- •4.1Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •4.2Ұйымдастыру іс-шаралары
- •4.3 Техникалық іс-шаралар
- •4.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •4.3.2 Жасанды жерге қосуды есептеу
- •4.3.3 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •4.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •4.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •4.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
- •4.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •4.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •4.4.4 Өндірістік дірілден және шудан қорғау
- •4.5 Өртке қарсы іс-шаралар
4.4.4 Өндірістік дірілден және шудан қорғау
Шудың, дірілдің және инфрадыбыстың жұмысшыларға әсер етуіне байланысты жұмыс орындарының маңында, мезгілді демалуға және профилактикалық процедуралар жүргізуге арналған бөлмелер қарастырылуы қажет.
Плазмалық технологияларға арналған бөлмелерді жобалаған кезде:
бір жұмысшыға 1 м2-тан кем емес және еденнің ең төменгі нүктесінен 3,5 м-ден кем емес бөлменің биіктігі есебінде, жабдықталмаған алаңның болуын қарастыру;
қабырғасы мен төбесі ультракүлгін сәулені жұтатын, жанбайтын перфорирленген материалдан қорғаныс жабындысы бар дыбысты жұтатын қаптауы болуы керек. Жабдықтың дыбыс жұтатын қорғаны болмаса, қаптау биіктігі 2,7 м-ден кем болмауы керек.
4.5 Өртке қарсы іс-шаралар
Пісіру жұмыстарын жүзеге асырғанда ұшқыннан жене балқыған металдың, қождың тамшыларынан, шілтер алауын абайсыз пайдаланудан (егер пісірушінің жұмыс орнының жанында жанғыш материалдар болса) өрт шығу қаупі бар.
Өрт шығу қаупін болдырмау үшін келесідей өртке қарыс шараларды орындау қажет: өртке қауіпті немесе тез тұтанатын материалдарды пісіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде сақтауға болмайды. Және де өндірістік ғимараттың ішінде майлы заттар, қағаздар немесе ағаш қалдықтары болса, пісіру жұмыстарын жүзеге асыруға болмайды. Майлы, бензин, кереосин және басқа да жанғыш сұйықтықтардың дақтары бар қолғап пен киімді пайдалануға болмайды. Электр кернеуі бар аппараттарды, қысыммен тұрған сұйыққойма-ларды пісіруге тиым салынады.
Қолмен өрт сөндіру құралдарына: көбікті, көмірқышқылды, көмірқышқыл-бромэтилды және ұнтақты жатады.
ОХП-Ю көбікті өрт сөндіру құралы химиялық көбікпен өртті сөндіреді. ОУ-2 көмірқышқылды қолмен өрт сөндіру құралы кернеумен тұрған электрқондырғылардағы (ауасыз жанатындардан басқа) өртті сөндіруге арналған. Көмірқышқыл-бромэтилды қолмен өрт сөндіру құралы ыстық қатты және сұйық металдарды, және де кернеумен тұрған электрқондырғылардағы өртті сөндіруге арналған. Ұнтақты қолмен өрт сөндіру құралы жанып тұрған үлкен емес щелочты металдарды және кремнийорганикалық қосылыстардағы өртті сөндіруге арналған.
