- •Мазмұны:
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері........ 4
- •Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау .................................................................................................... 13
- •Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
- •1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
- •1.2. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні
- •Шағын бизнес ерекшеліктері
- •2. Қазақстандағы шағын бизнестің даму жағдайын талдау
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы дамыған шағын бизнестің қазіргі жағдайы
- •Кесте 1 - Залал шеккен кәсіпорындар саны
- •. Қазақстандағы шағын бизнесті дамытудағы потенциялды салалар
- •2.3 Шағын бизнесті дамытудың проблемалары
- •3. Шағын бизнесті дамытудағы проблемаларды шешу жолдары және дамудың перспективті бағыттары
- •3.1 Шағын және орта бизнесті дамытудағы проблемаларды стратегиялық даму негізінде шешу
- •3.2 Кластерлік жүйе шағын бизнесті дамытудың негізгі перспективті бағыты
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік-бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым дегенге келді.
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті,өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды,сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды.Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Кисней сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжып, бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресустарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады.Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып,тәуекелге барды.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар , ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті.Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
Өз бойына әділеттік бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері керек,қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек.Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен құнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарпайым емес,дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
