Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3 ауіпсіздік жне ебек орау блімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.03 Кб
Скачать

4.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау

Электрдоғалы және газбен пісіру мен кесу жұмыстарына тек жасы 18-ден үлкен, теориялық білімі бар, арнайы дайындықтан өткен, техника қауіпсіздігі ережелерімен танысқан, пісіруші күәлігі бар адамдар ғана жіберіледі.

Барлық пісірушілер еңбекті қорғау нұсқаулығынан өту қажет. Нәрлендіру көздерінің өткелдерінің арасындағы арақашықтық 0,8 м-ден кем болмауы керек. Пісіру трансформаторлардың арасындағы арақашақтық 1 м-ден кем болмауы керек. Пісіру трансформаторын тоқ реттегішінің үстіне орналастыруға тиым салынады. Егер электрпісіру жабдықтары мен пісіру орнының үстінде шатыр болмаса, онда электрпісіру жұмыстарын жаңбыр мен қар жауғанда жүргізуге тиым салынады. Электрпісіру жұмыстары жүогізілетін жердің ылғалдылығы жоғары болса, онда пісірушінің астында құрғақ ағаш немесе диэлектрлік төсеніш болу керек. Егер пісіруші пісіру орнынан бір себептермен кетсе, барлық пісіру жабдықтарын өшіріп кету керек. Электрпісіру жұмыстарын жүзеге асырғанда әр пісірушінің өзінің қалқаншасы (пісірушінің бетін жарық және ультрофиолеттік сәлелерінің әсерінен және балқыған металдың шашырауынан қорғау үшін қажетті құрал), қолғабы (пісірушінің қолын балқыған металдың шашырауынан және жоғары температурадан қорғайды), пісірушінің киімі отқа төзімді және электрөткізгіштігі төмен материалдардан, ал аяқ киімі теріден болу керек.

4.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар

Өндірістік санитариясы – бұл жұмысшыларға кері әсер ететін өндірістік факторлардан қорғайтын гигиеналық санитарлық-техникалық және ұйымдастыру іс - әрекеттері мен соларға қажетті заттардың жүйесі. Қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуде қауіпсіздік ережелері мен зертханалық санитария нормалары маңызды роль атқарады.

Еңбек гигиенасы және мәдениеті, рационалдық жарық беру, вентиляциялық құрылғылар, электроқауіпсіздік, шу және вибрациямен күрес, өрт қауіпсіздігі және т.б. қажетті еңбек жағдайын қамтамасыз ету мәселелері осы бөлімнің ұдайы назарынан шықпау керек.

Еңбекті қорғаудың барлық мүмкін болатын әдістерін келесідей төрт топқа классификациялайды:

– еңбек өндірісін ұйымдастыру;

– кәсіпорын құрылымы;

– технологиялық үрдістер және жабдықтар;

– жеке тұлғалық қорғау.

Еңбек жағдайларын жақсарту аталып өткен топтардың шараларының комплексті түрде жүзеге асырылуын талап етеді.

Өндірісте еңбекті ұйымдастыру еңбектің ғылыми ұйымдасуын, персонал таңдауды, жұмыс пен еңбек уақытын регламентациялауды, жұмыстың дұрыс өткізілуін, еңбек дисциплинасын, стандарттардың қойылуын, қауіпсіздіктің техникалық нормативтерін және гигиеналық нормативтерді, қауіпсіздік ережелері мен инструкциялардың жасалуын қарастырады.

Жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауын бақылау мақсатында комиссиялар рейдтері жүргізіледі. Комиссия мүшелеріне келесілер кіреді: еңбек қорғау бөлімінің жұмысшылары және басқа да зертхананың мүшелері.

4.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету

Пісірушіні электр тогынан қорғау үшін келесі шарттар орындалуы керек:

  • Пісірілетін бұйым мен доғаның қоректену корпусын сенімді жерлендіру;

  • Жерлендіру контурын кері сымға қоспау;

  • Электродұстағышты сенімді оқшаулау;

  • Құрғақ және берік арнайы киімде және қолғапта жұмыс істеу керек (пісірушінің аяқ киімінің астында металл шегелер болмауы тиіс)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]