Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koldanbaly biologiya7 Lekciya.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342.02 Кб
Скачать

Ірілігіне қарай топырақ бөлшектерін топтарға бөлу

Кесте 1

Бөлшектердің диаметрі (мм)

Бөлшектердің аты

3 мм – ден ірі

топырақтың тас бөлігі

3 мм – ден 1 мм – ге дейін

ірі құм

1 мм – ден 0,25 мм – ге дейін

орташа құм

0,25 мм – ден 0,05 мм – ге дейін

уақ құм

0,05 мм – ден 0,01 мм – ге дейін

ірі шаң (не лесс тәрізді фракция)

0,01мм – ден 0,005 мм – ге дейін

орташа шаң

0,005 мм – ден 0,001 мм – ге дейін

уақ шаң

0,001 мм – ден уақ

тозаң

Топырақтарды механикалық құрамына қарай топқа бөлу

Кесте 2

Тайгалық (орманды) топырақ үшін

Дала, шөлейт және топырақтары мен сары және қызыл топырақтар үшін

Саз (0,01 мм – ден уақ бөлшектер) пайыз есебімен

Топырақтың механикалық құрамы бойынша аты

Саз (0,01 мм – ден уақ бөлшектер) пайыз есебімен

Топырақтың механикалық құрамы бойынша аты

80 пайыздан көп

Ауыр саз

80 пайыздан көп

Ауыр саз

80-50

Орташа және жеңіл саз

80-60

Орташа және жеңіл саз

50-40

Ауыр саздақ

60-45

Ауыр саздақ

40-30

Орташа саздақ

45-30

Орташа саздақ

30-20

Жеңіл саздақ

30-20

Жеңіл саздақ

20-10

Құмдақ

20-10

Құмдақ

10-5

Байланысты құм

10-5

Байланысты құм

5 пайыздан аз

Борпылдақ құм

5 пайыздан аз

Борпылдақ құм

2. Топырақтың органикалық бөлігі. Көптеген топырақтың жоғарғы қабаты қоңыр немесе қара түсті болып келеді, ал бұл олардың қарашірігі (гумус) болып табылады.

Топырақ қарашірігі негізінен негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің қалдықтарының қоспасынан тұрады. Қарашіріктің түзілуіне жергілікті жерлердің климат ерекшеліктері, топырақ микроорганизмдері, адамзат әрекеті де үлкен әсер етеді.

Түрлі топырақта қарашірік мөлшері де түрліше болады. Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ салмағының жүзден бір бөлігіндей (1 процент шамасында) болса, екінші біреулерінде оннан бір бөлігіндей (10 процент шамасында), кейде одан да көбірек болады. Мысалы, еліміздің европалық бөлігінің аса құнарлы қара топырағының құрамындағы қарашірік мөлшері 12-13 процентке дейін жетеді, ал Орта Азия және Қазақстан жерінің сұр топырағында оның мөлшері 0,6-0,8 проценттен аспайды.

Органикалық заттардың шіруінде микроорганизмдер – бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар үлкен міндет атқарады.

Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Өсімдіктер өніп-өсу барысында топырақтан сумен бірге қоректік заттарды алады, ал бұл қоректік заттардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады.

Кейбір шіру процестері тек аэробты немесе анаэробты бактериялар қатысуымен өтеді, соның нәтижесінде топырақта азот қышқылының тұздары құралады. Денитрификация –сол тұздарды ыдыратып, бос азоттың пайда болуы, ал бос азот ауаға араласып, өсімдікке бұйырмайды. Сондықтан бұл процестің өсімдікке пайдасы жоқ.

Азот ауадан тікелей топыраққа келуі мүмкін, оны азото-бактериялар, бұршақ өсімдіктерінің тамырында өмір сүретін түйнекті бактериялар тұтады.

Шірінді заттар өздерінің ыдырауы және минералдануы арқылы топырақтағы өсімдіктерге керек заттардың қорын толықтырып отырады.

Шірінділер топырақтың сулы, азотты, қоректік заттарды сіңіру қабілетін арттырып, оларды топырақтың төменгі қабатында шайылып кетуден сақтайды.

Шірінді заттар топырақтың жылу тәртібін жақсартып, топырақ температурасының құбылысын бәсендетеді.

Шірінді заттар өсімдіктердің жалпы дамуына, тамырларының өсуіне қолайлы әсер етеді.

Топырақтың ең негізгі пайдалы қасиеті-оның құнарлылығы болып табылады, тек құнарлы топырақтарда егілген дақылдардан ғана мол да сапалы өнім алуға болады.

Бақылау сұрақтар:

  1. Топырақтың механикалық құрамы

  2. Топырақтың

классификациясы

  1. Топырақтың құрылымы (микро, макро, мегақұрылымын)

  2. Топырақтың органикалық бөлігі.

  3. Топырақтың қарашірігі.

  4. Денитрификация

Лекция 6. Топырақтың структурасы

Жоспар:

  1. Топырақтың структурасы

  2. Топырақ су формалары

  3. Топырақтың ауа режимі

1. Топырақтың механикалық элементтері бір бірімен жабысып әртүрлі шамадағы түйірлер (комки) құрауы мүмкін. Осы, топырақты қопсытқан кезде пайда болатын түйірлер, агрегаттар, оның құрылымы (структурасы) деп аталады.

Табиғи жағдайда механикалық элементтер жеке-жеке немесе бір-бірімен түйірлерге, агрегаттарға біріккен түрде қалыптасады. Бұл агрегаттардың өлшемдері әртүрлі болады: 100 мм-ден кішілері-(глыба), 0,25-10 мм – макроагрегаттар, 0,25 мм-ден кішілері – микроагрегаттар деп аталады.

Агрономиялық жағынан тек суда ажырап кетпейтін агрегаттар бағалы деп саналады. Олар суға төзімді агрегаттар деп саналады. Олардың ішінде өлшемі (шамасы) 1-3 мм болғандары аса бағалы саналады. Бірақ 0,25-100 мм диаметрдегі структура жалпы дұрыс, жарамды деп бағаланады.

Агрономиялық көзқарас бойынша топырақ структуралы және структурасыз болады.

Структуралы топырақта сулық, ауалық және жылулық режимдер жақсы үйлеседі де, биологиялық процестердің дұрыс жүруіне жақсы жағдай туады.

Структуралы топырақ өңдеу, жыртудан кейін кесектеліп қалмай тез үгіліп кетеді.

Структурасыз топырақ суды нашар сіңіреді, жаңбырдан немесе суғарудан кейін тығыздалып өңдеуге ауыр болып қалады, ауа қысылып шығып кетеді де анаэробтық процестерге жол ашылады, судың, ылғалдың капиллярлық көтерілуі жүреді, тұзданып кетеді. Бірақ жоғары агротехниканы пайдаланған жағдайда осындай топырақтарда да жақсы өнім алуға болады. Топыраққа структура беруде органикалық тыңайтқыштардың және шөптесін өсімдіктер егудің маңызы зор (тығыз тамыр торларының әсері). Бұл жерде мелиорация негізгі роль атқарады.

Структуралы топырақтың жылылық қасиеттері жақсы болады. Онда өсімдіктер үшін пайдалы микроорганизмдер жақсы өседі. Мұндай топырақтың минералды бөлігі оңай үгілетін болғандықтан, өсімдіктерге қажетті қоректік заттар оңай бөлініп шығады.

Қандай топырақта болмасын структура құру үшін оның қарашірігін көбейту және оны кальцийге қанықтыру керек. Кальцийге қанықтыру үшін қышқыл топырақтарда известь (әк), ал сілтілі (мысалы сортаңдарда) топырақтарда гипс қолданылады.

Топырақты көңмен тыңайтып тұру керек, ауыспалы егістерге біржылдық және көпжылдық астық-тұқымдас, бұршақ тұқымдас шөптер танабын енгізу, құм топырақтарда люпин және сераделла егу керек. Бұршақ тұқымдас шөптер топырақты кальций мен азотқа, ал барлық-бұршақ және астық тұқымдас шөптер топырақты қарашірікке байытады.

Топырақты уақтылы өңдеу. Өңдеу құралдарына жабыспайтын, орташа дымқылды кезінде жыртуға керек.

Структуралы егістік-егіс мәдениетінің көрсеткіші. Топырақтың структуралылығы өнімді арттырады және оны тұрақты етеді.

2. Топырақ суы - топырақ қыртысының әр түрлі минералдық тұздарға бай сұйық. Құрлықтардағы топырақ суының жалпы қоры 16,5 мың км2. Топырақ суын ауыз суы ретінде, не шаруашылық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Топырақ суы-өсімдіктер әлемінің негізгі қорегі, өсіп жетуіне қажет су көзі.

Құм топырақтар салмағының 4-10 процентін, құмайт, құмды саздардың 10-30 процентін, саз топырақтардың 25-30 проценттен астамын топырақ суы құрайды. Топырақ суының мөлшері ауа райына, жыл маусымдарына сәйкес өзгеріп отырады. Топырақ сулары мынадай түрлерге бөлуге болады:

1) кристаллизациялық және конституциялық ылғал (химиялық байланысты су),

2) қатты су (мұз, тундрада)

3) Бу тәрізді (топырақ ауасындағы су булары)

4) Мықты байланысқан (гигроскопиялық ) ылғал

Бұл физикалық байланыстағы су, топырақ бөлшектерінің бетінде, жұқа пленка (2-3 молекула) құрап адсорбциялық күштерарқылы (дипольдік қасиет) бекіген.

3. Топырақтың ауа режимі –топырақта ауа мөлшері мен құрамының мезгілі (тәулік, ай, жыл бойы) өзгеруін сипаттайтын ауа қоры. Топырақтағы ауа бос күйінде адсорбциялы, абсорбциялы және ертінді түрінде болады. Өсімдіктерде бос күйіндегі және абсорбциялы ауа тиімді. Ауаның жақсы алмасуы топырақтағы органикалық заттардың аэробты шіруіне тікелей әсер етеді.

Сонымен қатар ауа өсімдік тамырлары мен тотығу процестерінің өтуіне қажет. Топырақ ауасының құрамында атмосфераға қарағанда азот, оттек (тиісінше -75-78 және 15-19 %), СО2 көптеу (0,3-2,7%)- ал ауада 0,03% болады. О2 мен СО2 –ден басқа топырақ ауасында органикалық заттар шірігінде түзілетін Н2S,CH4,H2P, NO2 , NO3 газдары болады. Микроорганизмдердің тіршілігі және өсімдік тамырының «тыныс алуы» нәтижесінде бөлініп шығады. Ол өсімдіктің көмір (С) қорегінің көзі және фотосинтезге қатысады. О2 өсімдіктердің «тыныс алуына» және микроорганизмдердің тіршілігіне керек. Өсімдік тамырлары 1 г құрғақ органикалық зат синтездеу үшін 1,5 мг оттек пайдаланады. Топырақта қолайлы ауа режимін жасау үшін агротехникалық, мелиорациялық шаралар және органикалық тыңайтқыштар қолданады.

Бақылау сұрақтар:

  1. Топырақтың структурасы

  2. Топырақтың су формалары

  3. Топырақтың ауа режимі.