
- •4.1Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
- •4.2Ұйымдастыру іс-шаралары
- •4.3 Техникалық іс-шаралар
- •4.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
- •4.3.2 Жасанды жерге қосуды есептеу
- •4.3.3 Сору-тарту желдетуін ұйымдастыру
- •4.3.4 Механикалық жарақаттардан қорғау
- •4.4 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар
- •4.4.1 Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғау құралдарымен қамтамасыз ету
- •4.4.2 Метеорологиялық шарттарды қамтамасыз ету
- •4.4.3 Жасанды жарықтандыруды ұйымдастыру
- •4.4.4 Өндірістік дірілден және шудан қорғау
- •4.5 Өртке қарсы іс-шаралар
4 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
Дипломдық жобаның бұл бөлімі «С.Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі» негізінде Қазақстан Республикасының Заңдарына сүйеніп жазылған:
а) Еңбек кодексі, 2007 жыл 15 мамырдағы № 251
ә) 16 қаңтар 2009 жыл № 14 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар техникалық регламенті»
4.1Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы
Электрпісіру жұмыстары ең қауіпті жұмыстар категориясына жатады, сондықтан пісіру жабдықтарын қолдануға үлкен шарттар қойылады. Электропісіру жұмыстарын жүргізгенде көбінесе пісірушінің электр тоғымен зақымдалуы, қожды ваннаның бетімен және электр доғасынан сәулеленуі, күйіктер, зиянды газдармен және шаңмен улануы, биіктікте жұмыс істегенде апаттар орын алады. Қауіпті жағдай туындамау үшін (газбен тұншығу, электр тоғымен зақымдану қаупі және т.б.) бұл шарттарды бұзуға болмайды.
Пісіруші электрпісіру жұмыстарын жүзеге асырғанда 24 В-тан 220/380 В-қа дейін кернеумен және 1000 А-ден жоғары тоқ күшімен жұмыс істеуге мәжбүр болады. Газбен пісіру және кесу кезінде қолданылатын газдар (оттегі және жанар газдар) пісірушінің жұмыс орнына сығылған түрде, көп жағдайда үлкен қысыммен беріледі. Ауамен немесе оттегімен араласқан жанар газдардың кез келген ұшқыннан, ашық жалыннан, қыздырылған денеден және басқа жылу импульстерінен жарылғыш қаупі бар. Кең пайдаланылатын ацетилен газы оттегі мен ауа болмаса да жарылуы мүмкін. Ацетилен газы алынатын ацетилен генераторлары жұмыс орында үлкен қауіп туғызады. Қауіпті және зиянды келесі шарттар қарастырылды:
қауіпті және зиянды өндірістік факторлар сараптамасы;
ұйымдастыру іс-шаралары;
техникалық іс-шаралар;
санитарлы-гигиеналық іс-шаралар;
өртке қарсы іс-шаралар.
4.2Ұйымдастыру іс-шаралары
Оқу шебері – студенттер арасындағы жарақаттар немесе кездейсоқ жағдайларға жауапты. Студенттер бұрын пісіру аппаратымен жұмыс істемегендіктен және пісіру процесін көрмегендіктен техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау толық және шеберханадағы жұмысты толық қамтуы керек.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды жүргізгенде оқу шебері жарақатқа әкеліп соғатын қауіптерді айтады: электр тогының соғуы,доға сәулесінің көзге және теріге зияны, тыныс алу жолдарының және жүйке жүйелерінің қауіпті газдан және будан пайда болатын аурулар,балқыған металдың ұшқындарынан болатын күйіктер. Жарақат алудың себептері қарастырылады. Мысалы,студенттерге – ток соғу тек қана 220,380 В кернеулі өткізгішті ұстағанда ғана емес,сонымен қатар пісіру тізбегінің 60-70 В кернеулі тізбектеде болады.
Студенттер электр тогымен соғудан қорғайтын ережелерді білу керек.
4.3 Техникалық іс-шаралар
4.3.1 Электрқауіпсіздігін қамтамасыз ету
Желі ішіндегі жоғары кернеу мен тоқ күші. Бұл факторлардың қауіптілігі – электр тоғымен зақымдалудың үлкен қаупі бар. Ол адамның кейбір мүшелері мен бүкіл денесін зақымдауы мүмкін. Электр тоғымен зақымданған адамның тыныс алу жүйесі тарылып, жүрегі тоқтауы мүмкін. Бұл жағдай адам өліміне алып келеді.
Электрпісіру жұмыстары кезінде балқытып пісіруге, кесуге және балқытып қаптастыруға арналған пісіру тоғының бірпосттық нәрлендіру көздерінің арасындағы өтпелердің ені 0,8 м-ден кем емес, көппосттық нәрлендіру көздерінің арасындағы өтпелердің ені 1,5 м-ден кем емес, ал бірпосттық және көппосттық нәрлендіру көздерімен қабырға арасындағы арақашықтық 0,5 м-ден кем емес болу керек.
Пісіру тоғының реттегішін пісіру трансформатының жанына немесе үстіне орнатуға болады. Пісіру трансформатырын пісіру тогының реттегішінің үстіне орнатуға тиым салынады.
Егер электрпісіру жабдықтары мен пісіру орнының үстінде шатыр болмаса, онда электрпісіру жұмыстарын жаңбыр мен қар жауғанда жүргізуге тиым салынады.
Егер электрпісіру жұмыстары өндірістік ғимараттың ішінде жүргізілсе, онда пісірушінің жұмыс орны басқа жұмысшылардың жұмыс орындарынан биіктігі 1,8 м-ден кем болмайтын жанбайтын экрандармен бөлінуі керек.
Егер электрпісіру жұмыстары ылғалды жерлерде жүргізілсе, онда пісірушінің астында құрғақ ағаштан жасалған немесе диэлектрлік төсеніш болуы керек.
Электрпісіру жұмыстарын жүзеге асырғанда пісірушінің және оның көмекшілерінің әрқайсының өзінің қорғану құралдары болуы керек: қорғаныш каска (электр тоғын өткізбейтін материалдардан жасалуы керек), қалқанша (пісірушінің бетін, көзін жарық және ультрафиолет сәулелерінен және де балқыған металдың шашырауынан қорғайды), қолғабы, арнайы киімі, теріден жасалған аяқ киім.
Электрпісіру жабдықтарының қауіпсіздігін – қорғаныш қоршауды пайдалану, кернеуі бар электр жабдықтарын немесе оның элементтерін жерлестіру қамтамасыз етеді. Жерлестіру – электр жабдықтарын болт көмегімен жерлестіру сымына жалғау арқылы жүзеге асырылады.
Электр қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін нәрлендіру көздерінің автоматты қондырғыларын пайдалану қажет. Олар нәрлендіру көздерін доға өшкеннен кейін 0,5 с өткен соң өшіреді.
Нәрлендіру желісімен байланысқан электрлі тізбектердің оқшаулау кедергісі мОм-нан кем болмауы қажет. Төмен кернеулі аппаратураны қолданумен екіншілік тізбектің оқшаулау кедергісі 0,5 мОм-нан төмен емес қалпында ұстау керек. Әрбір күрделі жөндеуден кейін және 15 тәулікке тоқтап қалған жағдайдан соң, сыртынан шолу, іске қосу қүрылғыларының тексеру, жерге қосқыштардың және кабельдердің оқшаулау кедергісінің өлшемдерінің дұрыстығын тексеру жұмыстарын жүзеге асыру қажет.