылау сұрақтары мен тесттер берілген.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттың оқу-әдістемелік Кеңесі отырысында мақұлданып, ғылым кеңестің шешімі бойынша баспаға ұсынылған. (24 маусым, №5 хаттама, 2009ж )
Isbn 9965-526-77-х
Е 1701000000
00 (05) -09 © Естекова Қ. Ж
Сахатова Г.С.
Қаншайым Жорабаевна Естекова, Гюльнара Санкешевна Сахатова
Коллоидты химия
(оқу құрал)
Баспа табаға 15,0.таралымы 500 дана
Ата-анамыз: Жорабай, Үрзада,
Сәнкеш , Тасқираға арнаймыз
АЛҒЫ СӨЗ
Коллоидты химия пәні жоғарғы оқу орнында химия және жалпы инженер мен медицина мамандықтарының курстарында мемлекеттік стандартқа сәйкес жүреді. Оқу құралында коллоидты химия пәніне стандартты бағдарламаға сәйкес, тақырыптар бойынша теориялық түсінігі беріліп, көбінесе орыс тілінде жазылған әдебиеттер пайдаланылды. Семинар сабақтарында шығаратын есептер және есеп мысалдар келтірілген. Студенттердің өздігінен шығаратын есебі мен сұрақтар берілген. Бұл пәннен және де лабораториялық сабақтарда студенттер теорияны біле отыра оны, практика жүзінде эксперименттер жасайды. Экспериментті приборлармен жұмыс жасауды үйренеді. Коллоидты химия пәнінде дисперстілікті және беттік құбылысты, коллоидты ерітінділерді олардың жай ерітінділерден ерекшеліктерін (әр түрлі агрегатты күйдегі жанасу шегіндегі, меншікті алатын орынды, бетті), коагуляцияны, седиментация, пептизация, адсорбция, абсорбция процестерін, мицелланы қарастырады. Олардың кинетикалық оптикалық, электрлік қасиеттерін түсіндіріледі.
Лабораториялық жұмыста техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек. Дайын болған жағдайда ғана жұмысқа рұқсат етіледі. Материалдың теорииясын алдын ала білу қажет. Бұл әдістемелік оқу құралында тақырып бойынша қысқаша теориялық түсінік беріледі, сонымен қатар жұмыстың мақсаты, құрал жабдықтар, жұмыстың жүру жолы есептер мен жаттығулар және бақылау сұрақтар енгізілген.Таблицалар мен схемалар да қарастырылған. Мемлекеттік тілде жазылған бұл оқу құралының өзіндік орны бар.
Эксперимент түрінде алынған мәліметтерді, нәтижелерді есептеулер арқылы қорытындылап көрсетеді. Соңында жұмыстың есебін тапсырады. Коллоидты химия пәнінің есептерін шығарумен қатар, студенттер лабораториялық жұмыстарды жасауда теориялық білімдерін практика жүзінде жетілдіріп, ой - өрістерін кеңейтеді. Бұл пән барлық бейорганикалық, органикалық химиямен, физикалық химия, физикамен, биологиямен, математикалық жолдармен есептеуде тікелей байланыста болып, бірін-бірі толықтырып отырады. Жаңа инновациялық технология оқу жүйесінде студенттердің өздігінен жұмыс жасауына көп көңіл бөлінуде. Соның бірі студенттердің білімін тексеруде, бақылау жұмысында тест сұрақтарын компьютор арқылы қабылдау. Көрнекі құралдар мен сурет, схемаларды, диаграммаларды, күрделі формулаларды электронды оқу құралымен көрсету және түсіндіру. Бұл еңбектің коллоидты химия пәнін мемлекеттік тілде оқитын студенттерге көмегі тиері сөзсіз.