- •4.1Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •4.2Ұйымдастыру іс-шаралары
- •4.3 Техникалық іс-шаралар
- •4.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •4.3.2 Жасанды жерге қосуды есептеу
- •4.3.3 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •4.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •4.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •4.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
- •4.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •4.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •4.4.4 Өндірістік дірілден және шудан қорғау
- •4.5 Өртке қарсы іс-шаралар
4.3.2 Жасанды жерге қосуды есептеу
Кернеуі 380 В болатын электр желісінен пісіру аппаратының үш электр қондырғысы үшін нәрлендіру көзін аламыз, электр тоғымен соғудан сақтану мақсатында № 1 және № 2 электр қондырғылары қарастырылған. Жерге байланысты электр қондырғысының сыртқы қорабының кернеуін анықтау және оның № 3 электр қондырғысының сыртқы қорап кернеуінің шекті рұқсат етілген шамасымен салыстыру, қосымша қорғаныс шараларын қажет болғанша ұйымдастыру.
Мұндағы, R1=4,0 Ом
R2=3,5 Ом.
4.1-сурет. Үш электрқондырғының электр сұлбасы
Тапсырманы орындау үшін эквивалентті сұлбаны құрастырып қолдану керек. Электр қондырғыларының жалғасуының эквивалентті сұлбасы өшірілу қабілеттілігіне есептеме жұргізіледі, № 3 электр қондырғысының бір фазасында қысқа тұйықталу орын алса, онда тоқ нөлінші фазада болады, сондықтан нөл мен фаза арасындағы кернеу 220 В-қа тең болады.
Электр сымның қарсылық әсері R2 және R1 -ден тұрады, R2 және R1 =>
I3
= U/ R1+
R2 =
220/4
29,3
(A)
UR2 нүктесіндегі кернеу, яғни R2 қарсылық күші:
UR2 = R2• I3 = 3,5 (Ом) • 29,3 (А) = 102,55 (В). № 3 электр қондырғысы-ның сыртқы қорабының бір фазалы қысқа тұйықталу болғанда, тоқ күші 29,3 A, ал кернеу 102,55 B-қа тең болады. № 1және № 2 электр қондырғылары-ның кернеулерін есептеу үшін тура сол эквивалентті сұлбаны пайдаланамыз. Ом заңы бойынша I=U/R, мұндағы R сымының толық қарсылығы, ол R=R1+R2 R= 4+3,5 = 7,5 Ом, ал кернеу 220 В, сондықтан UR1=I•R1=29,3•4=117,2 B.
4.2-сурет.
Электр қондырғылардың жалғануының
эквивалентті сұлбасы
№ 1және № 2 электір қондырғыларының кернеулері 117,2 В болады. Бұл шамалардың рұқсат етілген шамаларға сәйкестігін тексереміз. Адамның электр қондырғыларының сыртқы қорап фазалық кернеуімен жанасу уақыты бір секунд болса, рұқсат етілетін тоқ күш шамасы Iрұқ=50 мА болады. Орташа шыдамдылық кернеуі 1000 Ом болады. Ал рұқсат етілетін кернеу келесі жолмен есептелінеді: Uрұқ= Iрұқ.R = 50•10-3•103 = 50 B болады. Осы мәліметтер бойынша қауіпсіздік шаралары толықтай адам қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан келесі шараларды қосымша қорғаныс шаралары есебінде ұсынылады.
Электр қондырғысының сырқы қорабының кернеуін азайту мүмкін емес, деседе қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында электр қондырғысының сыртқы қорапшасындағы қысқа тұйықталу режімінің ұзақтығын қысқарту керек. Бұл үшін электр қондырғыларының жанымен нөлдік сым жүргізіледі, оған электір қондырғысының металдан жасалған сыртқы қорабы жалғанады, міне бұл жерлестіру тәсілі болып есептеледі.
4.3.3 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
Пісірушілердің оқу шеберханасының көлемінде зиянды заттардың, жылудың және ылғалдылықтың біркелкі емес таралуын ескере отырып,ауа шығынын есептеумен анықталады. Ауа алмасудың еселігі бойынша желдеткішке кететін ауа шығынын анықтауға болмайды.
Бірқатар заттардың организмге бір бағытта әсер етуі туралы мәліметтер болғанда, жалпы алмасулы желдеткіштің есептеуін ауаның ластануын ескере отырып,әрбір затты жеке-жеке, оның концентрациясының мүмкіндік шегіне дейін ерітуге қажет ауа шығынын қосу жолымен есептеп шығарылу керек.
Желдету мен ауаны кондиционерлеу жүйелерінің қабылдағыш саңылаулары және табиғи ауа келетін вентиляция арқылы ғимараттарды ішіне түсетін ауадағы зиянды заттардың концентрациясы жұмыс зонасындағы ауаның деңгейінің мүмкіндік шегінен 30 % тен аспауы керек.
Қауіптілік кластары әртүрлі зиянды заттар бөлінетін өндірістік немесе көршілес бөлмелерді бір ғимаратқа біріктіру кезінде, ең улы зиянды заттарды бөлетін бөлме үшін ұйымдастырылған ауа әкелетін сорғыштың басым болуы қарастырылуы керек.
