- •Мазмұны
- •Информатика пәнi және мақсаты
- •«Информатика және ақпарат» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Есептеуiш техникасының даму тарихы
- •«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Санау жүйелері
- •«Санау жүйелері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Логика алгебрасы
- •«Логика алгебрасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Тьюринг машинасы
- •«Тьюринг машинасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютер архитектурасы
- •2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
- •Бағдарламалы басқарылу принципі
- •Бағдарламаны жадта сақтау принципі
- •Адрестелу принципі. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәртіппен жазуға немесе оқуға болады.
- •Принтерлер. Принтерлер көптеген қаріп (шрифт) түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді қағазға басып бере алады. Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік және сия бүріккіш түрлері бар.
- •«Компьютер архитектурасы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Алгоритмдеу негіздері
- •«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Бағдарламалық жабдықтама. Жүйелік бағдарламалық жабдықтама.
- •Қолданбалы деңгей бағдарламалары белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын бағдарламалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.
- •«Бағдарламалық қамтылу» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Ms dos операциялық жүйесі
- •«Ms dos операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Norton Commander диалогтік қоршамы
- •«Nc диалогтік қоршамы» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Операциялық жүйелер
- •«Windows операциялық жүйесі» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәтіндік ақпараттарды өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Word» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық кестелерді өңдеу құралдары
- •«Microsoft Office Excel» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Мәліметтер қоры және мқбж
- •«Мәліметтер қоры және Microsoft Office Access мқбж» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік ақпаратты қорғау мәселесі
- •«Ақпаратты қорғау» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Компьютерлік желілер
- •Интернеттегі қызмет түрлері
- •Броузер параметрлерін тағайындау. Программаның жұмысына қажетті параметрлерді тағайындау мынадай факторларға:
- •«Компьютерлік желілер» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Техникалық тапсырмалар
- •«Техникалық тапсырмалар» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электрондық үкімет
- •«Электрондық үкімет» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Электронды оқыту «e-learning»
- •«Электронды оқыту e-learning» тақырыбы бойынша тест сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі
2 Сурет. - эем архитектурасының жалпы сызбасы
Компьютер құрылымы дегеніміз оның функциональді элементтері мен олардың арасындаға байланыс жиыны.
Кең таралған архитектуралық шешімдер:
Классикалық архитектура (фон Нейман архитектурасы) – мәліметтер легі өтетін, бір арифметикалы-логикалық құрылғы (АЛҚ), бұйрықтар легі өтетін бір басқару құрылғысы (БҚ). Бұл бір процессорлы компьютер. Ортақ шиналы дербес компьютер де осындай архитектуралы топқа жатады. Мұнда барлық функционалды бөліктер бір бірімен жүйелік магистраль деп аталатын ортақ шина арқылы байланысады.
Көппроцессорлы архитектура. Компьютерде бірнеше процессордың болуы, мәліметтердің легі мен бұйрықтар легінің қатарынан көп болуын қамтамасыз ете алады. Бұл жағдайда бір есептің бірнеше фрагменті бірден орындала алады.
Көпмашиналы есептеуіш жүйе. Мұндағы есептеу жүйесіне енетін бірнеше процессорда ортақ жедел зерде емес, әрқайсысында өз жеке зердесі болады.
Параллельді процессорлы архитектура. Мұнда бірнеше АЛҚ бір БҚ басшылығымен жұмыс жасайды.
Компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері. Компьютерлердің басым көпшілігі 1945 ж. американ ғалымы Джон фон Нейман негіздеген төмендегі ортақ принциптер бойынша жұмыс жасайды.
екілік кодтау принципі;
бағдарламалы басқарылу прнципі;
бағдарламаны жадта сақтау принципі;
адрестік принципі.
Екілік кодтау принципі. Ақпараттарды екілік кодтауды қолдайды және ақпараттар сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді. ( Фон Нейман сандарды екілік жүйеде кодтау, операцияларды (арифметикалық және логикалық) екілік жүйеде берудің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын дәлелдеді).
Бағдарламалы басқарылу принципі
Бұл принцип бойынша компьютердегі бағдарлама командалар тізбегінен құралып, олар белгілі бір кезекпен автоматты түрде біртіндеп орындалу арқылы атқарылады. Бағдарламалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы мәліметтерді өзгерте отырып бір бағдарламаны бірнеше рет қайталап пайдалану болып табылады.
Бағдарлама компьютер жадынан командалар санауышы (счетчик ) көмегімен бір-бірлеп шақырылады. Процессор бір команданы орындап болған соң, санауыш регистрі адресті бірге өсіріп, келесі команданы шақырып орындайды және т.с.с. Командалар реттеліп бірінен кейін бірі орналасқандықтан, бағдарлама машина жадында қатар тұрған ұяларда сақталып, жылдам орындалады.
Егер бір команданы орындағаннан кейін келесі команда емес, компьютер жадының басқа бір жерінде тұрған команда орындалуы керек болса, шартты немесе шартсыз көшу командасы санауыштағы нөмірді керектісіне өзгертеді. Командаларды орындау бағдарлама соңындағы “соңы” командасына жеткенде тоқталады.
Бағдарлама осылай адамның қатысуынсыз автоматты түрде орындалады.
Бағдарламаны жадта сақтау принципі
Бағдарлама командалары компьютер жедел жадында сандар секілді сақталып, сандар сияқты өңделеді. Мәліметтер мен сандардың компьютер үшін еш айырмасы жоқ. Бір бағдарлама командалары басқа бағдарламаның нәтижесі ретінде шығарылуы мүмкін. Осы принцип негізінде трансляция тәсілдері — бағдарламалау тіліндегі командаларды нақты компьютер тіліндегі командаға түрлендіру жасалады.
Бағдарламалар мен мәліметтер жедел жадының кез келген жеріне жазыла береді, кейіннен оны берілген адресі бойынша алдыңғы мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
