- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
Norton Commander диалогтік қоршамы
Norton Commander диалогтік қоршамы, Peter Norton Computing фирмасымен құрастырылған және MS DOS операциялық жұмыс істеуге арналған танымал бағдарлама-қоршамдардың біріне жатады.
Norton Commander бағдарлама дестесі бағдарлама-қоршамдар класына жатады. Бағдарлама - қоршам дегеніміз модульдерінің бірі резидентті деп аталатын, компьютердің оперативті жадында тұрақты сақталатын және қолданушы енгізген қандай да бір функциялардың орындалуы үшін жадының бос облыстарына дискіден қажетті орындаушы модульдерді жүктейтін бағдарлама.
Norton Commander бағдарлама-қоршамы компьютерді басқаруды әлдеқайда жеңілдетеді, себебі командаларды және оның параметрлерін енгізу процесі берілген менюден мүмкін мәндерді таңдау арқылы немес сәйкесінше функционалдық пернелерді басу арқылы орындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Norton Commander бағдарлама дестесі компьютер арқылы ақпарат алуға, дискінің каталогтарын ағаш түрінде бейнелеуге, файлдар мен каталогтарды іздеуге, мәтіндік файлдарды редакциялауға, архивтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Norton Commander ортасында жұмыс жасаудың негізгі принциптері
Дестемен жұмыс жасау барысында ақпарат екі түрлі экран бетіне шығады: ақпараттық және диалогтік. Ақпараттық терезе дегеніміз – бүкіл экран бетіне орналасқан терезе, ең бастысы ол есептеуші жүйенің әр түрлі құрылымдары туралы ақпарат алуға арналған.
Диалогтік терезе дегеніміз – десте бағдарламаларын басқаруға және әр түрлі басқарушы ақпарат (мысалы, файлдардың көшірмесін алу, ағымдағы дискіні ауыстыру терезелері) енгізуге арналған.
Norton Commander операциялық қоршамында компьтерді басқару:
Ғ1-Ғ10 функционалдық пернелері арқылы;
«ыстық пернелер» арқылы;
басқарушы меню арқылы;
командалық жолға командаларды енгізу арқылы;
тышқан манипуляторы арқылы
Norton Commander-ді жүктегеннен кейін 2 панельден тұратын ақпараттық терезе шығады: оң және сол. Панельдің бірі активті болса, екіншісі пассивті болады. Курсор үнемі активті панельде орналасады. Бір панельден екіншісіне өту үшін TAB пернесін қолданамыз. Жинақтаушы жол ағымдағы файл немесе каталог туралы толық ақпараттан тұрады. Бір немесе бірнеше файлдарды ерекшелегенде мұнда олардың саны мен көлемдерінің қосындысы көрсетіледі. Командалық жол үнемі ағымды каталог жолын көрсетеді. Ағымды каталогты ауыстыру үшін қажетті каталог атауына курсорды орналастырып Enter пернесіне басамыз. Ағымдағы каталогтан шығу үшін каталогтар тізімінің жоғарғы жағында орналасқан екі нүктеге (..) курсорды қойып Enter пернесіне басу керек.
Бір файлды (каталогты) ерекшелеу үшін файл (каталог) атауына курсорды орналастырып Insert пернесіне басу керек. Файлдар (каталогтар) тобын ерекшелеу үшін Insert пернесіне баса отырып қажетті файлдарға біртіндеп курсорды орналастыру қажет. Қателескен жағдайда Insert пернесіне тағы да бір рет шерту керек.
Функционалдық пернелер қызметі:
Ғ1 – анықтама алу
Ғ2 – қолданушы менюін шақыру
Ғ3 – файлдың мазмұнын қарау
Ғ4 – мәтіндік файлды редакциялау
Ғ5 – файлдар мен каталогтардың көшірмесін алу
Ғ6 - файлдар мен каталогтардың орнын ауыстыру
Ғ7 – жаңа каталог құру
Ғ8 – файлдарды (каталогтарды) жою
Ғ9 – басқарушы менюін шақыру
Ғ10 – программадан шығу
Alt-Fl - Alt-Fl0 пернелер комбинациясы:
Alt+F1 – сол жақ панельдің дискісін таңдау
Alt+F2 –оң жақ панельдің дискісін таңдау
Alt+F3 – мәтіндік файлдың мазмұнын қарау
Alt+F4 – файлды альтернативті редактор көмегімен редакциялау, (егер F4 пернесін басқан кезде Norton Commander-дің кіріктірілген редакторы қолданылса, Alt+F4-ті басқан кезде сыртқы редактор және керісінше)
Alt+F5 – ерекшеленген фалдарды қысу (оларды архивке орналастыру)
Alt+F6 – файлдарды архивтен шығару
Alt+F7 –дискідегі файлдар мен каталогтарды іздеу
Alt+F8 – алдын-ала енгізілген командаларды қарап шығу және қайталап орындау
Alt+F9 – экрандағы жолдар саны
Alt+F10 –ағымдағы дискінің каталогтарын ағаш түрінде бейнелеуге арналған
Ctrl+F1 - Ctrl+F10 пернелер комбинациясы:
Ctrl+F1 – сол жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару
Ctrl+F2 – оң жақ панельді экраннан алып тастау немесе шығару
Ctrl+F3 – файлдарды ағымдағы панельде аты бойынша сұрыптау
Ctrl+F4– файлдарды ағымдағы панельде кеңейткіші бойынша сұрыптау
Ctrl+F5 – файлдарды ағымдағы панельде құрылу уақыты бойынша сұрыптау
Ctrl+F6 – файлдарды ағымдағы панельде өлшемдері бойынша сұрыптау
Ctrl+F7– ағымдағы панельде файлдарды сұрыптамау
Ctrl+F9 – ерекшеленген файлды немес файлдар тобын баспаға шығару
Ctrl+О – экраннан панельді алу/шығару
Ctrl+P – экраннан активті емес панельді алып тастау/шығару
Ctrl+U –панельдердің орнын ауыстыру
Ctrl+R – активті панельге дисководтағы дискета тақырыпшасын шығарады
Ctrl+L – оперативті және дискілік жадыдағы бос орынды анықтау
Ctrl+Q – мәтіндік файл құрамын қарауға, каталог туралы қысқаша ақпарат алуға мүмкіндік береді
Ctrl+\ - түбірлі каталогқа жылдам өту.
