
- •Бағдарламасы
- •Бағдарламасы
- •Тәрбие жұмысының әдістемесі практикасы
- •2. Тәрбие жұмысының әдістемесі практиканың мақсаты:
- •3.Тәрбие жұмысының әдістемесі практиканың міндеттері:
- •3.Тәжірибе мазмұны
- •4. Тәрбие жұмысының әдістемесі практикасын ұйымдастыру
- •Студент-практиканттың тәжірибе кезіндегі игереуге тиісті біліктер мен шеберліктер:
- •5.Тәжірибені басқару және бақылау әдістері
- •6.Тәжірибенің қорытындыларын рәсімдеу тәртібі және үлгілері
- •Тәрбие практикасы жөнінде жазбаша есеп беру үлгісі
5.Тәжірибені басқару және бақылау әдістері
Студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру мен оқу-әдістемелік басқаруда университет жағынан кафедра жүзеге асырады.
Кафедра тәжірибенің оқу-әдістемелік дайындығын жүзеге асырады, басқарушы-оқытушыларды тағайындайды, тәжірибесінің басталуы алдында студенттердің ұйымдастыру жиналысын өткізеді және қажетті құжаттармен (бағдарлама, күнделік, тәжірибеге жолдама, т.б.) қамтамасыз етеді.
Тәжірибенің қорытындысы бойынша өтетін аттестация бекітілген талаптарға сәйкес жазылған жазбаша түрдегі есеп пен тәжірибе басшының пікірі негізінде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы бойынша баға (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық) қойылады.
Студенттің міндеттері:
-тәжірибе өтетін орынға тәжірибенің басталуына байланысты бекітілген мерзімде келу;
- атқаратын жұмыстарға жауапкершілікпен қарау;
-бекітілген форма бойынша күнделікті әрдайым жүргізу және тәжірибені өту туралы есептер жазып жүру;
- ішкі тәртіп ережесін бұзған студент-практиканттарға практика өткен жердегі бөлім бастықтары шара қолдана алады. Бұл жөнінде студенттің университетте әрі қарай білімін жалғастыру туралы мәселені шешу үшін кафедра мен университет ректорына хабарлау қажет.
Тәрбие жұмысының әдістемесі практикасының бағдарламасын орындамаған немесе есебін қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент тәжірибені қайтадан 2-рет өтуге жіберіледі немесе ЖОО-нан шығарылады. Қанағаттанарлықсыз баға алған немесе есепті тапсырмаған жағдайда студент өз есебінен тәжірибеден қайта өтеді. Тәжірибені қайтадан өту мерзімін деканат студенттік каникул кезінде өтеуге рұқсат береді.
6.Тәжірибенің қорытындыларын рәсімдеу тәртібі және үлгілері
Күнделікті жүргізу және тәжірибе қорытындыларын рәсімдеу.
Әрбір студент бірінші күннен бастап, 1 күнгі істеген жұмыстарын жаза отырып, күнделік жүргізеді. Күнделікте студенттің қай күні, қай жерде болғаны көрсетілуі керек. Күнделіктен жұмыстың мазмұны, өз бетімен жұмыс жүргізілді ме және мүмкіндігінше, жұмыстың көлемі көрінуі қажет. Күнделік сиямен ұқыпты толтырылады. Тәжірибе басшысының басшылығымен өткен әрбір жұмыс күн сайын күнделікке жазылуы тиіс және ол басшының қолымен расталады. Жұмыс орнындағы жұмыс аяқталғасын тағайындаған тәжірибе басшысы студенттің практикалық дағдылары қаншалықты игергендігін тексеріп, күнделікке баға қойып, студент жұмысы бойынша өз ескертпелерін жазады.
Тәжірибе аяқталған соң күнделік тәжірибе басшысының тәжірибе есебіне тіркеледі. Кафедраға есеп күнделіксіз қабылданбайды.
Б. Тәжірибе бойынша есеп құру.
Студент-практикант тәжірибе нәтижелері бойынша есеп жазады. Бұл есеп тәжірибені өту барысында барлық бөлімдер бойынша дайындалады және тәжірибенің аяқталу мерзіміне қарай бәрі аяқталып, есеп жазылу керек.
Есеп кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен қосымшадан тұрады. Қажет болған жағдайда негізгі бөлім жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін.
В. Тәжірибе бойынша есепті қорғау және оның қорытындыларын бағалау.
Студент педагогикалық-кәсіби тәжірибесін аяқтаған соң пікір алу мен қорғау үшін кафедраға есебін тапсырады. Барлық қосымша құжаттармен есеп кафедраға тапсырылады. Есеп қорғау кафедрада құрылған комиссия алдында қорғалады. Есеп пен оны қорғау 4 баллдық жүйемен бағаланады.