- •Мазмұны
- •Қазақстан республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау ........................................................................19
- •1.Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
- •1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
- •1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық аспектілері
- •1.3 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің ерекшеліктері
- •2. Қазақстан республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
- •2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалуын талдау
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қорытынды
1.Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Бюджет – мемлекеттің заңмен немесе жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітілетін, мемлекет өз міндеттерін қамтамасыз етуіне арналған және салықтар, алымдар, басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер, салыққа жатпайтын және заң актілерінде көзделген өзге де түсімдер есебінен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде өіне тән объективті сипаты бар. Оның дербес бөлу сала ретінде бар болуы дамуы орталықтандырылған сәйкес ресурстарға мұқтаж болатын қоғамдық өндіріспен алдынала объективті анықталған /1/.
Ақша құралдарының орталықтануы барлық халық шаруашылығы масштабындағы қорлардың іркіліссіз айналымын ұйымдастыру және экономиканың барлық салаларының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі үшін қажет.
Айрықша бюджеттік саланың құндылық бөлінуінің бар болуы тағы табиғат пен мемлекет функцияларымен шарттасылған. Соңғысы тез қарқынмен дамып жатқан салаларды қаржыландыру үшін, қоғамдық масштабта әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс саласындағы мәселелерді шешу үшін, мемлекеттік басқарудағы жалпы шығындарды өтеу үшін орталықтандырылған қаражаттарды қажет етеді. Сол сияқты мемлекеттік бюджеттің бар болуы - адамдардың субъективті қалау емес, ол кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктерімен, табиғат және мемлекет функцияларымен анықталған объективті қажеттілік.
Мемлекеттік бюджетте мемлекетпен жүзеге асырылатын қаржылық орталықтандыру қағидасы нақты қолданған. Орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекеттің өндірілетің жоспарланған қарқынын және үйлесімділігін, салалық және территориялық құрылымын дамытуға, бірінші кезекте экономика салаларының прогрессивті дамуына қажетті мөлшердегі қаржыларды қалыптастыру, ірі әлеуметтік жаңғыртуларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылардың орталықтанылуы арқасында мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатының табысты жүзеге асуына жағдайлар дайындап, қаржылар экономикалық және әлеуметтік дамудың шешімді телімдерінде шоғырланады.
Қаржылық қайта бөлудің ерекше бөлімі ретінде мемлекеттік бюджет өзіндік қоғамдық арнаулы қызметін атқарады – жалпы мемлекеттік қаржыларды қанағаттандырады/2/.
Бюджет қатынастары арқасында ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету және қоғамдық өндірістің салалық және территориялық құрылымдардағы жоспарланған жылжытуларға жетумен байланысты өндірісті дамыту шығындары өтелінеді; жалпы мемлекеттік масштабтағы резервтік қорлар құрылды; өндіріске қатысты емес, жалпы басқару шығындары өтелінді; ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбекке жарамсыздарды асырауға арналған қорларды құруға кеткен шығындар, мемлекет шекарасын қорғауға кеткен шығындар, Қорғаныс күштерін асырауға, интеграцияның және басқа да дамуларға кеткен шығындар іске асырылады.
Біз көріп отырғанымыздай, мемлекеттік бюджет қаржылық қатынастардың аңықталған жиынтығы ретінде жалпы қаржы категорияларына тән сипаттарға ие болады: бюджеттік қатынастардың бөлу сипаты; әрқашанда ақша түрінде іске асырылады; қалыптастыру және арнаулы ақшалай қорлармен еріп жүреді. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет құндық бөлудің өзіндік саласы ретінде келесімен сипатталады:
Мемлекет қолындағы кері өнім құны бөлшегінің және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлу қатынастарының экономикалық түрі болып табылады;
Құндылық тұтынуға кіретін өндірістік емес саланың қаржыларын және құру мен құнның өндірістік тұтынуымен байланысты қоғамдық қызмет салаларымен, экономика секторларымен, ел территорияларымен, халық шаруашылығы салалары арасындағы құндылықтарды қайта бөлуге бағытталған;
Қоғамдық өнімнің тауарлы түріндегі қозғалысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі айырудағы бөлудің құндылық сатысын білдіреді. Сол уақытта материалды өндірісте және өндірістік емес саладағы қаржылық қатынастар тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады;
Қоғамдық өнім құнының бюджеттік бөлу түрлері және пропорциялары қоғам дамуының әрбір кезеңінің алдында мақсаттармен жалпы кеңейтілген қайта өндірудің қажеттіліктермен анықталады;
Бюджеттік бөлу саласы қаржы-несие жүйесінің басқа салаларымен салыстырғанда алдыңғы қатарда жүріп, орталық орынды алады.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда.Ол жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Мемлекеттік бюджет орталықтандырылған және облыс, аудан, қала бюджеттерінен тұратын жергілікті бюджет болып бөлінеді.Нысаны бойынша мемлекеттік бюджет баланс сияқты болып келеді. Оның кірісті бөлігіне салық, салықтық емес түсімдер жатады, ал шығысты бөлігіне-әлеуметтік қызметтерге кеткен шығындар, шаруашылық қажеттіліктері (кәсіпорындарға дотациялар, субсидиялар,мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін кеткен шығындар), мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын қамтамасыз етуге кеткен шығындар,мемлекеттік қарыз бойынша төлемдер және т.б /3/. Мемлекетте салық салу шарттарын қою мүмкіндігі бар болғандықтан, ол жалпы сұраныс пен ұсыныстың көлеміне белсенді әсер ете алады.
Мемлекеттік баланс концепциясы барлық мемлекеттік шығындар мен кірістердің сомаларының теңдігін қарастырады.Алайда тәжірибеде бюджеттің шығысты бөлігі кіріс мөлшерінен асады. Ең бастысы екеуінің арасы өте алшақ болып кетпеу керек. Көбінесе дефицитті немесе тапшылықты жабу көздерін ішкі және сыртқы қарыз деп бөледі. Сыртқы қарыз көмегімен жабылатын жалпы тапшылық қаражаттарды қолдануды жоспарлаумен байланысты бағаланады. Елдің ішінде шығындарды үлкейтуге бағытталған сыртқы қарыз мемлекет экономикасына ынталандырушы әсер етеді. Егер де сыртқы қарыз шетелде шығындардың өсуіне әкелсе, онда ол ішкі сұранысқа әсер ете алмайды.
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рольді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін,өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегировалық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегировалау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған құн мөлшері табылады, табыс салығы үшін – салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б. /4/.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы,салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді /5/. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын.
Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады.Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі.
Мемлекет табыстарына қарағанда өкіметтік шығындарды болжамдауда олардың деңгейін анықтау мүмкіндіктері аз (тек жай ғана экономикалық қатынасқа сүйене отырып). Бұл мемлекеттік шығындар бойынша шешім қабылдау процесінің саяси табиғатының салдары болып табылады. Бірақ та шығыстардың экономикалық классификациясының шегінде кейбір негізгі көрсеткіштердің эндогенді анықтамаларын қарастыруға болады.Мысалы: несие бойынша пайыз төлемдері олардың мөлшерімен және мемлекеттік қарыздың көлемімен анықталады. Қайтарымсыз төлемдер (трансферттер) экономикалық іс-әрекет деңгейімен қатынаста қарастырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк бақсарудың бюджеттiк қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын құрайтындар келесілер болып табылады: - Қазақстан Республикасының Президентi; - Қазақстан Республикасының Парламентi; - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi; - Қазақстан Республикасының Үкiметi; - экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; - бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; - бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; - iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган; - мәслихат; - жергiлiктi атқарушы орган /6/.
Қазақстан Республикасының Президентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджеттi әзiрлеу және оның атқарылуы туралы есеп беру тәртiбiн айқындайды; Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ереженi бекiтедi, оның құрамын айқындайды; Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттiк бюджет енгiзу туралы шешiм қабылдайды және оны әзiрлеу тәртiбiн айқындайды; мемлекеттегi жағдай мен республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының бюджет саясатының негiзгi бағыттарын айқындайды; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес құрады және ол туралы ереженi бекiтедi; Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемi мен бағыттары жөнiнде шешiмдер қабылдайды;Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептердi бекiтедi; Бюджеттік Кодексте көзделген жағдайларда тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекiтедi; Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Парламентi бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республикалық бюджеттi, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi бекiтедi; Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi; Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламентке жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi бюджеттiк қатынастарды peттeу саласында: республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi; iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен бiрлесiп емлекеттiк қаржы бақылауының стандарттарын әзiрлейдi, сондай-ақ оларды бекiтедi және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады; республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асырады; төтенше мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; бақылау iс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады /7/.
Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатының жобасын әзiрлейдi; тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлейдi және оларды қарауға Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi; бюджеттiк кредиттеудi жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттiк қатынастарды реттеу саласында: республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының жобасын әзiрлейдi; басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастырады; байланысты гранттарды тартуға басымдығы бар өтiнiмдердiң тiзбесiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметiне бекiтуге енгiзедi; бюджеттiк инвестициялар мен байланысты гранттардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзедi; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
