Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Koldanbaly biologiya7 Lekciya.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342.02 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «мирас» университеті

«Химия және биология» департаменті

«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері»

пәні бойынша күндізгі және сырттай оқу формасындағы

050113-Биология мамандығының студенттеріне арналған

ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ

Шымкент-2011

УДК:

ББК :

Құрастырушы: б.ғ.к., Ахметов Б.А.

«Қолданбалы биология және топырақтану негіздері» пәнінен 050113-Биология мамандығының студенттеріне арналған лекция жинағы. Шымкент «Мирас» университеті, 2011.

Пікір жазғандар: а.ш.ғ.д., Алимбеков С.С.

Әдістемелік нұсқау департаменттің мәжілісінде талқыланып бекітілді.

№ 5 хаттама 05.12.2011 ж.

Департамент бастығы Атымтайқызы А.

«Педагогика» институтының әдістемелік Кеңесімен мақұлданған.

№5 хаттама 08.12.2011 ж.

Лекция № 1 Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi

Жоспар:

1. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты

мен мiндетi

2. Топырақтану ғылымның негiздерi, басқа ғылымдармен байланысы

1. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты студенттерге теориялық және практикалық бiлiм беру, ауыл шаруашылығы салаларымен таныстыру, басқа ғылымдармен байланысын түсiндiру. Келешек мұғалiмдер үшiн қолданбалы биология және топырақтану негiздерiн оқыту, олардың табиғаттану ғалымдары мен танысудың негiзгi бiр бөлiгi. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсы барлық биология, химия т.б. ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл келешек мұғалiмдер үшiн маңызы зор. Педагогикалық профильдегi биологтар үшiн қолданбалы биология және топырақтану негiздерiн оқып бiлу, мектеп жанындағы тәжiрибе участоктарында жұмыстарды ұйымдастыруға қажеттi бiлiмдермен қаруландырады, тәрбиелi мәнi бар ғылыми жұмыстарды жүргiзу әдiстерiн үйретедi.

Қазiргi кезде ауылшаруашылығының өнiмдерi халықтың әл-ауқатын көтеретін, тамақ,жеңіл өнеркәсіптердің негізгі шикізат көзі болып отыр. Сол себептен ауылшаруашылық өндірісін оқып үйренудің маңызы зор.

Бұл жасалып отырған бағдарлама студенттердi қазiргi кездегi ғылыми негiздегi ауыл-шаруашылық өндiрiс системасына үйретедi. Топырақтану, жертану, агрохимия, өсiмдiк шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдардың байланысымен таныстырады. Ауыл шаруашылғының дамуында ғылымның маңызын оқытады

Қазақстан республикасында ауыл шаруашылығы өнiмдерiнің ерекшелiгiн үйретедi.

Ауыл шаруашылығы туралы бiлiм студенттер үшiн мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге, мектеп жанындағы участоктерде ғылыми негiзде тәжірибелер жүргiзуде, факультативтiк сабақтар өткiзуге, биология, химия сабақтарын өткiзуге қолданбалы биология және топырақтану негiздерi пәнi туралы бiлiмнiң маңызы зор.

Курстың мiндеттерiне төмендегiлердi жатқызуға болады:

  • ауыл-шаруашылық өндiрiс систематикасына үйрету;

  • топырақтану, жертану, агрохимия, өсiмдiк шаруашылығы, химия, экономика т.б. ғылымдардың байланысымен таныстыру;

  • студенттерды мектепте оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге, факультатив сабақтарды өткiзу.

2. Топырақ – негізі және алмастыруға болмайтын ауылшаруашылығы өндірісінің құралы. Ол өсімдіктерді сумен, минералдық қорек элементтерімен қамтамасыз етеді және оған өсімдіктердің өсуі, дамуы және өнімі тәуелді.

Топырақ туралы ғылымның жасаушысы Василий Васильевич Докучаев болды.Ол топырақтың мәнін тұңғыш рет дұрыс түсініп, оған мынадай сиппатама берді: топырақ дегеніміз табиғаттың ерекше денесі, оның өсімдік, жануарлар немесе минералдар тәрізді өзіне тән ерекшелігі бар; түрлі жағдайларда түрлі топырақтар пайда болады; олар уақытқа байланысты өзгереді; топырақ құнарлығын адам меңгере алады, оны үздіксіз арттыра алады.

Топырақты топырақ тану ілімі зерттейді. Топырақ тану – бұл, табиғи дене, өндіріс құралы, және еңбек заты болған топырақ туралы ғылым болып, ол топырақ құрамын, қасиетін, даму тегін, дамуын, географиялық -таралуын, оны тиімді пайдалануды зерттейтін ғылым.

Топырақтанудың негізгі салаларына топырақ генезисі, геохимиясы, топырақтың физколлоидтық және биологиялық химиясы, биологиясы, физикасы, гидрологиясы,географиясы жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi курсының мақсаты мен мiндетi.

2. Қолданбалы биология және топырақтану негiздерi басқа ғылымдармен байланысы.

3.Топырақтану пәнін оқытудың ауыл шаруашылығы өндірісіндегі маңызы.

4. Топырақтанудың негізгі салалары.